Әрбір екінші қазақстандық жарнамаға сеніп не болмаса жұрттың кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдайды. Бұл жөнінде 17 ақпан күні Мәжілісте өткен үкіметтік сағатта ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті, - "біз әлеуметтік зерттеу жүргіздік, нәтижесінде әрбір төртінші қазақстандықтың антибиотиктерді бақылаусыз, әрбір екінші қазақстандықтың дәріні жарнама бойынша немесе достары мен көршілерінің кеңесі бойынша қабылдайтыны анықталды".
Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік банк жобасының аясында денсаулық сақтауды дамыту орталығы жанынан ақпараттық-талдау орталығы ашылған. Осы орталыққа жылына 26 мың азамат хабарласып, ақпарат алады екен.