Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында зайырлы және діндар әйелдерінің кездесуі болып өтті.

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 8 Наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында зайырлы және діндар әйелдерінің кездесуі болып өтті.

Дөңгелек үстел отырысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, ҚР Парламентінің депутаттары, Л.Н.Гумилев атындағы университеттің оқытушылары, дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. 
Келелі кездесуде қатысушылар ислам дінінің құндылықтары, өмірлік тәжірибелері, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, діндар және зайырлы әйелдердің арасындағы ерекшеліктері, байланыстары, қоршаған ортада болып жатқан жантүршігерлік жағдайлары, жастардың тәрбиесі, балалардың өз-өзіне қол жұмсау себептері, білім саласындағы мәселелері, қоғамдағы әйел еңбегінің назардан тыс қалмауы, жастардың жұмыспен қамтылуы хақында сөз қозғап, тәрбиесі мол кеңестердің негізінде өзара ой бөлісті және баяндамалар жасалды.

 
0
0
777

Осы тақырып бойынша

«Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында зайырлы және діндар әйелдерінің кездесуі болып өтті. - Yvision.kz