Мазмұнға өту
kaz_almas

kaz_almas

Сайтта 2014 ж. 8 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

10

«Қазақстандағы» түрікше жайлылық

Өткен жылдың аяғында "Қазақстан" қонақ үйінің менеджерлері ауысты. Сол уақыттан бері қонақ үйде бірқатар өзгерістер болып, іші-сырты түрлене түсті. Өткен аптада "Қазақстанның" топ-менеджерлері Шенол Йорганджи мен Шейхмус Есин қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырып, ғимараттың осы уақытқа дейін өзгеріске ұшыраған тұстарын көрсетіп, еркін әңгіме барысында қонақ үй бизнесінің ерекшеліктерін баян етіп, келешек жоспарларымен бөлісті. Қонақ үйге келген адам үшін жайлы нөмір, дәмді ас, тыныштықта отырып дем алатын жерден ойын-сауық орындарына дейін барлығы қарастырылған. Қонақү йдің жазғы террасасы, банкет залы жөндеуден өткен. Итальян мейрамханасы салынуда. Қазірдің өзінде нөмірлердің біршама бөлігі жөнделіп жатыр. Қонақ үйді жауып тастап, түгелімен жөндеуден өткізейін десе,…

0
0
5273

Жанұялық бюджет жүргізудің 4 қағидасы

Тапқан ақшаңыздың барлығы жұмсалып кете бере ме? Шығындарыңыз табысқа тең немесе одан асып түсе ме? Ақшаны жинағыңыз немесе көбейткіңіз келе ме? Осы сынды мәселелерді шешу жолы - сауатты жанұялық бюджетті қалыптастыру. Халықаралық Бизнес Академиясында осы оқу орны мен kaspi bank-тің ұйымдастыруымен "Полет за горизонт" жобасы іске асырылуда. Бұл жоба "Қаржы мәдениеті" ағартушылық бағдарламасының аясында әзірленген. Аталған оқу орнының студенттеріне арнап "Kaspi Bank" АҚ Атқарушы директоры Александр Емешев "Жанұялық бюджет" тақырыбында сөз қозғады. Жанұялық бюджетті құрастырудағы негізгі төрт қағида аталып өтті. Солармен сіздер де таныс болыңыздар: 1. Табыс шығыстан жоғары болуы тиіс, ақша аспаннан түспейді. Табысыңыздың барлығы шығындылатын болса, немесе қажеттіліктеріңізді өтеу үшін тапқа…

0
0
2283

SMS-шабуылдан бері банктердің жағдайы қалай өзгерді?

Ұлттық банк қазақстандық екінші деңгейлі банктерінің депозиттік базасы жайлы мәліметтерді жария етті. Биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі шамамен 169 млрд теңгені құрады. Осы үш банк депозиттерінің жылыстауы келесідей: "ЦентрКредит Банкі" - 14,7%, "Kaspi Bank" - 16,8%, "Альянс Банкі" - 30,9%. kaspi bank депозиті көрсеткішінің төмендеуі 16.8% құрады. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес болжанған көлемнен 20-30%-ға төмен. Қазіргі кезге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35% қайтып келіпті. Осы жайлы kaspi bank төрағасы: Михаил Ломтадзе: "Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Наурыз айында салымдардың кетуі 22%-ға, 16.8%-дан 12.9%-ға төмендеді.…

0
0
891

Капиталдандыруы бар және капиталдандыруы жоқ депозит

Сурет www.onemint.com сайтынан алынған Сізге депозит ашу туралы ой келді делік, сол ой сізді жетелеп, банкке алып барды делік. Банктегілер: "Сіз капиталдандырумен немесе капиталдандырусыз депозит ашқыңыз келе ме?", - деген орынды сауал қою мүмкін. Осы сәтте дұрыс таңдауды жасау үшін алдымен осы екеуінің не екенін ажыратып алайық. Жалпы банк салымы пайыздардың есептелуін ұйғарады. Бірақ осы пайыздар салым табыстылығының жалғыз өлшемі емес. Тағы бір маңызды көрсеткіш - ол пайыздардың есептелу тәртібі. Осыған байланысты салымдар екі түрге бөлінеді: қарапайым депозиттер және пайыздары капиталдандырылатын салымдар. Осылайша қарапайым салым бойым бойынша пайыздық табыс, әдетте, шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін есептелініп, төленеді, немесе осы әрекеттер белгілі бір уақыт аралықтары…

0
0
1454

Депозиттерге кепілдік беру туралы не білеміз?

Сурет timeua.info сайтынан алынған Қазақстанда ақшаны инвестициялаудың ең тиімді және қауіпсіз тәсілдерінің бірі депозиттер. Салымшы, банктегі депозиттік шотқа қаражат жинау арқылы, оның көлемін арттырып қана қоймай, өзін ақшаға байланысты туындайтын қаржылық тәуекелдерден сақтайды. Бір банкте ашылған шот соммасы 5 000 000 теңгеден аспаса, оған мемлекет кепілдік береді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпаратына сәйкес, кепілдік берілетін депозит – бұл депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің депозиті немесе банк шоты (карточкалық шоттарды қоса алғанда). Қазіргі уақытта Қазақстанда 38 банк қызмет атқарады, олардың 36-сы депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары. Бұл тізімге кірмеген екеуі – «Al Hi…

0
0
2493