Мазмұнға өту
bota88

bota88

Сайтта 2014 ж. 6 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Наурыз құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман, елбасымыз коп жасасын! Алла девальвация,  инфляция,  кризис дегендерден сақтасын!

2
0
390

«Балам, көзімдi емдеп бер, сериал көре алмай журмiн» деп, бір әже көз дәрігеріне келіпті.

"Балам, көзімдi емдеп бер, сериал көре алмай журмiн" деп, бір әже көз дәрігеріне келіпті. Сериал болмаса, ол әжеміз дәрігер көмегіне жугiнер ме еді, беймәлім. Қазақта аурудың алдын алу деген мүлдем жоқ, жыл сайын дәрігерге қаралу ойда жоқ. "Көз тиды, тіл тиды" деп "бісмилланы" айтып журе береді.

1
0
449

Аллергияга шалдыккандарга бәліш, арнайы рецепт

5 стакан ұн

2 стакан жылы су

1 ас қасық дрожжи

1 ас қасық тұз

1/3 стакан өсімдік майы

Калаганынызша пияз

Петрушка, укроп

 

Дайындалуы:

Ыдысқа су құйып, дрожжи, тұз салып, араластырып,  30 минутка койыныз.

Сол уакытта пиязды майга куырып койыныз.

30 минут өткенде дрожжи аралас суға 5 стакан ұн косып, қамыр илейміз. Содан қамырды 1 сагат дылы жерге койып, көтерілгеннен кейін калаганынызша қалыңырак етіп есіңiз. Үстіне куырылган пиязды салып, 220 градуста 20 минут пісіру керек.

Жұмыртқа,  сут өнімдеріне аллергиясы барларға жақсы.

1
0
1295

Дарынды дәрігер

Дарынды дәрігер "Дүниеде ен маңызды мамандыққайсысы" деген сұраққа бәріміз дәрігер деп жауап кайтаратынымыз сөзсіз.Себебі, бәріміздің ен басты байлыгымыз солардың қолында. Танiмiз ауырса да, жанымыз ауырса да дәрігерге барамыз. Дәрігер науқастың дұрыс емін тауып, жанын тыныштандырып, болашағына үмітін арттырады. Дәрігерлердің көбін көрдім, пайда табу мақсатында жоқ ауруды бар дегендерді де, байсың, кедейсің деп бөлетінін де, дөрекілік мінезділерди де, білімсізiн де. Осы себептен шығар, халқымыздың көбі дерттің емін бақсы, емшілерден іздейтiнi. Дегенмен арамызда дарынды, нағыз дәрігерге тән қасиеттерге ие, дәрігерлікты кәсіп қылып отырган азаматтар да бар. Соларға айтар алғысым шексіз! Олар әрдайым ізденіс жолында. Медицинаны қаражат көзіне айналдырмай, Алланың алдында сауап үшін ғана қызм…

1
0
530

Сервистi жақсартуға 3 қадам (тұтынушыларға)

Сервистi жақсартуға 3 қадам (тұтынушыларға) Барлығымыз қаламыздағы қызмет көрсету саласының дамып жетілгенин қалаймыз: дүкен, дәмхана, халыққа қызмет көрсету орталықтары заман талабына сай болсын дейміз. Сауда орталықтарында қызмет көрсету деңгейі жоғары, тез, сапалы болғанын күтеміз. Бүгінгі таңда сервис қандай күйде? Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапалы болу үшін не қажет? Әрине, мемлекет тарапынан тұтынушылардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету аса маңызды. Тұтынушыларды тауарды сатып алуға ынталандырудың амал - жолдарын iздестiрiп, маркетинг мамандарының көмегіне жүгінетин сауда орталықтар иелері де аз емес. Тiпті, сауда орын иелері, қызметкерлері арасында арнайы HR мамандары шакырылып, "керек тауарды таңдауға көмектесу (консалтингттик көмек)","мәдениетті сөйлесу", "өзін - өзі…

1
0
612

Аналар күні

Шуақты наурыз айы аналар мерекесін алып келді,  жұрт опыр топыр сыйлықтар таңдап жүр... Мен де сол мақсатпен шықтым.  Ойыма карттар үйінде тұрып жаткан апа әжелердi елестеттім. Жуырда теледидардан қарттар үйін көрсетті. Жайлы да жылы бөлмелер,  мекеменің пейілді қызметкерлері... тек немерелерінiн күлкісі жок, "ана" дейтін бала жок. Азған адам ба, жоқ, қоғам ба? Кемпір- шалды жылата тастау неден болады? Амал жоқтан ба, ата - анадан бас тартып, карт адамды күту бейнетінен арылу максатын көздегеннен бе, заман талабы ма?

Әлемнiн жарыгын сыйлағандарды қадірлейікшi, ағайын!

1
0
875