«Түн night» – сіздің жаныңызды жадыратып, жабырқамауға шақыратын бағдарлама
«31 арна» «Түн Night» деп аталатын жаңа stand-up шоудың жобасын дайындап, көрерменге ұсынбақшы. «Түн night» – сіздің жаныңызды жадыратып, девальвация сияқты қоғамдағы өзекті мәселенің өзін бастан кешіп жатсаңыз да, мұңаймауға, жабырқамауға шақыратын бағдарлама. Оны көрген адамның езуі жиылмайды, өйткені біздің әзілдер ештеңеге ұқсамайды, бізде күлкі көп, біз сізге қуаныш сыйлаймыз, оған қоса бізбен бірге әсем әуенге елітесіз. Арна көрермендерінің көрер қызығы әлі алда. Түсірілім алаңында жұмыс қызып жатыр. Көңілді, жадыраған қыз-жігіттер... Бәрінен бұрын сізге әзіл сыйлаушылар – әйлігі сықақшылар, жобаның авторлары мен жүргізушілері Марат Алибаев, Әділет Жұмабек және Нұржан Тутов. Бірінен-бірі өткен талантты әзілкештер микрафонды кезек-кезек қолға алып, өзінше әзіл айтады. Әзілкештер өмір…


