Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ тілі-біздің рухани негізіміз...

Н.Назарбаев: Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз- оны барлық салада пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға балаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге міндет. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев.Адамды адам еткен- тіл. Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да құдіретті.тіл әрбір адамның бойына ана сүтімен дариды. Оның байлығы әр елдің мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Тіл- ананың ақ сүтінен бойға сіңген асыл қазынамыз, атамекеніміз. Әр адам баласы өз ана тілін қадірлеуге міндетті. Тіл- дархан даламыз секілді шексіз, шетсіз, ғаламат жеріміздей қасиетті, қазақтың пейіліндей кең, ақ, баба шежіресі си…

0
0
13686

Әскери міндет

Қазіргі уақытта ер азаматтарымызға тиіп отырған мәселенің бірі- әскерге деген көзқарастарының бұрыс болуы. Әр уақытта отанымызды қорғайтын ер азаматтарымыздың әскерге бармау себептері неде? Біріншіден, әскерге барып, уақытымды босқа өткізгенше, жұмыс істейін дейтіндер. Екіншіден, өлім оқиғасы, ұрып –соғу көп болып кетті дейді. Үшіншіден, біреудің жалғызы, бірінің тұңғышы, бірінің кенжесі деп ата-аналары да жібермей жатқаны аз емес. Төртіншіден, жігіттердің жұмыстарын жоғалтып алам деген қорқыныштары себеп болуы мүмкін. Әрине, қандай жұмыс беруші өз қызметкерін жыл бойы тосады? Әскери билеттері бар ерлердің ақысы жоғары жұмысқа орналасуларына мүмкіндіктері мол болса да, жұмысқа тұру оңай шаруа емес. Әскер деген –аз ғана жылдарын мемлекеттің есебіне беру, өмірге деген көзқарасынды өзгерту,…

0
0
2599

Браконьерлікке қарсы күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 15 ақпан күні Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының мамандары, «Охотзоопром» Өндірістік бірлестігінің инспекторлары және Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясының өкілдері бірлесіп, заңсыз аңшылықтың алдын алу және фактілерін анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізді.  Төретам кентінен солтүстікке қарай шамамен 15 километр жерде жүріп келе жатқан екі автокөлікті тоқтатты. Бір автокөлік тоқтамай, ізін суытып үлгерді. Тоқтатылған «Нива» маркалы автокөлікте Байқоңыр қаласының екі тұрғыны отырғаны анықталды. Тексеру барысында автокөлік ішінен ақбөкенге ұқсас 4  атылған жануар табылды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-74/

0
0
505

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасында тіркелген әскери атташелермен кездесу өтті

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік мемлекеттердің әскери атташелерімен кездесу болды. Іс-шара 2014 жылға арналған әскери-дипломатиялық корпуспен жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді. Кездесуде шетелдік әскери өкілдер Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ағымдағы қызметімен танысты. ҚР Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен конструктивті қарым-қатынас қалыптастыруға ұмтылып келеді. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту және біліктілігі жоғары әскери мамандар даярлау саласында қарқынды ынтымақтастық жасауға ерекше назар аударылады. - Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстан Республикасындағы өндірісті дамыту басымдыққа ие. Біз Эйрбас, Еурокоптер сияқты ірі әскери техника өндіруші компаниялармен ынтамақтық жасай…

0
0
444

ҚазҰУ-дың темір әйелі

Мойындау керек, соңғы жылдары президентіміз Н.Назарбаевтің гендерлік саясатының арқасында саясатта, түрлі кәсіпорындардың басқару бөлімдерінде іскер көшбасшы әйелдердің саны арта түсті. Солардың бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы міндетін атқарушы Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы. Қазақстанға еңбегі сіңген небір оқымыстылар мен ғалымдарды, ақындар мен жазушыларды шығарған, өз уақытында жазушы, академик Мұхтар Әуезов дәріс берген киелі факультетке басшылық жасау – кім көрінгеннің қолынан келе бермейтін үлкен шаруа. Әрбір кедергі, әрбір қателік тәжірибені іс жүзінде арттырып, іскерлік қабілетті шыңдай түседі. Өзінің өмірлік жолында түрлі кезеңдерді артқа тастап, сарқылмас тәжірибе жинаған Гүлмира Құдайбергенқызы көш…

1
0
1200

Алишер Қайратұлынан IPhone 5S

Күні кеше ҚазҰУ жастары қызықты кештің куәсі болды. Қазақ эстарадасында жаңадан жанып, енді ғана танылып келе жатқан жұлдыз Алишер Қайратұлы студенттер арасында лоторея ойынын ойнатты. Бірнеше студент-жастар ойынның нәтижесінде IPрhod ұтып алса, бас жүлдені, яғни ойынға тігілген IPhone 5S маркалы ұялы телефонға филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті Назым ие болды. Естеріңізге сала кетейік, бұдан екі апта бұрын «Алишер Қайратұлынан IPHONE ұтып ал!» атты хабарландыру жарияланып, ҚазҰУ студенттерінің арасында, әсіресе қыздардың арасында бас жүлдеге ие болғысы келгендер күрт көбейді. Лотореяға билет ұтып алу үшін түрлі әлеуметтік желілерде Алишер Қайратұлының фото-суретін, бейне-клипін немесе МP3 әнін жариялап, сол материялдарға «50 лайк» жинау керек болды. Ек…

1
0
1141

Сәйгүлік семантикасы

Егемен Қазақстан, 15.02.2014 Көркем бейнені бояу тілімен сөйлеткен суретші, кескіндемеші, Мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы-4» атты жеке көрмесі Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің музейінде ашылды. Автордың 50 туындысы қойылған көрме музейдің әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылған. Туындылардың барлығы 2006-2013 жылдар аралығында салынған екен. Атап айтқанда, «Арбау өлең", «Жасырынбақ-2», «Сыйлық", «Кен­таврдың ғашығы», «Жеткіншек», «Бай­­шұбар», тағы басқалар. Автор­дың әсіресе «Бәсіре» деп аталатын дүниесінің жөні бөлек. — Жылқы текті жануар ғой. Тілі жоқ демесең, бәрін түсінеді. Менің басқа суретшілерден ерекшелігім — жылқыны адам деңгейіне көтеріп, бейнелеуге талпынып келемін. Суретші Жеңіс Кәкенұлының туын­дылары 1988 жылда…

0
0
486

«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» — «1402»

«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» - «1402»

ІІМ жүйесінде заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» - «ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілді.

1
0
6075

Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының жекпе-жектерi басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының матчтық жекпе-жектерi басталды. Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс осымен төртiншi жыл өткiзiлуде. Турнирде британиялық боксшылар алғаш рет қатысуда. Бұның алдында командалық кездесулерге әр жылдары Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция құрамалары келiп, өзара жұдырық түйiстiрген болатын. Бокс сүйер қайым 19 ақпанға дейiн жалғасатын аталмыш матчтарды «Жастар» сарайында немесе Қазақстанның футбол федерациясының сайтынан онлайн режимде тамашалай алады. Бүгiн, 16 ақпанда Ресей-Өзбекстан, Ұлыбритания-Қазақстан матчтары өтедi. 17 ақпанда Ұлыбритания мен Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан өзара қолғап түйiстiрмек. 19 ақпанда Ұлыбритания Өзбекстанмен, Ресей Қазақста…

0
0
278

Сочи Олимпиадасы: 17 ақпанда Қазақстан намысын дебютанттар қорғайды

СОЧИ. ҚазАқпарат — Бүгін, 17 ақпанда Сочидегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тек фристайл-акробатика бойынша жарысқа шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Қазақстан атынан аталмыш жарыс түріне екі фристайлшы: Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек шығады. Отандастарымыздың 21 қарсыласы бар, оның төртеуі Беларусь Республикасының спортшылары. Сайыс «Роза Хутор» экстрим-саябағында өтеді. Акробатика жарыстары біліктілік кезеңі және ақтық сыннан тұрады. Оның әрқайсында спортшылар арнайы трамплиннен екі рет секіруі керек. Финалға ең көп ұпай жинаған спортшы ғана өте алады. Іріктеу кезеңінде жинаған ұпайлар финалда есепке алынбайды. Төрешілер әр спортшының ойын мәнерінің техникалық жағынан қозғалыс күші мен секіріп, одан жерге қонуына дейінгі аралығын бағалап, ұпай береді.…

0
0
630