Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды

Ағымдағы жылдың 12-наурызында  "Интерфакс - Қазақстан" баспасөз орталығында 27 қаңтар - 12 ақпан аралығында өткізілген "Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы" туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды.

Еліміздің 14 облысын қамтыған бұл зерттеу нәтижесі 1200 қаржылық қызметті тұтынушының жауаптарын қорытындылау барысында жасалды.

Респонденттердің қаржылық сауатын тексеру мақсатымен 55 сұрақ қойылды. Сауалдардың қойылуы барысындағы зерттеу нысандарын 5-ке жіктеуге болады:

  1. қаржылық қызметтің орындалуына тұтынушының баға беруі;
  2. тұтынушының қаржылық сауаттылық деңгейін тексеру;
  3. тұтынушының қаржылық тәртібін (қылығын) байқау;
  4. отбасы бюджетінің жоспарлануына баға беру;
  5. тұтынушы таңдауын білу: банктер, қаржылық қызметтер, т.б.;

Баспасөз конференциясына қатысқандардың сұрағына kaspi bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының басшылары - Салтанат Жарасова мен Гүлмира Арбабаева жауап беріп отырды.

Зерттеу нәтижелерін келесі инфографикадан қараңыз.

 
1
0
1318

Осы тақырып бойынша

«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды - Yvision.kz