Мазмұнға өту
kulmakhan

kulmakhan

Сайтта 2014 ж. 8 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

3

Өнерді кәсіпке айналдыра алмаған, ісін нәсіпке айналдыра алмайды

Адам баласының ерте заманнан күнделікті тіршілігіндегі қажеттілігіне айналған, бір жағынан мәдениетке де, өнерге де, тамыры тереңде жатқан ұлттық қол өнерге де қатысты жеңіл өнеркәсіп саласы бір кездері шарықтап, ендігі кезде аяғы ақсап тұрған жайы бар. Оған айғақ, әлемнің алпауыт елдері – Германияның жыл бойғы табысының 9 %-ын осы жеңіл өнеркәсіп саласы түсіреді екен. Бұл көрсеткіш Қытайда 12 %, Үндістанда 14 %. Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында үлес салмағы басым – мақта шаруашылығы. Шаруашылықтың жанданған кезеңі XX ғасырдың 90 жылдары. Ішкі өнімнің 15 %-н құраған бұл көрсеткіш, қазір 0,5 %-ға келіп жығылды. 220 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еткен саладағы көрсеткіш 10 есеге азайып кетті. Елімізге ірге жатқан Қырғыстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдері күннен күнге артуда, жүн түт…

0
0
920

Елімізде әрбір екінші адам жарнамаға сеніп дәрі-дәрмек сатып алады

Әрбір екінші қазақстандық жарнамаға сеніп не болмаса жұрттың кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдайды. Бұл жөнінде 17 ақпан күні  Мәжілісте өткен үкіметтік сағатта ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті, - "біз әлеуметтік зерттеу жүргіздік, нәтижесінде әрбір төртінші қазақстандықтың антибиотиктерді бақылаусыз, әрбір екінші қазақстандықтың дәріні жарнама бойынша немесе достары мен көршілерінің кеңесі бойынша қабылдайтыны анықталды".

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік банк жобасының аясында денсаулық сақтауды дамыту орталығы жанынан ақпараттық-талдау орталығы ашылған. Осы орталыққа жылына 26 мың азамат хабарласып, ақпарат алады екен.

1
0
605