Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Ақтөбеде болды.

Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Ақтөбеде болды. «BNews.kz», 05.04.2014ж.
Ақтөбе облысына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша барған Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов те болды, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Криминалдық полиция комитетінің төрағасы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында 12 ақтөбеліктің шағымына құлақ түрді. Сұрақ қоюшылар жақындарына қатысты қылмыстық істердің тергелуін, жеке куәлік алу, көші-қон және азаматтық алу, сондай-ақ ішкі істер органдарына қайта қызметке алу, зейнетақы төлемдерін өсіру және т.б. мәселелерін көтерді», делінген хабарламада.

Кейбір мәселелер бойынша нақты түсіндірілді. Қалғандары бақылауда болады. Сондай-ақ қала тұрғыны ақпан айының ортасында өзіне қатысты жасалған қарақшылық шабуылды Зауыт Пб-нің жедел уәкілдері қысқа мерзімде ашып, көмек көрсеткен жедел уәкілдерге алғысын білдіріп, барлық тәртіп сақшыларына денсаулық пен жұмыстарына табыс тіледі.

Іссапар барысында Ж.Сүлейменов сондай-ақ облыстың Темір және Байғанин аудандарында болды.

Байғанин ауданында болған кездесуде аудан тұрғындары елордалық полковникке Ақтөбе-Атырау тас жолының 137 шақырымын жөндеу бойынша мәселелерді көтерді, бүгінде бұл аудан тұрғындарын мазалаған өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті.

Ж.Сүлейменов өз кезегінде автожолды жөндеу мәселесі бойынша азаматтардың өтініші Көлік және коммуникация министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетінін, ал оны қарау барысы бақылауға алынатынын айтты.

Ж.Сүлейменов өтініш иелеріне аудан тұрғындарының тілек-арыздарын құзыретті органдарға жіберетінін және міндетті түрде қаралып, мүмкіндігінше іске асырылатынын білдірді.

 
0
0
431

Осы тақырып бойынша

Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Ақтөбеде болды. - Yvision.kz