Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Іскерлік клубтың» кезекті отырысы

Осыдан екі апта бұрын "Іскерлік журналистика" клубы құрылғаны жайлы жазып едік. Бүгінгі жазба сол клубтың екінші дәрісі жайлы болмақ. Алғашқы дәріс туралы мына сілтеме арқылы оқысаңыздар болады. Өткен сенбі күнгі сабақта "Аудио-файл" жасауды үйрендік. Үйреткен әпкеміз әлде тәтеміз Назира Бурханова. Назира да бірдеңе біледі екен). Білгенін бізге үйретіп, білмегенін бізден сұрап дегендей. Ол кісінің айтары көп екен, берілген бір жарым сағаттың 1 сағатын артық сөйлеп толық үйретуге уақыты жетпей қалды. Келесі аптадағы бітпей қалғанын аяқтап, тағы да білгендерін бізбен бөліссе игі еді. Бұл әлі бастамасы ғана екен ескертіп кетеміз. Бұйырса жақын күндері өзіміздің жеке Экономиклық-сараптамалық сайтымызды іске қосамыз. Сол кезде іс насырға асқанын көре жатарсыздар. Бәлкім сол кезде Назираның арқасынан қағып, рахметімізді айта жатармыз. Жә, Назираны жарнамалап кеткен секілдімін.  Жарнаманы осы жерден доғарайын. Сабақтарымыз бірте-бірте қызықты болып келе жатыр. Дәл жаңа туған сәби секілді, уақыт өткен сайын әр түрлі қылықтарымен қуантаны. Біздеде қуаныштар, қылықтар жоқ емес. Ол жайлы келесі аптада тілшіміз толығырақ тарқатып айтады. Әзірше сабақтар осылай өтуде.

Айтпақшы, Қанат Әуесбай ағаның бастамасын бізде іліп алып, жалғастырдық. Яғни Сочи олимпиадасына өнер көрсетіп жатқан спортшылармызды қолдап, сәттілік тілеп, алтын алсын деген ниетпен "плакат" тектес немес "плакаттың" кенже інісі "А4" парақшасына "жынды-жынды" жазулар жазып, суретке түстік. Менің сөзім бітті, енді суреттер сөйлесін... (Ескерте кетейін суреттен мені іздеп әуре болмаңыздар)

БІзде де сұлу қыздар бар

1
0
750

Осы тақырып бойынша

«Іскерлік клубтың» кезекті отырысы - Yvision.kz