Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депозиттерге кепілдік беру туралы не білеміз?

Сурет timeua.info сайтынан алынған

Қазақстанда ақшаны инвестициялаудың ең тиімді және қауіпсіз тәсілдерінің бірі депозиттер. Салымшы, банктегі депозиттік шотқа қаражат жинау арқылы, оның көлемін арттырып қана қоймай, өзін ақшаға байланысты туындайтын қаржылық тәуекелдерден сақтайды. Бір банкте ашылған шот соммасы 5 000 000 теңгеден аспаса, оған мемлекет кепілдік береді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпаратына сәйкес, кепілдік берілетін депозит – бұл депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің депозиті немесе банк шоты (карточкалық шоттарды қоса алғанда).

Қазіргі уақытта Қазақстанда 38 банк қызмет атқарады, олардың 36-сы депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары. Бұл тізімге кірмеген екеуі – «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ және «Банк «Астана-финанс» АҚ.

Бұл кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы, және де өзге республиканың азаматы) немесе жеке кәсіпкер 5 000 000 теңгеден, яғни бір банктегі кепілдік беру сыйақысының белгіленген максималды лимитінен, асып түспейтін соммада өз ақшалай қаражатын орналастырған жағдайда жеке қорларын өтеу үшін мемлекеттен толық кепілдікті алады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметтеріне сәйкес 2013 жылдың 1 қазанына дейінгі мағлұмат бойынша шоттардың 99,6 %-ын 5 000 000 теңгеге дейінгі шоттар қамтыды. Олардың ішінде: талап етілмелі салымдар, мерзімді және шартты салым ақшалары, теңгеде және шетелдік валютада ашылған ағымдағы шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттардағы ақша қалдықтарын қоса алғанда). Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден келеді.

Айта кетерлік жайт, 36 банктің бірі банкроттыққа ұшыраған жағдайда, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры соттың сәйкес шешімі күшіне енгеннен кейінгі 14 жұмыс күні ішінде салымшыларға төлемақы төлеп бастауы тиіс.Сурет qazaqbanki.kz сайтынан алынған

Кепілдікті өтемді алу үшін салымшы агент-банкке келесі құжаттарды ұсынуы тиісбанк шоты (банк салымы) шартының және салым құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері, салымшының жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмелері және кепілдікті өтемді алу жөніндегі жазбаша өтініш.

Маңыздысы, мемлекеттік кепілдік беру депозиттің негізгі соммасын ғана емес, сонымен қатар есептелінген сыйақы капиталдандырылған жағдайда оны да қамтиды.

Депозиттердің мүлтіксіз сақталу аясын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актД – ол 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.Сурет bnews.kz сайтынан алынған

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ – «банктің мәжбүрлі түрде таратылу жағдайында депозитордың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамассыз етуде жәрдемдесу мақсатында» 1999 жылы құрылған бейкоммерциялық ұйым.

Қордың жалғыз акционеріҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Салымдарға кепілдік беру туралы толығырақ ақпаратты «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның шұғыл байланыс телефоны бойынша 8 800 080-10-20 немесе www.kdif.kz сайтынан алуға болады.

*Бұл мақала аударма материал, түпнұсқасы мында.
0
0
2494

Осы тақырып бойынша

Депозиттерге кепілдік беру туралы не білеміз? - Yvision.kz