«Іскерлік клубтың» кезекті отырысы
Осыдан екі апта бұрын "Іскерлік журналистика" клубы құрылғаны жайлы жазып едік. Бүгінгі жазба сол клубтың екінші дәрісі жайлы болмақ. Алғашқы дәріс туралы мына сілтеме арқылы оқысаңыздар болады. Өткен сенбі күнгі сабақта "Аудио-файл" жасауды үйрендік. Үйреткен әпкеміз әлде тәтеміз Назира Бурханова. Назира да бірдеңе біледі екен). Білгенін бізге үйретіп, білмегенін бізден сұрап дегендей. Ол кісінің айтары көп екен, берілген бір жарым сағаттың 1 сағатын артық сөйлеп толық үйретуге уақыты жетпей қалды. Келесі аптадағы бітпей қалғанын аяқтап, тағы да білгендерін бізбен бөліссе игі еді. Бұл әлі бастамасы ғана екен ескертіп кетеміз. Бұйырса жақын күндері өзіміздің жеке Экономиклық-сараптамалық сайтымызды іске қосамыз. Сол кезде іс насырға асқанын көре жатарсыздар. Бәлкім сол кезде Назираның арқ…