Мазмұнға өту
Nazarda

Назгүл Назар

@Nazarda

Сайтта 2014 ж. 6 ақпанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

9

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

14

Ойда бар нәрсе – істе бар!

Дизайнер болып, өзіндік брэнд ашуды армандайтын талантты да талапты бойжеткен Мариям Бақытжанның шығармашылығымен таныс болыңыздар! - Сәлем, Мариям! Дизайнерлік салаға деген қызығушылық қашан пайда болды? - Сәлем! Негізінде, дәл мына кез деп атап айта алмаймын, себебі, бала күнімнен сурет салуды жаным сүйетін. Әсіресе, сурет сабағына арналған альбомдарым тізілген қыздардың суретімен-ақ толатын. Мектепте де, математикадан бөлек, сурет сабақтарына ерек көңіл бөлетінім есімде... Менің қуыршақтарым да көп болатын, бірақ, ойнағаннан гөрі мен оларға сан түрлі сәнді киім тіккенді ұнататынмын. - Десе де, аталмыш саланы «болашағым» деп таңдауыңа түрткі болған нәрсе бар шығар?! - Иә, әрине. Менің дизайнер боламын деген мақсатты шешімімнен бұрын, осы саланы арман тұтуыма, бұл сала турасында дамуыма…

1
0
4439

«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды

Ағымдағы жылдың 12-наурызында "Интерфакс - Қазақстан" баспасөз орталығында 27 қаңтар - 12 ақпан аралығында өткізілген "Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы" туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды. Еліміздің 14 облысын қамтыған бұл зерттеу нәтижесі 1200 қаржылық қызметті тұтынушының жауаптарын қорытындылау барысында жасалды. Респонденттердің қаржылық сауатын тексеру мақсатымен 55 сұрақ қойылды. Сауалдардың қойылуы барысындағы зерттеу нысандарын 5-ке жіктеуге болады: қаржылық қызметтің орындалуына тұтынушының баға беруі; тұтынушының қаржылық сауаттылық деңгейін тексеру; тұтынушының қаржылық тәртібін (қылығын) байқау; отбасы бюджетінің жоспарлануына баға беру; тұтынушы таңдауын білу: банктер, қаржылық қызметтер, т.б.; Баспасөз конференциясына қатысқандардың сұрағына kaspi bank басқ…

1
0
1317

Депозитті кепілдендірудің 7 қағидасы

1) Кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің кез келген депозиті мен банктегі шоты. 2) Мемлекеттік кепілдік бір банктегі жалпы соммасы 5 000 000 теңгеден аспайтын барлық шоттарға таралады. 3) 2013 жылдың 1 қазанына арналған депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қорының мәліметтеріне сәйкес, шоттардың 99,6%-ы 5 000 000 теңгеге дейінгі депозиттерді құраған. 4) Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден тура келеді екен. 5) Қазақстанда қазіргі уақытта ««Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ мен ««Астана-финанс» Банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 36-сы депозитті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады. 6) Кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы немесе өзге ел азаматы болсын) немесе жеке кәсіп…

1
0
724

Депозитті кепілдендіру турасында білуге тиісті нәрселер

*сурет biznes-cel.ru сайтынан алынды Қазақстандағы ақшаны инвестициялаудың ең нәтижелі әрі қауіпсіз әдістерінің бірі депозит болып саналады. Банктегі депозиттік шотқа ақша жинау арқылы салымшы ақшасының санын ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар өзін қаржылық тәуекелден құтқарады. Мемлекеттік кепілдік бір банктегі жалпы соммасы 5 000 000 теңгеден аспайтын барлық шоттарға таралады. Депозитерді кепілдендірудің Қазақстандық қорының ақпаратына сәйкес, кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің кез келген депозиті мен банктегі шоты. Қазақстанда қазіргі уақытта ««Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ мен ««Астана-финанс» Банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 36-сы депозитті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары…

1
0
1422

Іскерлік журналистика: не? қайда? қашан?

Стереотипті қалай бұзамыз? *сурет www.lookatme.ru сайтынан алынды Журналистика табалдырығын аттаған адам, оның мұзарт шыңына өрлеуді қалап тұрады. Ол – заңды құбылыс. Бірақ, аталған мұзарт – іскерлік журналистика болса ше? Оны бағындыру қаншаудың қолынан келеді және олардың қауқары қаншалықты мықты болмақ? Бұл сұрақтардың тізбектеліп туындайтыны да заңды құбылыс. Себебі, экономикалық фундаменті дұрыс қалыптаспаған қазақстандық журналистиканың бұл сала төңірегіндегі маман даярлау қарқыны әлі күнге жүйесіз құбылыс екеніне көзіміз нақ жетеді. Бірақ мәселе тек жүйесіздікте емес, қалыптасып, қарысып қатып қалған стереотипте болып тұр. Ол нендей стереотип? – Журналистиканың маңын жағалап, оның әлеміне қабылдануды армандайтын қаншама жасөспірім бар делік. Тіпті, сол алып әлемге олар қадам басты…

0
1
4464

Біз шыға алмас асу жоқ!

«Уақыт қарқыны зымыран» деген Елбасының қанатты сөзін үнемі жадымда сақтап жүремін. Себебі, уақытты бағалай білетін, оны тиімді пайдалануды толық меңгерген адам ғана болашақтың тізгінін ұстай алатынына мына заман күннен-күнге көзімді жеткізумен келеді. Әкем де болса, осы себептен «уақытыңды жоспарла!» деп кішкентайымнан санама құятын. Күнде, ұйқтардың алдында әкем екеуміз отырып, сабақ даярлайтын үстелімнің оң жақ шетінде толып тұратын ақ парақтың бір данасын алып, шимақтай бастаймыз: ертеңгі ататын таңнан батар кешке дейінгі уақытым мен міндетімді тізбектейміз келіп. Уақытқа сәйкес тұрған әр мендік міндеттің қасына қара түсті қаламмен бос шаршының суретін салғанды қызық көретінім есімде. Бірақ әр шаршының үстінен ертеңгісін дәл осы уақытта "қанат" белгілерді тізе қоюды жаным барлық істен…

6
0
817