Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 4 алтын медаль олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Германияның Одердегі Франкфурт қаласында өткен жастар арасында бокстан «Бранденбург кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 1 күміс медаль еншіледі, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясынан. Атап айтқанда, 56 келіде ел намысын қорғаған Сұлтан Зауырбек чемпион атанды. 60 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Абылайхан Жүсіповке де тең келер ешкім болмады. Сондай-ақ 64 келіде Аян Қалибековтің, 81 келіде Вадим Казаковтың мерейі үстем болды. Ал 91 келіден жоғары салмақ санатында жұдырықтасқан Елдос Қадырбаев финалдық кездесуде Ұлыбритания боксшысына есе жіберді. Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде Қазақстан боксшылары 10 салмақ санатының алтауында өнер көрсеткен болатын. Турнирге әлемнің 20 елінен 140 былғары қолғап шебері қатысты. Автор: М…

0
0
344

Мәскеуде Паралимпиада алауының эстафетасы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мәскеуде Паралимпиада ойындарының алауының эстафетасы басталды. Салтанатты шара Орталық павильонның жанындағы бүкілресейлік көрме орталығында өтті, деп жазады РБК.

Эстафета үш кезеңнен тұрды. Алауды алып жүрушілер 2,5  шақырым жолды жүріп өтті. Шара соңы танымал әншілер мен би өнерпаздарының концертіне ұласты.

Мәскеуде жағылған Паралимпиада алауы енді Сочи қаласына аттанды. Онда 5 наурыз күні Паралимпиада ойындары алауының жағылу салтанаты өткізілмек.

 
Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
406

Ақтаулық дзюдошы Айбек Имашев Еуропа чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Прагада дзюдодан Еуропа Кубогы аяқталды. Оған Англия, Франция, Әзербайжан, Қазақстан және басқа да елдерден іріктелген таңдаулы спортшылар қатысты, деп жазады sports.kz. Дүбірлі додаға барлығы 255 спортшы қатысқан. 60 килограмм салмақ дәрежесінде еліміздің атынан ақтаулық спортшы Айбек Имшаев бақ сынады. Ол алдымен польшалық Вавизичеконы ұтып, одан соң израильдық Рахимді жер жастандырса, одан кейін болгарлық Гарчевті жеңген. Жартылай финалда бұл спортшымыз испандық Джимено Джаудиноннан басым түсті. Ал финалда белорус спортшысы Багировтан айқын басымдылығын көрсетті. Барлық алты тайталасын Айбек айқын жеңіспен аяқтады. «Қазақстан құрамасында барлығы 24 спортшы болды. Екі спортшымыз қола медаль иеленсе, Айбек Имашев ең жоғары дәрежелі медальға қол жеткізген ұлттық құрам…

0
0
532

БҚО-да жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні өтті.

БҚО-да жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні өтті. «BNews.kz», 04.03.2014ж.
Батыс Қазақстан облысында «Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні» акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға жоғары оқу орындары студенттері қатысқан.

Олар адамдар неғұрлым көп жиналатын орындарда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыратын үгіт-насихаттық материалдар таратты.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаяу жүргіншілерге қатысты 732 әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың 62-сі жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілерге толтырылды»,- деп көрсетті баспасөз қызметі.

0
0
419

Кеттің бе, жаным? Артқа қарамай

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Кеттің бе, жаным?

Артқа қарамай.

Аңсаумен қалдым,

Өзіңді ойлай.

 

Жүрек шіркін-ай,

Кеудеме, сыймас.

Бар ма өмірде,

Махаббат қимас?

 

Қалайша, жаным,

Сені қиямын?

Бұл өмірге мен,

Қалай, сиямын?

0
1
497

«Мәңгілік Ел» ұғымы барлық ұлт өкілдеріне етене жақын — С.Погодин, БҚО орыс мәдениеті орталығының төрағасы

ҚазАқпарат, 01.03.2014 Елбасы Жолдауында алға қойылған мақсат-міндеттерді орыс мәдениеті орталығының өкілдері де қалың бұқараға жеткізуге атсалысуда. Бұл туралы БҚО орыс мәдениеті орталығының төрағасы Сергей Погодин мәлім етті. Жолдауда Елбасы алдымызға қойған басты міндеттің бірі - «Мәңгілік ел» патриоттық актісін даярлау, деді Сергей Погодин. Мәңгілік ел болу - халықтың ғасырлар бойғы арманы. Бұл ұғым Қазақстанда тұратын, ата-бабалары ежелден осы жерді мекендеп, бір-бірімен мидай араласып кеткен әр ұлт өкіліне етене жақын. «Жұмыла көтерсе, жүк жеңіл», дегендей, ел біріксе, алынбайтын қамал жоқ. Олай болса, таяудағы жылдары әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылсақ, ата-бабаларымыз армандаған Қазақ елі - мәңгілік ел болатыны сөзсіз. Сондықтан біз басқа да ұлттық- мәдени бірлестіктермен…

0
0
569

БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентіннің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамындағы сапары барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов халықпен өзара жақындасу мақсатында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Оған 12 ақтөбелік келіп, өздерін мазалаған сұрақтарды қойды. Комитет төрағасына сұрақ қоюшылар жақындарына қатысты қылмыстық істердің тергелуін талқылады, жеке куәліктерді алу, көші-қон және азаматтық алу, сондай-ақ ішкі істер органдарына қайта қызметке алу, зейнетақы төлемдерін өсіру және т.б. мәселелер сөз болды. Азаматтардың барлық өтініштері бақылауға алынатын болады. Кейбір мәселелер бойынша нақты…

0
0
441

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 25 ақпанында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің  Батыс филиалы инспекторлары және Қазалы аудандық полиция қызметкерлері жүргізген бірлескен рейд барысында екі заң бұзушылық оқиғасын анықтады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/101-100/

0
0
198

Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүзеге асырылатын «Орнықты органикалық ластағыштардың қалдықтарын жою» жобасына жәрдемдесу мақсатында Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі сатып алу бойынша маман қызметін тарту бойынша сайыс жариялайды

0
0
327