Мазмұнға өту

Жаңа

Жұмбақ қыз....

Мен оны алғаш көргенімде оның бет-бейнесінен білімді ұяң екенің байқағанмын. Ол ойым қате болмапты. Одан білмеген пәндерінен көмек сұрасан, қол ұшын беруге әзір, ал кейде менің бүгін қарағым келіп тұрған жоқ деп бірден шорт кеседі. Ауызша болсын, жазбаша болсын бәріне білімді. Бірақ неге екенің білмеймін әйтеуір білген, түйген өз ойын ашып айтпайды. Тіпті кейбір сабаққа дайындалып келсе де, қол көтеріп мен мұңдалағанын көрмеппіз. Біреу түртіп немесе апайлар сұрамаса әйтпесе аузына су толтырып алғандай үндемей отыра береді. Кейде ойлайсын қоғам ортасына шыққанда ғана тұйық бекен, бәлкім үйіне барғасын ашылатын шығар. Қыздардың көбісі киім мен бояуға қызықғыш болып келеді, ал оның бойынан ондай жайды байқамадым. Достарымен болсын араласатын құрбыларымен шүйіркелесіп бір жерлерге шықты мекен…

1
0
1127

Кедендік бақылау комитетінде Қазақстанда халықаралық сауданың қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қауіпсіздік стандартына сәйкес жеткізу тізбегінің процесін қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өтті

Ағымдағы жылғы 27-28 ақпан аралығында Кедендік бақылау комитетінде: «Кеден одағында шектеулер мен тыйым салуларды қолдану. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары. Кеден ісі саласындағы қызметті бақылау және Уәкілетті экономикалық операторлар» атты тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинардың өзектілігі Қазақстанда халықаралық сауданың қауіпсіздігін арттыру қажеттілігімен, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қауіпсіздік стандартына сәйкес жеткізу тізбегінің процесін қамтамасыз етумен айқындалды және мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастардың дамуына ықпал етеді. Қазақстан Республикасындағы УЭО институты Әлемдік сауданы жеңілдетудің және қауіпсіздіктің негіздемелік стандарттарының ұсынымдарына, сондай-ақ кедендік рәсімдердін оңайлату мен үйлестіру туралы халықа…

0
0
595

«Жасыл экономика» мәселесі бойынша заңнамалық түзетулер жобасын ЭБЖМ және ҚОҚСРМ әзірлеуде

Primeminister.kz 28.02.2014 ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) және ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі (ҚОҚСРМ) «жасыл экономика» мәселесі бойынша түзетулері бар заң жобасы әзірлеуде, деп хабарлады бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен ведомствоның алқа отырысында. Primeminister.kz 28.02.2014 ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) және ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі (ҚОҚСРМ) «жасыл экономика» мәселесі бойынша түзетулері бар заң жобасы әзірлеуде, деп хабарлады бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен ведомствоның алқа отырысында. http://www.…

0
0
270

Кәсіпқой – армия негізі: тау атқыштары бригадасының үздік әскери қызметшілері

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты тау атқыштары бригадасында әртүрлі қызметтер арасында үздік мамандарды анықтау байқауы аяқталды. Бөлімнің тәжірибелі офицерлері мен кәсіпқой сержанттарынан тұратын комиссия үш күн бойы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің арасынан неғұрлым сауатты мамандарды анықтады. Үздік маман атағына әскери бөлімнің 55 әскери қызметшісі қатысты. Байқау бағдарламасына олардың теориялық және тәжірибелік дағдысын тексеру енгізілді. Тау атқыштары бригадасының сержанты – 58395 әскери бөлімі сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы бірінші сыныпты сержант Қуандық Мадияров: – Байқаудың басты тапсырмасы қатысушылардың жеке дайындығын тексеру негізінде мамандар мен бөлімше командирлерінің әскери-кәсіби тұрғыдағы дайындығын анықтау, – деп атап өтті. Серж…

0
0
491

WBA рейтингі: Қанат Ислам — он екінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақ боксшысы Қанат Ислам WBA тұжырымы бойынша орта салмақта (69,85 келі) әлемдік рейтингте он екінші орынға көтерілді.

Қанат Ислам кәсіпқой рейтингте он алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның салмағында қазір әлемнің супер чемпионы америкалық Флойд Мэйуэзер.
Қанат Ислам жақында кәсіпқой бокста қалатынын, «Астана арландарының» сапына оралмайтынын мәлімдеген. Ол Майами қаласында жаттығады, деп хабарлайды alaman.kz.

http://www.alaman.kz/img/22211.png

0
0
295

Биатлоннан әлем чемпионатында Вишневская — күміс жүлдегер

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская АҚШ елінде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміске ие болды, деп хабарлайды alaman.kz.

7,5 шақырымдық спринттік жарыста алтынды ресейлік Евгения Павлова иеленді — 21:08.5 . Ол екі ату сәтінде бірде бір рет мүлт кеткен жоқ. Ал Галина Вишневская ату кезінде бір рет қателік жіберіп, нәтижесінде ресейліктен үш секундқа кешігіп қалды. Қола жүлде германиялық Аника Кнолға бұйырды. Тағы бір қазақстандық Анастасия Кондратева он тоғызыншы орын алды.
Галина Вишневская былтырғы әлем чемпионатында да күміс жүлде алған. Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиаданың да күміс жүлдегері.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
268

БОКС: «Астана арландары» 1:0 есебімен алға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымындағы топтық кезеңінің соңғы кездесуінде «Астана арландары» польшалық «Poland Hussars» командасын қабылдауд, деп хабарлайды kazsporttv.kz. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында шаршы алаңға алдымен жеңіл салмақтағы боксшылар шықты. 52 келіде ел намысын Ілияс Сүлейменов қорғады. Ол Дүниежүзілік бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық Элвин Мамишадзеге есе жіберіп алған еді. Бұл жолы Ілиястың қарсыласы Гжегорж Козловский болды. Поляк боксшысы бұл маусымда WSB аясында өткізген екі кездесуде жеңіліп қалды. Ол өткен маусымда да жеңіске жете алмаған. Ал бүгінгі жекпе-жекте Сүлейменовтың соққыларына төтеп бере алмаған Гжегорж Козловский кезекті жеңілісіне ұшырады. Ұлттық құрама мүшесі Ілияс Сүлейменов жеңі…

0
0
281

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ирландық Энди Ли болмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Интернет-порталдың деректеріне сүйенсек, тараптар барлық мәселелерде бірауыздан келісімге келген, келесі аптада күрес туралы ресми түрде жарияланады. Кездесу 26 сәуірде «Мэдисон Сквер Гарденде» өтетін сыңайлы.

«Келіссөздер екі аптадан бері жалғасып келеді. Келісімге қол қоятын күн жақындап та қалған сияқты. Әрине, бұл анау-мынау жекпе-жек емес. Мен шаршы алаңда көзге түсе қоймауым мүмкін, бірақ өз мүмкіндігімді қалт жібермейтін қабілетімді дер кезінде көрсететініме 100 пайызға сенімдімін. Көпшілігі әлем чемпионы болғысы келеді, мен де есемді ешкімге бермеймін», — дейді Энди Ли.

Басты сөздер: Спорт
0
0
241

Шведова жұптық ойында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турнирінде жұптық жарыстың финалдық кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап kazsporttv.kz хабарлады.

Ол испандық Анабель Медина-Гарригеспен бір жұпта ойнап, бірінші партияда қарсыластарынан 7:6 есебімен басым түсті.
Екінші партияда 2:6 есебімен ұтылды. Ал үшінші шешуші партияда испан-қазақ жұбы 10:3 есебімен жеңіске жетті!
Айта кетейік, турнирдің сыйақы қоры — 250 мың АҚШ доллары.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
393

«Махаббат Дастан» концерті

Астана қаласы, Конгресс Холда "Махаббат Дастан" концерті өтті

"Махаббат Дастан" концерті әдемі бимен ашылды.

"Махаббат Дастан" концерті Астана қаласының әкімдігімен ұйымдастырылған

Концертте тек махаббат жайлы әндер айтылды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы - Тамара Асар "Күнім-ау" атты керемет әнді орындауда.

"Каспийдің қызымын. Аққуды жақсы көрем. Сондықтан жақсы көрген адамымның бәрін аққуға теңеймін, " деп, Тамара Асар "Аққу арман" әнін орындады.

Майра Нүркенова сахнада

Роза Рымбаеваның "Сол бір кездер" әнін халыққа тағы да ұсынды...

Сұлу да дарынды Айгүл Қосанова "Шағала" атты керемет ән орындады.

Рүстем Жүгінісов үнемі керемет дауысымен көрерменді баурап алады.

Клара Төленбаева "Жібек сезім" әнімен


0
0
1079