Бүгін Астанада ҚР Суретшілер одағының мүшесі Елена Тёнің көрмесі ашылады
ҚазАқпарат, 14.03.2014 Бүгін «Рамада Плаза Астана» отелінің «Шежiре» қазіргі заманғы өнер галереясының көрме залында сағат 16.30-да ҚР Суретшілер одағының мүшесі Елена Тёнің «Жандану» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Елена Тё өзінің туындыларын Астанада алғашқы рет 2002 жылы «Шежiре» галереясында көрсетті. Суретшінің шығармашылық қолтаңбасы Астанада да танымал, оның жұмыстарына қызығушылық білдірушілер көп. Елена көктемнің келуімен астаналықтарды өзінің көркем жаңалықтарымен, шығармашылық дамуының нәтижелерімен, ізденістерімен, тәжірибелерімен қайта бөліспекші. Суретші Алматы қаласында туған, Н.В. Гоголь атындағы көркем училищеде оқыған, кейін Абай атындағы АМУ көркем-графикалық факультетін бітірген. 1991 жылдан республикалық және шетелдік көрмелерге қатысып жүр. Жұмыстары ТМД елдері, А…

