Мазмұнға өту

Жаңа

Депозиттерге кепілдік беру туралы не білеміз?

Сурет timeua.info сайтынан алынған

Қазақстанда ақшаны инвестициялаудың ең тиімді және қауіпсіз тәсілдерінің бірі депозиттер. Салымшы, банктегі депозиттік шотқа қаражат жинау арқылы, оның көлемін арттырып қана қоймай, өзін ақшаға байланысты туындайтын қаржылық тәуекелдерден сақтайды. Бір банкте ашылған шот соммасы 5 000 000 теңгеден аспаса, оған мемлекет кепілдік береді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпаратына сәйкес, кепілдік берілетін депозит – бұл депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің депозиті немесе банк шоты (карточкалық шоттарды қоса алғанда).

Қазіргі уақытта Қазақстанда 38 банк қызмет атқарады, олардың 36-сы депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары. Бұл тізімге кірмеген екеуі – «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ және «Банк «Астана-финанс» АҚ.

Бұл кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы, және де өзге республиканың азаматы) немесе жеке кәсіпкер 5 000 000 теңгеден, яғни бір банктегі кепілдік беру сыйақысының белгіленген максималды лимитінен, асып түспейтін соммада өз ақшалай қаражатын орналастырған жағдайда жеке қорларын өтеу үшін мемлекеттен толық кепілдікті алады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметтеріне сәйкес 2013 жылдың 1 қазанына дейінгі мағлұмат бойынша шоттардың 99,6 %-ын 5 000 000 теңгеге дейінгі шоттар қамтыды. Олардың ішінде: талап етілмелі салымдар, мерзімді және шартты салым ақшалары, теңгеде және шетелдік валютада ашылған ағымдағы шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттардағы ақша қалдықтарын қоса алғанда). Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден келеді.

Айта кетерлік жайт, 36 банктің бірі банкроттыққа ұшыраған жағдайда, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры соттың сәйкес шешімі күшіне енгеннен кейінгі 14 жұмыс күні ішінде салымшыларға төлемақы төлеп бастауы тиіс.Сурет qazaqbanki.kz сайтынан алынған

Кепілдікті өтемді алу үшін салымшы агент-банкке келесі құжаттарды ұсынуы тиіс – банк шоты (банк салымы) шартының және салым құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері, салымшының жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмелері және кепілдікті өтемді алу жөніндегі жазбаша өтініш.

Маңыздысы, мемлекеттік кепілдік беру депозиттің негізгі соммасын ғана емес, сонымен қатар есептелінген сыйақы капиталдандырылған жағдайда оны да қамтиды.

Депозиттердің мүлтіксіз сақталу аясын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актД – ол 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.Сурет bnews.kz сайтынан алынған

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ – «банктің мәжбүрлі түрде таратылу жағдайында депозитордың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамассыз етуде жәрдемдесу мақсатында» 1999 жылы құрылған бейкоммерциялық ұйым.

Қордың жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Салымдарға кепілдік беру туралы толығырақ ақпаратты «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның шұғыл байланыс телефоны бойынша 8 800 080-10-20 немесе www.kdif.kz сайтынан алуға болады.

*Бұл мақала аударма материал, түпнұсқасы мында.
0
0
2543

«Балам, көзімдi емдеп бер, сериал көре алмай журмiн» деп, бір әже көз дәрігеріне келіпті.

"Балам, көзімдi емдеп бер, сериал көре алмай журмiн" деп, бір әже көз дәрігеріне келіпті. Сериал болмаса, ол әжеміз дәрігер көмегіне жугiнер ме еді, беймәлім. Қазақта аурудың алдын алу деген мүлдем жоқ, жыл сайын дәрігерге қаралу ойда жоқ. "Көз тиды, тіл тиды" деп "бісмилланы" айтып журе береді.

1
0
500

Аллергияга шалдыккандарга бәліш, арнайы рецепт

5 стакан ұн

2 стакан жылы су

1 ас қасық дрожжи

1 ас қасық тұз

1/3 стакан өсімдік майы

Калаганынызша пияз

Петрушка, укроп

 

Дайындалуы:

Ыдысқа су құйып, дрожжи, тұз салып, араластырып,  30 минутка койыныз.

Сол уакытта пиязды майга куырып койыныз.

30 минут өткенде дрожжи аралас суға 5 стакан ұн косып, қамыр илейміз. Содан қамырды 1 сагат дылы жерге койып, көтерілгеннен кейін калаганынызша қалыңырак етіп есіңiз. Үстіне куырылган пиязды салып, 220 градуста 20 минут пісіру керек.

Жұмыртқа,  сут өнімдеріне аллергиясы барларға жақсы.

1
0
1360

«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды

Ағымдағы жылдың 12-наурызында  "Интерфакс - Қазақстан" баспасөз орталығында 27 қаңтар - 12 ақпан аралығында өткізілген "Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы" туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды.

Еліміздің 14 облысын қамтыған бұл зерттеу нәтижесі 1200 қаржылық қызметті тұтынушының жауаптарын қорытындылау барысында жасалды.

Респонденттердің қаржылық сауатын тексеру мақсатымен 55 сұрақ қойылды. Сауалдардың қойылуы барысындағы зерттеу нысандарын 5-ке жіктеуге болады:

  1. қаржылық қызметтің орындалуына тұтынушының баға беруі;
  2. тұтынушының қаржылық сауаттылық деңгейін тексеру;
  3. тұтынушының қаржылық тәртібін (қылығын) байқау;
  4. отбасы бюджетінің жоспарлануына баға беру;
  5. тұтынушы таңдауын білу: банктер, қаржылық қызметтер, т.б.;

Баспасөз конференциясына қатысқандардың сұрағына kaspi bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының басшылары - Салтанат Жарасова мен Гүлмира Арбабаева жауап беріп отырды.

Зерттеу нәтижелерін келесі инфографикадан қараңыз.

 
1
0
1365

Астанада парниктік газдарды верификациялау бойынша семинар-тренинг өткізілді

10–13 наурыз күндері Астанада Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасымен «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен «Consus Carbon Ingineering» (Польша) компаниясымен әріптестікте парниктік газдар саласында ұлттық верификатор мамандарын дайындау бойынша  алғашқы семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысына «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Бақыт Есекина, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары  Камен Величков, сондай-ақ, «Consus Carbon Engineering»  компаниясының сарапшылары  Войцех Пискорский және Павел Виктор қатысты.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-28/

0
0
313

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында ең үздік әскери санитар атағы үшін сайыс өтті

Семей гарнизонындағы 44793 әскери бөлімінің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ең үздік санитар нұсқаушысы атағы үшін сайыс өткізілді.

Сайысқа қатысушылар жаралыларға көмек көрсету бойынша теориялық білімдері мен практикалық қабілеттерін ортаға салды.

Алдымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының түрлі әскери бөлімдерінен келген санитар нұсқаушылар мен фельдшерлер дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейінгі жедел көмек көрсету бойынша, әскери-медициналық, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және эпидемиялық іс-шараларға қатысты теориялық сұрақтарға жауап берді.

Практикалық бөлімде сайысқа қатысушылар арнайы Ш-4 белдіктерін қолдана отырып, бронды тасымалдаудан жаралыларды алып шығудан уақытқа сайысты.

2014 оқу жылғы үздік санитар нұсқаушы сайысының нәтижесі бойынша бірінші орынды 44793 әскери бөлімі медициналық пунктінің фельдшері аға сержант Айжан Арыстанбаева, екінші орынды 44793 әскери бөлімі медициналық пунктінің фельдшері Әсем Жарқынбаева жеңіп алды, үшінші орынға 40398 әскери бөлімі 1 мотоатқыштар батальонының фельдшері сержант Любовь Суслова лайық болды.

Сайыс қазіргі оқу жылының «Кәсіпқой маман – Армия негізі» ұранымен өтті. Жеңімпаздарға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының алғыс хаттары тапсырылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
521

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 10 наурызында Солтұстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында орналасқан Смирнов ерекше қорғалатын табиғи аумағында облыстық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Ямаха» қарда жүргіш көлігін пайдалана отырып, сібір еліктерін заңсыз аулаған Петропавл қаласы мен Астраханка ауылында тұратын екі азаматты ұстады.

Тексеру барысында 11 сібір елігі, 12 калибрлі 2ИЖ-58МА мылтығы, 16 калибрлі тіркелмеген аңшылық қару, 16 калибрлі қос қауыз мылтық, балта, пышақ, «Ямаха» қарда жүргіш көлігі табылып, тәркіленді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-27/

 
0
0
294

Сүйінбай Аронұлы, Суюнбай Аронулы, Suinbai Aronuli, «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы

 

Акын в степи, не превзойденный,

Он мастер слов, где есть айтыс.

Все точно, в миг определенный,

Остры слова, где нет границ.

 

Писал задумчиво, поэмы,

Батыром был, защитник он.

Как Карасай, Саурык, сражался,

Где слышен был, в степи лишь стон.

 

Он не сдавался, в силе слова,

В себе уверенным, он был.

Высоты брал, легко и снова,

И лишь поэзией, он жил.

 

Поэт великий и мыслитель,

Жамбыл Жабаев, говорил.

Что Суюнбай, кумир, учитель,

Что в справедливости он жил.

 

Суть, героического эпоса,

Он очень точно, воспевал.

Не ясность, не было вопросом,

Он в мыслях, высоту создал.

 

Ведь сила слово, велика,

И грань ее, совсем тонка.

Великий, Суюнбай ата,

Ядро поэзий, простота.

 

Да, жил так Суюнбай ата,

Как свет, где была темнота.

Где память есть и чистота,

Там чтит народ и на века.

 

Молитву, в памяти прочтем,

Найдем, мы нужные слова.

Здесь, покровительства найдем,

Ведь память, все еще жива.

 

Народ, приходит к вам всегда,

Да будет, вечная хвала.

Пусть будет пухом, Вам земля,

Покой Вам, Суюнбай ата.

0
3
3823

Депозитті кепілдендірудің 7 қағидасы

1) Кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің кез келген депозиті мен банктегі шоты.

2) Мемлекеттік кепілдік бір банктегі жалпы соммасы 5 000 000 теңгеден аспайтын барлық шоттарға таралады.

3) 2013 жылдың 1 қазанына арналған депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қорының мәліметтеріне сәйкес, шоттардың 99,6%-ы 5 000 000 теңгеге дейінгі депозиттерді құраған.

4) Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден тура келеді екен.

5) Қазақстанда қазіргі уақытта ««Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ мен ««Астана-финанс» Банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 36-сы депозитті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

6) Кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы немесе өзге ел азаматы болсын) немесе жеке кәсіпкер бір банктегі ең жоғарғы лимиттен аспайтын кепілдендірілген сыйақы – 5 000 000 теңгені құрайтын соммада өз қаражатын орналастырса, өзіндік қорланымының орнын толтыруға мемлекеттен толық кепілдік ала алады.

7) Салым ақшаларды кепілдендіру туралы толық ақпаратты «Депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры» АҚ-ның байланыс телефонынан 8 800 080-10-20 немесе www.kdif.kz сайтынан білуге болады.


*vlast.kz сайтынан аударылды

1
0
783

Депозитті кепілдендіру турасында білуге тиісті нәрселер

*сурет biznes-cel.ru сайтынан алынды

Қазақстандағы ақшаны инвестициялаудың ең нәтижелі әрі қауіпсіз әдістерінің бірі депозит болып саналады. Банктегі депозиттік шотқа ақша жинау арқылы салымшы ақшасының санын ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар өзін қаржылық тәуекелден құтқарады. Мемлекеттік кепілдік бір банктегі жалпы соммасы 5 000 000 теңгеден аспайтын барлық шоттарға таралады.

Депозитерді кепілдендірудің Қазақстандық қорының ақпаратына сәйкес, кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің кез келген депозиті мен банктегі шоты.

Қазақстанда қазіргі уақытта ««Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ мен ««Астана-финанс» Банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 36-сы депозитті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

Яғни, кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы немесе өзге ел азаматы болсын) немесе жеке кәсіпкер бір банктегі ең жоғарғы лимиттен аспайтын кепілдендірілген сыйақы – 5 000 000 теңгені құрайтын соммада өз қаражатын орналастырса, өзіндік қорланымының орнын толтыруға мемлекеттен толық кепілдік ала алады.

2013 жылдың 1 қазанына арналған депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қорының мәліметтеріне сәйкес, шоттардың 99,6%-ы 5 000 000 теңгеге дейінгі депозиттерді құраған. Оларға: талап етілуге дейінгі салым ақша, жедел және шартты салым ақша, теңге және шетел валютасының ағымдағы шоттарындағы ақша қалдығы (шот-карталардағы ақша қалдығының есебімен) жатады.  Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден тура келеді екен.

Айта кетерлігі, 36 банктың біреуі банкротқа ұшыраған жағдайда, соттың тиісті шешімі күшіне енгеннен кейінгі 14 жұмыс күні аралығында депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры салымшыларға төлемақысын өтеп бастауы тиіс.

Салымшы кепілдендірілген өтеуді алу үшін бар болғаны агент-банкке банк шоты (банк салымы) мен салым құжаттарының келісім-шарттарының түпнұсқасы мен көшірмесін, салымшының жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін және кепілдендірілген өтеуді алу жөніндегі жазбаша арызын беруі тиіс.

Бастысы – мемлекеттік кепілдеме тек депозиттің негізгі сомасына ғана емес, сонымен қатар оның капиталға айналған жағдайдағы жинақталатын сыйақыға таралады.

2006 жылдың 7 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне орналастырылған депозиттерді міндетті кепілдендіру жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңы депозиттерді сақтау аймағын реттейтін басты нормативтік құқықтық акті болып саналады.

«Депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры» АҚ – «банктың мәжбүрлеп жабылуы жағдайында депозиторлардың құқықтары мен заңдық мүддесін сақтау және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қаматамасыз етуге көмек көрсету мақсатымен» 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым.

Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк болып саналады.

Салым ақшаларды кепілдендіру туралы толық ақпаратты «Депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры» АҚ-ның байланыс телефонынан 8 800 080-10-20 немесе www.kdif.kz сайтынан білуге болады.

 
1
0
1501