Мазмұнға өту

Жаңа

«Маған негізі сенің к...ің ұнайды»

Анайылау сөз қосып рэп айтатын жастар көбейіп барады. Бұл қазір көпшілікке жаңалық та емес шығар. Бірақ осындай үрдіс белең алып жатқаны дұрыс па деген сауал туындайды. Мұны ақыл таразысына салған көзіқарақты азаматтың оған жауабы дайын. Десек те, рэпер жігіттердің, яғни «KENTTER» тобының бұған қатысты өз уәждері бар. Соны пікір қазанына тастап, қайнатуды жөн санап отырмыз. Басынан бастап айтайық. Бізге шығармашылығын, рэп жанрына қатысты ойларын әңгімелеп берген рэпер Мади Қадырханов 1990 жылы тамыз айында дүниеге келген. Талғардың тумасы. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Мамандығы – мұнайшы-механик. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс жасамайды. «Оптимистпін, кез келген нәрсенің, істің аяғы жақсы болатынына сенемін. Бір жағынан, «қуғынбайлығым» мен тентек…

0
0
1755

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды.

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. «BNews.kz», 13.03.2014ж.
Орал полицейлері 350-ден астам қару-жарақты жойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция «КазАрмаӨнеркәсіп» АҚ-та өтті. Қару-жарақ бұрынғысынша арматура зауытының балқыту пештеріне салынады. Онда полицейлер полиэтилен мөшектерге салып аңшылық қарулар, шолақ мылтықтар және газ тапаншалар әкеледі.   

Пешке 328 тегіс оқпанды мылтық, 7 шолақ мылтық, 17 газ тапанша мен револьвер және 2 электрошокер салынды.

2013 жылы ерікті түрде қару тапсырған облыс азаматтарына 12 млн теңге бөлінді. Халықтан қару-жарақты сатып алу акциясы биыл да жалғасын табады. Бұл мақсатқа 13 млн теңге қарастырылған.

0
0
226

Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде. 69 келіге дейінгі салмақта 18 жасар қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер жалпы көлемі 298 келі (132+166) салмақты бағындырып, жастар арасында үздік атанды. Тағы бір отандасымыз 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Әділбек Балхаев 269 келі (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да Қазақстан құрамасының балғын спортшылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Селімхан Әбубәкіров 350 келі (160+190) көрсеткішімен 94 келіден жоғары салмақ спортшылары арасында чемпион атағын жеңіп алды. 69 келі салмақта күш сынасқан Михаил Макеев болса, ирандық Киануш Багерикордасуябидан сәл ғана қалыс қалып, 2-орынға табан тіреді.…

0
0
390

ШҰҒЫЛ: «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.

Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.

Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.

Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында «Барыс» хоккейшiлерi «Ақ Барс» пен «Сiбiр» арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп — 2:2.

Басты сөздер: Спорт
0
0
245

«Қайраттың» қарсыласы анықталды

Шағын футболдан УЕФА Кубогының финалдық кезеңіне жеребе тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы «Hilton» қонақ үйінде болған жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Алматының «Қайраты» УЕФА Кубогының жартылай финалында Мәскеудің «Динамо» командасымен кездеседі. Ал, екінші жұпта әзірбайжандық «Араз» клубы мен испандық «Барселона» командалары ойнайтын болады. «Қайрат» пен «Динамо» арасындағы жартылай финалдық кездесу 24 сәуір күні 15:30-да өтетін болса, алаң иесі «Араз» бен «Барселона» арасындағы ойын дәл сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. Ал, үшінші орын үшін өтетін кездесулер 25 сәуір күні болса, финалдық кездесу 26 сәуір күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл ойындардың нақты уақыты әлі белгіленбеген. Айта кетейік, шағын фу…

0
0
224

Үш балуанымыз үздік ондықтың қатарында

Халықаралық күрес ассоциациясы (ФИЛА) еркін күрес балуандарының жаңа рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстанның үш балуаны үздік ондықтың қатарына енген, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жаңа тізімді ФИЛА балуандардың ақпан айында көрсеткен өнерлеріне байланысты жасаған. Тізімде қазақстандық балуандардың ішінде ең жоғары көрсеткішті 57 келіде белдесетін Руслан Қалиев көрсетіп тұр. Жыл сайын Иран жерінде өтетін «Тахти Кубогі» деп аталатын турнирде екінші орын алған Руслан тізімнің алтыншы сатысына орналасқан. Бұл салмақта ирандық балуан Хасан Рахими бірінші орында тұр. Екінші орында үндістандық Амит Кумар болса, үздік үштікті ресейлік Нариман Исрапилов түйіндеп тұр. 61 келі салмақта отандасымыз, «Тахти Кубогінде» топ жарған Дәулет Ниязбеков тізімнің жетінші сатысанан орын алыпты. Бұл салм…

0
0
469

«Еуразия барысы» Еуропада өтуі мүмкін

Былтыр қараша айында қазақ күресінен Жамбыл облысында мәресіне халықаралық «Еуразия барысы» турнирін өткізуге сұраныс білдіріп отырған елдер көп деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевқа сілтеме жасап. «Еуразия барысы» турнирін бірінші рет өткізгеннен кейін біз үшін таңсық болды. Осыдан кейін қазақ күресіне қызығушылық білдірген басқа мемлекеттер өте көп болды. Мысалы, Ресей, Польша секілді елдерде қазақ күресінің федерациясы ашылып жатыр. Осы тәжірибені жалғастыра отырып, біраз шараны қолға алсақ дейміз», — деді Арман Шораев. Қазақ күресін дамытуға қатысты көптеген жұмыстар жасалып жатқандығынан Арман Шораев мысал келтірді. Мәселен, биыл Түркияда өтетін халықаралық сайыс бағдарламасына қазақ күресі еніп отыр екен. «Халықа…

0
0
667

Отандық телехикаялардың бүгіңі

Осы кезге дейін отандық телеарналарда түрік пен кәріс телехикаялары көрермендерге ұсынылып келген болатын. Әлдеқашан олардың пайдасы мен зияны толық зерттелді.Өткен жылдың қараша айында: «Қазақстан аумағында шетел сериалдарын мемлекеттік телеарналар эфирлерінде көрсету тоқтатылды» - деп Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді. Алдағы уақытта шетелдік телехикаяларды отандық өнім баса ала ма? Бұл хабарға біреу қуанса,біреу қарсы пікір білдірді. Соңғы он жыл ішінде қазақстандықтардың жүрегін бразилия, мексика, түрік, кәріс сериалдары жаулап үлгерген.Олардың ішінде: “Сүлейман сұлтан”, “Келін”,“Күзгі жапырақтар”,“Жігіттің сарбаздары F4”, “Менің сүйікті ханшайымым” және т.б. Бұл телехикаялар негізінен үй шаруасындағы келіншектермен және зейнеттегі апалардың уақыт өткізуіне…

1
0
1075

ҚР Қорғаныс министрлігі:Талдықорған гарнизонында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысымен танысу мақсатында Талдықорған гарнизонындағы жұмысын бастады. Талдықорған гарнизонында Аэроұтқыр әскерлерінің десантшылар бөлімі мен авиациялық әскери бөлім шоғырланған. Жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен ерекшеленген десантшылар бөлімінің жеке құрамы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің құрамына кіреді. Бригаданың жеке құрамы толықтай келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған. Жеке құрам заманауи қару жарақ және әскери техникамен жарақтанған және ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының кез келген тапсырмасын орындауға әзір. Әскери ұшқыштар еліміздің әуе кеңістігін қорғауда жа…

0
0
458

Сүймесеңде, сүйемін деп айтасың

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сүймесеңде, сүйемін деп айтасың,

Жан – жағыңа, ұран тұтып жатасың.

Сүйемін деп, өзіңе де мың айттың,

Мына түріңмен, қайда жаным барасың.

 

Сүйемін деп, талайларға сен айттың,

Сүйем, күйем, үйленемін деп жаттың.

Нақ етерін, мен сұрасам, білмейсің,

Мына түріңмен, сен алысқа жетпейсің.

0
1
409