Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ тілі-біздің рухани негізіміз...

Н.Назарбаев: Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.

Біздің міндетіміз- оны барлық салада   пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға балаларымыздың сандаған буынының  тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл өзін қадірлейтін әрбір адам дербес  шешуге міндет.  ҚР Тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаев.

Адамды адам еткен- тіл. Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да құдіретті.тіл әрбір адамның бойына ана сүтімен дариды. Оның байлығы әр елдің мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Тіл- ананың ақ сүтінен бойға сіңген  асыл қазынамыз, атамекеніміз. Әр адам баласы өз ана тілін қадірлеуге міндетті. Тіл- дархан даламыз секілді шексіз,  шетсіз, ғаламат жеріміздей қасиетті, қазақтың пейіліндей кең, ақ, баба шежіресі сияқты терең екені анық. Тілдің құдіреттілігі де сонда жатса керек. Оның қадір- қасиетін түсінген жан сол қазынаны ұрпағына құнын түсірмей жеткізгенді мақсат етпей ме? Тілдің иесі- кешегі қазақ, бүгінгі қазақтың ертеңгі ұрпағы. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Ертеңгі ұрпаққа тілді жеткізушілер біздің өскелең буын екенін ұмытпағанымыз жөн.

« Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі – тіл, бірі- ділің жүректегі»- деп Ж.Баласағұн айтқандай, көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындай ғана емес,  Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір пенде, мемлекеттік тіл – қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүйгені қажет. Мемлекет Басшысы өз сөзінде «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады», - деп болжам жасады. Лайым солай болғай!

0
0
13742

Әскери міндет

Қазіргі уақытта ер азаматтарымызға тиіп отырған мәселенің бірі- әскерге деген көзқарастарының бұрыс болуы. Әр уақытта отанымызды қорғайтын ер азаматтарымыздың әскерге  бармау себептері неде? Біріншіден, әскерге барып,  уақытымды босқа  өткізгенше, жұмыс істейін дейтіндер. Екіншіден, өлім оқиғасы, ұрып –соғу көп болып кетті  дейді.  Үшіншіден, біреудің жалғызы, бірінің тұңғышы, бірінің кенжесі  деп ата-аналары да жібермей жатқаны аз емес. Төртіншіден, жігіттердің  жұмыстарын жоғалтып алам деген қорқыныштары себеп болуы мүмкін. Әрине, қандай жұмыс беруші өз қызметкерін жыл бойы тосады? Әскери билеттері бар ерлердің ақысы жоғары жұмысқа орналасуларына мүмкіндіктері мол болса да, жұмысқа тұру оңай шаруа емес.

Әскер деген –аз ғана жылдарын мемлекеттің есебіне беру, өмірге деген көзқарасынды өзгерту, қатал тәртіп, санаулы уақытта шұғыл шешім қабылдай білу, жақсы мен жаманды ажырату, өмірдің қиыншылығына төзу, сабырлы болу, сенімі нық, өз елін, жерін қорғай білуді міндеттендіреді.  Жігіт, нағыз  жігіт болу үшін әскерге барғаны жөн. Отан алдындағы борышын атқару міндет. Әскер аса қатал өмір мектебі деп айтуға абзал. Жігіт әскерден не ширап ер болып қайтар, не қирап жер болып қайтар.

Әйел адамның тең жартысы әскерге баруды армандайды, мұндай керемет мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келеді. Ал, жігіттеріміз болса біреуі қорқып, біреуі қашқақтайды. Бүгінгі еліміздің ер азаматтары, біреудің ағасы, біреудің баласы мен әкесі - еліміздің бүгінгі қорғанышы. Елінің ұйқысын қорғап, тыныштығын сақтайтын азаматтарымыз әскерге барып, өз міндеттерін абыройлы  атқарса қуантарлық.

Мемлекетімізге ақшаның арқасында әскерден бұлтырап жүрген қоянжүрек, қорқақтар емес, ал нақ осындай шойындай шындалған қайтпас қайсар, намысқой, отаншыл, ержүрек, рухшыл, батыл да батыр ерлеріміз қажет.

   
0
0
2633

Браконьерлікке қарсы күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 15 ақпан күні Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының мамандары, «Охотзоопром» Өндірістік бірлестігінің инспекторлары және Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясының өкілдері бірлесіп, заңсыз аңшылықтың алдын алу және фактілерін анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізді.  Төретам кентінен солтүстікке қарай шамамен 15 километр жерде жүріп келе жатқан екі автокөлікті тоқтатты. Бір автокөлік тоқтамай, ізін суытып үлгерді. Тоқтатылған «Нива» маркалы автокөлікте Байқоңыр қаласының екі тұрғыны отырғаны анықталды. Тексеру барысында автокөлік ішінен ақбөкенге ұқсас 4  атылған жануар табылды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-74/

0
0
533

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасында тіркелген әскери атташелермен кездесу өтті

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік мемлекеттердің әскери атташелерімен кездесу болды. Іс-шара 2014 жылға арналған әскери-дипломатиялық корпуспен жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Кездесуде шетелдік әскери өкілдер Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ағымдағы қызметімен танысты.

ҚР Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен конструктивті қарым-қатынас қалыптастыруға ұмтылып келеді. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту және біліктілігі жоғары әскери мамандар даярлау саласында қарқынды ынтымақтастық жасауға ерекше назар аударылады.

- Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстан Республикасындағы өндірісті дамыту басымдыққа ие. Біз Эйрбас, Еурокоптер сияқты ірі әскери техника өндіруші компаниялармен ынтамақтық жасаймыз, еуропа және Түркия компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі армияны әскери-техникалық жарақтандыруға үлкен көңіл бөліп отыр, - деп шетелдің әскери өкілдермен кездескен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымов атап өтті.

Әскери атташелермен кездесуде Қорғаныс министрлігінің офицерлері баяндама жасады, олар халықаралық әскери ынтымақтастық саласындағы жұмыс туралы әңгімелеп, қонақтарды кәсіби негіздегі армия жасақтау тұжырымдамасымен таныстырды.

Бұдан басқа, кездесу барысында Қорғаныс министрлігі 2014 жылға жоспарлап отырған іс-шаралар талқыланды. Биылға жоспарланған ҚР Қарулы Күштеріндегі ірі оқиғалардың бірі – «КАDЕХ-2014» ІІІ халықаралық көрмесінің өткізілуі. Іс-шараға даярлық туралы әңгімелеген ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы генерал-майор Талғат Жанжүменов Қорғаныс министрінің атынан әскери делегацияларды мамыр айының соңына қарай Астана қаласында өтетін қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. «КАDЕХ-2014» шеңберінде қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіптік компаниялардың жаңалықтарымен танысып қана қоймай, оларға іскерлік келіссөздер жүргіу алаңы ұсынылатын болады.

- Бүгіні таңда 15 мемлекеттен 115 компания қатысуға өтінім берді. Өтінімдерді ресімдеу жөніндегі жұмыс жалғасуда. Биыл біз жаңа әзірлемелердің макеттері емес нағыз үлгілерін қоюды ұсынып отырмыз. Әлемдік өндірушілер көрмеде ғарыштық элементтерді, авиация қару-жарағын, зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін, құрлық әскерлері мен әскери-теңіз күштерінің қару-жарағын және техникасын, сондай-ақ байланыс құралдарын ұсынатын болады, - деп қосты генерал-майор Талғат Жанжүменов.

Өз кезегінде әскери атташелер Қазақстан Қарулы Күштерінің қарқынды дамып келе жатқанын және оның жақсы жарақталғанын атап өтті. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері жоғары ұрысқа қабілеттіліктерін халықаралық оқу-жаттығуларда дәлелдеп келеді. Барлық оқу-жаттығулардың қорытындылары бойынша қазақстан әскерінің сарбаздары мен сардарлары сарапшылар тарапынан жоғары баға алып келеді. «Дала қыраны-2013» оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальоны НАТО елдері қарулы күштерімен үйлесімді және бітімгершілік миссияларына қатысуға әзір деп танылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
476

ҚазҰУ-дың темір әйелі

Мойындау керек, соңғы жылдары президентіміз Н.Назарбаевтің гендерлік саясатының арқасында саясатта, түрлі кәсіпорындардың басқару бөлімдерінде іскер көшбасшы әйелдердің саны арта түсті. Солардың бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы міндетін атқарушы Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы. Қазақстанға еңбегі сіңген небір оқымыстылар мен ғалымдарды, ақындар мен жазушыларды шығарған, өз уақытында жазушы, академик Мұхтар Әуезов дәріс берген киелі факультетке басшылық жасау – кім көрінгеннің қолынан келе бермейтін үлкен шаруа.

Әрбір кедергі, әрбір қателік тәжірибені іс жүзінде арттырып, іскерлік қабілетті шыңдай түседі. Өзінің өмірлік жолында түрлі кезеңдерді артқа тастап, сарқылмас тәжірибе жинаған Гүлмира Құдайбергенқызы көшбасшылық қабілетті бойына сонау студенттік жылдарында жинай бастаған. Білім айдынына енді аяқ басқан жас студент белсенділігмен көзге түсіп, курстың камсоргы болып, ұйымдастыру және басқару жұмыстарына сол кездің өзінде араласа бастаған.

Өмірдегі қиын жағдайларда түрлі мәселелерді адамның қалай шеше алуы – мінез-құлықтың қандай болуына тікелей қатысты. Қандай қиын жағдайда болмасын жақсылықтан үмітін үзбейтін, күрмеуі қиын мәселелердің бел ортасында жүріп өзінің бар мүмкіндіктерін көре алатын, бір сантиметрден алға жылжып отыратын (Конфуций), оптимистік көзқарастан танбайтын Гүлмира Құдайбергенқызының мінез-құлқынан көшбасшылыққа тән барлық ерекшеліктер табылады. Кез-келген адам жақсы мінез-құлықтың және тереңдей инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы ғана біле аламыз. Іскерлікке тән мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке апарар төте жол екенін білген басшы әрқашан «Адалдық пен батылдықты, қарапайымдылықты» жоғары қояды. Яғни, қандай қиын кезеңде болмасын адамгершіліктен аттамау – көшбасшы Гүлмира Құдайбергенқызының басты ұстанымы.

Көшбасшылық жасау әркімнің қолынан келе бермейтін үлкен іс. Бұл жайында өз уақытында Еділ патша: «Біздің ұлт өмірлік дағдымен машық болып қалыптасатын көшбасшылық шеберлікті меңгеру үшін адалдық пен батылдықты қастерлеуге тиіс» - деп жазып қалдырған екен. Расында, адалдық пен батылдық ең ұлы қасиеттердің қатарында тұратынын және көптеген жетістіктерге жеткізетінін әлемнің ең ұл психологтары да мойындайды. Сонымен қатар, тарих қойнауында ең ұлы тұлғалар адалдық пен батылдықтары арқылы тарихта қалды. «Әкем көзі тірісінде «Адамды танығың келсе таққа отырғыз », - деген халықымыздың дана сөзін көп айтушы еді. Менің ойымша, адам қанша биіктесе де, соншалықты қарапайым болуы керек.  Ахмет Йүгнеки айтқан екен: «Қарапайымдылық – жасыл алқап, адамгершілік онда өскен гүл сияқты»,-деп. Бұл менің өмірдегі басты қағидам...» - дейді адамгершілікті, қарапайымдылықты, батылдықты ерекше  назарға алған басшы бізге берген сұхбатында. Көмек сұрап келген студенттердің қолын қайтармағандығы, студенттердің бел ортасында жүріп олармен тікелей жұмыс жасайтындығы - бұл айтқандарына дәлел бола алады. Бүгінде филфакта оқитын кез келген студенттер мен оқытушылар қауымы Гүлмира Құдайбергенқызының бұл «адами қасиетін» жоғары бағалайды.

Көшбасшының жақсы мінезі басқа адамдарды өзіне тарта алады. Мәселен, босаң мінезді көшбасшының артынан ешқашан басқалар ермейтіні белгілі, сол секілді Гүлмира Құдайбергенқызы жұмыс барысында ешқашан босаңсығанын көрмейсің. Кейбір мерекелік іс-шараларда, жұмыстан бос уақыттарда болмаса, жұмыс барысында өте қатаң, уақыттың әрбір минутын шебер пайдаланып, жүйелі түрде жұмыс жасайды. «Егер өз жұмысыңды жақсы көрсең, егер өз еңбегіңнің нәтижесін көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл іске көшбасшылар үшін шабыттандырушы күш болып табылады. Ол әркез «жер жырта» жұмыс істеуі тиіс» - дейді президентіміз Н.Назарбаев.  Гүлмира Құдайбергенқызының жер жырта жұмыс істеуіне қарап, ол өзінің жұмысын өте жақсы көретіні, оған үлкен жауапкершілікпен қарайтындығы айқындалады.

Іскер көшбасшыларға тән «бестік бағаны қою» стратегиясын Гүлмира Құдайбергенқызы да шебер пайдаланады.  Жұмысқа деген құлшынысты оятып,  шабытын  шақыртып, мотивация беріп, дәл осы стратегия арқылы қызметкерлер мен студенттердің белсенділігін, жұмыс істеу мен оқуға деген құштарлықтарын үнемі арттырып отырады. Егер, қателік, ісінде шалалық бар қызметкерлер кездесіп жатса оған сын-ескерту емес, мақтамен бауыздап, істеген ісінен ұялдырады.  Бұл  стратегия  факультетке айтарлықтай жақсы нәтижелер беріп, үлкен жетістіктерге жеткізіп жатыр.  Әлемдік психолог зерттеушілер өздерінің күшіне байланысты іскер көшбасшы болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтайды: ол - іскер әйелдер мен еркектердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре білетіндігі екен. Гүлмира Құдайбергенқызының басқа адамдардың жақсы қасиетін көре алатындығына қарап, алдағы уақытта оның небір биік шыңдарды бағындыра алатынына көзің жетеді.

Кейіпкеріміздің харизмасы өте басым. Ол кез келген адамды өзіне қаратып, оған әсер етіп, өзіне тарта алады. Біз әңгімеміз барасында оның өмірді қатты сүйетінін, алдына қойған жобалары мен жоспарлары өте көп екенін және соларды орындау үшін бар күш-жігерін аямайтынын  анықтадық. Мұндай көшбасшылармен қарым-қатынасқа түскен адам қашанда өзіне шабыт алып, қоршаған ортасын нұрмен бөлеп, адамдарды өзіне магнит тәрізді тарта алады. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды «үмітпен жүретіндер» деп сипаттаған екен. Нақтырақ айтқанда, ешқашан жақсылықтан үмітін үзбейтін Гүлмира Құдайбергенқызының әңгімелесу, сұхбат жасау – біздің өмірге деген құштарлығымызды, сүйіспеншілігімізді еселеп арттырып жіберді. Өзін ойлаудан бұрын, өзгелердің қамын ойлайтын көшбасшы қашанда позитивті ұстанымда.

Іске адалдық – жүректің түбінде жататын үлкен күш. Сонымен қатар, ол тек қана нақты іс-әрекеттермен айқындалады. Артур Гордон: «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ» - деген екен. Иә, Гүлмира Құдайбергенқызының жетістікке жетудегі тағы бір құпиясы – өз ісіне адалдық танытуы. Көшбасшы адам көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап болады, ал оны тек өзнің ісіне деген адалдығы және талмай еңбек етуі арқылы ғана жеңіп шыға алады. Бұл - біздің кейіпкеріміздің басты құпиясы. Шын мәнінде, «Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса,  барлық уақыттарда өмір сүреді» - дейді  неміс драматургі және ақыны Иоганн Фридрих Шиллер. Гүлмира Құдайбергенқызы өзінің бар уақытын толықтай пайдаланып, өзінің атқарар міндетін жетер жерінен асырып тастауы – барлық уақытта өмір сүріп жатқанын айғақтайды. Ол өзінің жұмыс істемеген күндерін «өмір сүрмеген күндерім» деп есептейді.

Оқытушы мамандар оңай нәрсені алып, оны қиындатса, ал қарым – қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады. Гүлмира Құдайбергенқызы қарым-қатынастың, коммуникацияның белсенді шебері. Мамандар қарым-қатынас жасаудың ең тиімді жолы «қарапайымдылық» екенін айтады. Яғни, адамды еліктіріп алу үшін аса бір сәнді сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ.  Гүлмира Құдайбергенқызының өте қарапайым екенін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына : «Айқын болыңдар, айқын болыңдыр, айқын болыңдар!» деп қайталай беретін болған екен. Гүлмира Құдайбергенқызының айқындылығы, ашықтығы, қарапайымдылығы – жан-жағындағы адамдармен, әріптестерімен қарым-қатынасқа жақсы түсуіне итермелейді. Тыңдаушыларына қарай істі бағыттай алатын кейіпкеріміздің коммуникаторлық өнері басқаларға үлгі болары анық. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялататыны белгілі.

Британдық премьер–министр Уинстон Черчиль: «Ерлік – адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін ең ұлы қасиет!» - дейді. Иә, «ерлік» жетістікке жетем деген адамдардың барлығына қажет ең басты ерекшелік. Гүлмира Құдайбергенқызында бұл қасиет бұрыннан бар. Бір ғана мысал, кейіпкеріміз студент шағында желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Сол кездегі бүкіл жастардың іс-әрекеттерін бүгінде үлкен ерлікке бағалап жатыр. Өз сөзінде ол: «17-желтоқсан күні болған оқиғаны көзіммен көрдім. Басы-қасында куәгері болдым. Аллаға шүкір, сол күні суретке түспей қалғандықтан, оқудан шығарылмай, аман қалдым. Себебі, мен курстың комсоргы едім.  Біраз курстастарым оқудан шығарылды. Біздің студенттерде сол кезде «ауызбіршілік», Отанымызға деген «сүйіспеншілік» басым еді. Қаншама рет жиналыс жасап, бір-бірден кіргізіп алып, сұрақтың астына алса да ешкім бір-бірін сатпады. Қазірге дейін сол кездегі оқиғаны есімізге алып, жастардың ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының қуаттылығына қуанамыз!..» - дейді. Расында, шынай ерлік әрбір көшбасшының өз қорқынышын жеңумен басталады. Көшбасшы алдынан кездескен әрбір сынақты, әрбір кедергіні жеңу арқылы бұл қасиетке ие болады.

Көшбасшыларға тән «ерлік» артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем бере алады. Бұл қағиданы білетін Гүлмира  Құдайбергенқызы қашанда ерлік танытудан қайтқан емес. «Он итке бір жолбарысты басшы етсең, аз уақытта әлгі иттер жолбарысқа айналады. Ал, он жолбарысқа бір итті басшы етсең, аз уақытта әлгі жолбарыстар итке айналады» - деген даналық сөз халқымыздың арасында кең тараған. Расында, ерлік пен қорқақтық жұқпалы ауру тәрізді. Бұл туралы шығыстық және батыстық философтар ерте заманнан ой қозғаған. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп, қатая бастайды. Кез-келген басшы адам ерлік көрсеткен сайын, қол астындағылар да мықты болады. Көшбасшының ерлік көрсетуі - қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді. Бұл ретте, Гүлмира Құдайбергенқызының «ерлік» қасиеті қашанда факультет ұжымы үшін жоғары қызмет атқарып жатыр. ҚазҰУ-ғы ең белсенді, ең іскер факультет ретінде филология, әдебиеттану және әлем тілдерінің факультетінің танылуы – бұл айтып жатқандарымызға дәлел бола алады.

«Керек бізге темір төзім, темір күш. Керек емес бірақта темір жүрек» - дейді ақын Қадір Мырзалиев. Нағыз күш – рухани күш, жүректің күші. Бүгінгі заманда проблемаларды шешу ақылға емес, тәуекелдің көрсеткішіне,  рухани жігерлілікке келіп тіреліп жатыр. Ақылың қанша көп болғанымен рухани күшің, іскерлік мінез-құлқың болмаса, алған біліміңнің бір тиын пайдасы жоқ. Бұл ретте, ҚазҰУ-дың ең іскер әйелі ретінде танылып үлгерген Гүлмира Құдайбергенқызы тәрізді іскер көшбасшыларды насихаттау – еліміздегі адам капиталын өсіру үшін қажет-ақ.

 

Дінмұхамед Аязбеков

1
0
1234

Алишер Қайратұлынан IPhone 5S

 

 

Күні кеше ҚазҰУ жастары қызықты кештің куәсі болды. Қазақ эстарадасында жаңадан жанып, енді ғана танылып келе жатқан жұлдыз Алишер Қайратұлы студенттер арасында лоторея ойынын ойнатты. Бірнеше студент-жастар ойынның нәтижесінде IPрhod ұтып алса, бас жүлдені, яғни ойынға тігілген IPhone 5S маркалы ұялы телефонға филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті Назым ие болды.


 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан екі апта бұрын «Алишер Қайратұлынан IPHONE ұтып ал!» атты хабарландыру жарияланып, ҚазҰУ студенттерінің арасында, әсіресе қыздардың арасында бас жүлдеге ие болғысы келгендер күрт көбейді. Лотореяға билет ұтып алу үшін түрлі әлеуметтік желілерде Алишер Қайратұлының фото-суретін, бейне-клипін немесе МP3 әнін жариялап, сол материялдарға «50 лайк» жинау керек болды. Екі апта бойы майл.ру-да, фейсбукта, әсіресе ВК-да ШОУ болған Алишер Қайратұлына лайк басуды сұрап, өтініш жасаушылардың қарасы мыңға жетті. Соның арқасында Алишердің кім екенін, қандай әндері мен бейне-клиптері барын, әлі жас болса да өнері арқылы ерен еңбек етіп жүргенін біліп алдық. Міне, мың лотореяның барлығы өтіп, күні кеше сол адамдардың арасынағы жүлдегерлер анықталды.

 

ҚазҰУ-ға, тіпті бүкіл Қазақстанға белгілі жайдарманшылар кешті керемет дәрежеде жүргізді. Түрлі әзілдер, ойындар арқылы студент-жастарды бір серпілтіп тастағаны анық. Кешке кешікпей келген Алишер Қайратұлы өзінің бір емес, бірнеше әнін жоғары дәрежеде орындап берді. Барлық жүлдегерлерді жас әншінің өзі марапаттады. Жоғары Студенттер кеңесінің, әсіресе осы ұйымның экс-төрайымы Сәуле Аязбаеваның тікелей ұйымдастыруымен өткен іс-шараның соңы биге ұласты.

 

Жайдарманшылардың жайдарлы сәті!..

 

Ойнатылған ойындар ойымыздан шықты

 

ҚазҰУ-дың жас әншісі - Ақбота

 

Жүргізушілерге әңгіме жоқ!..

 

Алишер Қайратұлымен фотоға түсу

 

Жұлдызды сәт!

 

Лоторея - үміт сергелдеңі

 

Мың адамның арасынан бір адам 2 ұтыс. Жолы болғыштық деп осыны айт!..

 

Қобалжыйтын сәт!..

 

Алишер Қайратұлынан IPnone 5s Назымға табысталды. IPhone иегері!..

   
1
0
1176

Сәйгүлік семантикасы

Егемен Қазақстан, 15.02.2014

Көркем бейнені бояу тілімен сөйлеткен суретші, кескіндемеші, Мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы-4» атты жеке көрмесі Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің музейінде ашылды.

Автордың 50 туындысы қойылған көрме музейдің әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылған. Туындылардың барлығы 2006-2013 жылдар аралығында салынған екен. Атап айтқанда, «Арбау өлең", «Жасырынбақ-2», «Сыйлық", «Кен­таврдың ғашығы», «Жеткіншек», «Бай­­шұбар», тағы басқалар. Автор­дың әсіресе «Бәсіре» деп аталатын дүниесінің жөні бөлек.

— Жылқы текті жануар ғой. Тілі жоқ демесең, бәрін түсінеді. Менің басқа суретшілерден ерекшелігім — жылқыны адам деңгейіне көтеріп, бейнелеуге талпынып келемін.

Суретші Жеңіс Кәкенұлының туын­дылары 1988 жылдан бері елі­міз­дегі, сондай-ақ, АҚШ, Германия, Түр­киядағы көрмелерден орын алып жүр. Ал өткен жылы су­ретші «Ақ зер» кітабын жарыққа шығарды. Бұл жинаққа ұлттық бей­нелеу өнері, қазақ суретшілерінің шы­ғармашылық болмысы туралы пуб­ли­цистикалық еңбектері, өнертану жай­лы мақалалары топтастырылған. Ол «Фо­лиант» баспасының сурет­ші­сі ретінде қырықтан астам кітапты безендірген.

Жанерке ТӨЛЕН,
ЕҰУ-дің студенті.
Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 
0
0
520

«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» — «1402»

 

«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» - «1402»

ІІМ жүйесінде заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» - «ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілді.

1
0
6112

Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының жекпе-жектерi басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының матчтық жекпе-жектерi басталды.

Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс осымен төртiншi жыл өткiзiлуде. Турнирде британиялық боксшылар алғаш рет қатысуда. Бұның алдында командалық кездесулерге әр жылдары Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция құрамалары келiп, өзара жұдырық түйiстiрген болатын.

Бокс сүйер қайым 19 ақпанға дейiн жалғасатын аталмыш матчтарды «Жастар» сарайында немесе Қазақстанның футбол федерациясының сайтынан онлайн режимде тамашалай алады.

Бүгiн, 16 ақпанда Ресей-Өзбекстан, Ұлыбритания-Қазақстан матчтары өтедi. 17 ақпанда Ұлыбритания мен Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан өзара қолғап түйiстiрмек. 19 ақпанда Ұлыбритания Өзбекстанмен, Ресей Қазақстанмен күш сынасады.

Құрама командалардың қатарында әлем чемпионаттарының бiрнеше дүркiн жүлдегерлерi, өз елдерiнiң ең мықты боксшылары кiрген. Қазақстан сапында Бiржан Жақыпов, Ерлан Тамемов, Қайрат Ералиев, Берiк Әбдiрахманов, Алмасбек Әлiбеков, Айдар Әмiрзақов, Данияр Елеусiнов, Сапарбай Айдаров, Әдiлбек Ниязымбетов, Жан Кособуцкий бар.

«Бұл континетальдық немесе әлем чемпионаты емес. Бұл — жолдастық кездесу. Мұнда әрбiр құрама өзiнiң мықты және әлсiз тұстарын бағамдап, өзiне қорытынды жасайды. Сондықтан бұл төрт елдi бiрiктiрген турнир негiзiнен тәжiрибе жинақтау үшiн ұйымдастырылды», — дейдi Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерi Мырзағали Айтжанов.

Басты сөздер: Астана , Спорт
 
0
0
300

Сочи Олимпиадасы: 17 ақпанда Қазақстан намысын дебютанттар қорғайды

СОЧИ. ҚазАқпарат — Бүгін, 17 ақпанда Сочидегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тек фристайл-акробатика бойынша жарысқа шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстан атынан аталмыш жарыс түріне екі фристайлшы: Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек шығады. Отандастарымыздың 21 қарсыласы бар, оның төртеуі Беларусь Республикасының спортшылары. Сайыс «Роза Хутор» экстрим-саябағында өтеді.

Акробатика жарыстары біліктілік кезеңі және ақтық сыннан тұрады. Оның әрқайсында спортшылар арнайы трамплиннен екі рет секіруі керек. Финалға ең көп ұпай жинаған спортшы ғана өте алады. Іріктеу кезеңінде жинаған ұпайлар финалда есепке алынбайды. Төрешілер әр спортшының ойын мәнерінің техникалық жағынан қозғалыс күші мен секіріп, одан жерге қонуына дейінгі аралығын бағалап, ұпай береді.

Басты сөздер: Спорт , Олимпиада
 
0
0
661