Сочи Олимпиадасы: Берестовский мен Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады
СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық фристайлшылар Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сочи Олимпиадасынан.
Олар екі біліктілік турниріне қатысып, біріншісінде, Сергей 16-орында, ал Бағлан 21-орында болды. Екіншісінде, олар сәйкесінше 11 және 13-орында тұрақтады. Әр турда финалға үздік нәтиже көрсеткен алғашқы алты спортшы өтеді. Екі турдың қорытындысы бойынша С. Берестовский 17-ші, Б. Іңкәрбек 19-шы орынға жайғасты.
Акробатика бойынша жарыстар квалификациялық және финалдық кезеңдерді қамтиды. Оның әрқайсысында спортшылар арнайы трамплиннен екі мәрте секіреді. Ақтық сайысқа аталған жарыстан ең жоғары балл жинағандар өтеді.
Автор: Руслан Ғаббасов

