Мазмұнға өту

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде ерекше семинар-тренинг өтті

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде жас полиция қызметкерлердің қатысуымен  ерекше семинар-тренингі өтті. Бұл жиында аудандық , қалалық ішкі істер органдары мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және қонақ ретінде шақыртылған Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жас мамандары  да қатысты.

Семинар тренингте ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасының, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы, жол аптрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының  психолог инспекторлары қатысты. Қатысушыларға ұжымға тез сіңісіп кетуге және өзін өзі ұстауды үйрететін теориялық материалдар мен жаттығулар ұсынылды.

«Туған ахуалдан шығудын бірден бір жолы ол сіздің позитивті көңіл күйіңіз, күлкіңіз бен сыпайылығыңыз. Егер де сіздерде осының бәрі болса қиын жағдайлардан шығуға еш кедергі болмайды.» - деді Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының психолог-инспекторы полиция капитаны  Ләззат Мұрталімова.

Семинар барысында жұмысында тамаша көрсеткіштері мен, тәртібі жағынан ерекшеленген қызметкерлерді жас мамандармен жақынырақ тыныстырып кету және үлгі өнегеге тұрарлық  адамдарды ерекшелеу мақсатында ортаға шақыртылды. Жұмысында жілікті шаққан тергеушілер, жедел уәкілдер мен жол патрульдік полиция қызметкерлері өздерінің жұмысқа алғаш келген күннен кездескен қиыншылықтарды қалай жеңгендері және ұжымға бейімделу кезіндегі эмоцияларымен бөлісті. Кейін жас қызметкерлер арасында жиі кездесетін қорқыныш, стрес және  жанжалдардан қалайша құтылуға болатын жолдары көрсетілген бейне роликтер көрсетілді.

«Аталмыш шаралардың тек жас қызметкерлермен ғана мес сондай ақ барлық жеке құрам және басшылықтың қатысуымен әр дүйсенбі сайын өткізіледі.» - деді мамандандырылған күзет қызметі басқармасының психолог-инспекторы полиция аға лейтенанты Айгерім Ниязтайқызы.

Жиын сонында қонаққа келген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тәртіп сақшыларының психолог инспекторларының жүргізген семинарынан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің де стрестен қалайша жағатындықтарын да көрсетіп кетті.  Қадр жұмысы басқармасының қызметкерлерінің хабарлауынша аталмыш шаралар ұдайы өткізіліп отырмақ. Онымен қоса әр полиция қызметкері кез келген уақытта облыстық ведомстваның әр бөлімінде тіркелген психолог маманынан маманданрылған көмек сұрай алады.

СҚО ІІД баспасөз қызметі Ерлан Махметов

0
0
2206

Наурыз мерекесі құтты болсын!

«Қазақтелеком» АҚ Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтайды. Әз-Наурыз баршаңызға бақыт, береке, бірлік, қуаныш, денсаулық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміз аман, бауырымыз бүтін, халқымыз бақытты болып, Жылқы жылы жақсылыққа жете беріңіздер!

0
2
1247

Өзіме мәлім, жұртқа беймәлім

Иә, менің кім туралы жазбағым өзіме ғана мәлім. Ол жанды басқалардан ерекшелеп тұратын қасиеті-киім киісі мен мінезі деп айтуға болады. Ең алғаш кездескен сәтте, ауылдан келген менің көзіме бұзылған адамдай елестеген оның, кейін уақыт өте келе  адам баласына деген ерекше бір ықыласын сезіне бастадым. Басқалардың бойынан анық байқала бермейтін өжет мінез онда баршылық. Қай ортада болмасын, қандай жағдайда да ешкімге есесін жібермейді. Қазіргі заман талабына сай өмір сүргенді қалайды. Көбісі оны отбасы ошақ қасының емес, қызмет саласындағы карьераның биігінен елестетеді. Менің де ойым сондай. Кейде қызбалыққа салынып, дөрекі мінез көрсетсе, кейде одан асқан мейірімді адам жоқтай болады. Жалғыз оның емес, барлық адамның мінезі сондай.

1
0
487

Қорғаныс министрлігінде Наурыз мерекесі тойланды

ҚР Қорғаныс министрлігінде Ұлыстың Ұлы күніне орай «Армысың, әз-Наурыз!» атты меркелік іс-шара өткізілді. Аталған меркелік шараға қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін, мәдениетін, халықтар достығының мызғымас бірлігін көрсеттті.

«ҚР Қорғаныс министрлігінде бұл мерекелік іс-шара жыл сайын аталып келеді. Наурыз – барлық Қазақстан халқының мерекесі, сондықтан оны көпұлтты мемлекетімізде тұратын өзге ұлт өкілдерімен тойлау маңызды», -деп атап өтті ҚР ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы полковник Халжан Омаров.

Қазақ тілін жақсы меңгерген өзге ұлт өкілдерінен тұратын бірқатар әскери қызметшілер «Бесікке салу», «Наурыз көже», «Бата беру», «Қол күресі» сынды қазақ халқының салт-дәстүрінен, әдет-ғұрыптарынан және ұлттық ойындарынан көріністер көрсетті, қазақ ұлттық әндерін шырқады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
414

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлық сабақтары өтуде

«Айша бибі» полигонында «Оңтүстік» өңірлік әскерлері взводтарының жауынгерлік атыстары басталды. Мақсаты - барынша шынайы ұрысқа жақын жағдайда әрекет етіп, жаттығу міндеттерін іс жүзінде пысықтау болып табылады.

Бұл шаралар Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысының оқу процесін жаңа мазмұнмен толықтыру, жауынгерлік дайындықтың қарқынын күшейту туралы нұсқауымен үндесіп жатыр. Жақында Қорғаныс министрлігінде өткен жедел-стратегиялық жиында Елбасы жаттығулар қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге сай болу қажет деген еді.

Қазір «Айша бибі» полигонында 5-ші таулы атқыштар бригадасының бөлімшелері өздерінің дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл төл қарулы күштеріміз сапындағы бірден бір ерекше құрама болып табылады. Биыл бұл бригадада алғаш рет жауынгерлік дайындықтың жаңа тәсілдері тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіліп жатыр.

Жалпы взводтық жауынгерлік атыс барысында бөлімше командирлерінің, механик-жүргізушілердің, көздеуші-операторлардың және атқыштардың өзара үйлесімді жұмысына баса назар аударылады.

Сонымен қатар, таулы атқыштардың жеке дайындығына да айрықша мән беріледі. Олар қазір атыс қаруынан, танкіге қарсы гранатомет пен минометтерден, БМП-2 жауынгерлік машинасынан атып жаттығу үстінде.

Жаттығу барысында Қарулы Күштер түрлерінің өзара үйлесімді іс-қимылдары да пысықталуда. Атап айтқанда, Құрлық әскерлеріне Әуе қорғанысы күштерінің майдандық авиациясы әуеден қолдау көрсетуде. Авиацияның іс-әрекеті мен нысаналарын Құрлық әскерлерінің өкілдері қазіргі заманғы байланыс құралдары арқылы жерден бағыттайды.

Дәл осы уақытта «Теріс Ащыбұлақ» полигонында таулы-егерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері де өздерінің арнайы дайындықтарына кірісті. Олардың басты ерекшелігі - таулы аймақтарда және тікелей ұрыс қимылдары кезінде жылқыларды тиімді қолданып, әрекет етуі.

Үздіксіз жаттығу жұмыстары нәтижесінде аттар атыс-шабыстан мүлде үрікпей, бұйрықты жақсы түсініп, жауынгердің сенімді серігіне айналады. Бұл бөлімшелердің сарбаздарына қойылар талап да жоғары. Олар альпинизм әдістерін жақсы меңгеріп, арнайы құралдармен тау жартастарына шығып, түрлі кедергілерді жеңе білуге тиіс. Бұл үшін жалпы әскери ұрыс тактикасынан бөлек, өте жақсы дене дайындығы да қажет.

Осындай ұдайы жүргізілетін далалық дайындықтар кейіннен осы алған білім-тәжірибені жетілдіру мақсатында көптеген әскери бөлімшелердің қатысуымен өткізілетін ауқымды оқу-жаттығуларға ұласады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
596

Қолданыстағы сөздер

Қазіргі кезде "орындаушы", "домбырашы", "күйші" терминдерін қолдануда бір адасушылық бар сияқты. Мысалы бір күйшіні: "ол тек домбырашы не болмаса жәй ғана орындаушы" деп айтып жүрген достарымды көріп қайран қалдым. әр атауды қолданып күйшінің қасиетін, бірін екіншісінен кемсіту үшін қолданатын сияқты.
Жалпы орындаушы (шет тілінде исполнитель немесе performer) бір шығарманы халық назарына жеткізуші. яғни Композитор-орындаушы-тыңдаушы. бұл үрдіс көбінесе Еуропа өнерінде кездеседі, Ресейде тек ХХ басында ғана келіпті.
Домбырашы-күйді домбыра аспабында тартушы. Осы сияқты қобыз бен сыбызғыда күй орындаушыны қобызшы және сыбығышы.
Күйші-жалпы күйді тартушы. Бүгінгі күйде күй өнері кәсіби оқу білім беру үрдісіне айналғанда, әрине біріннің дейгейі төмен екіншісі жоғары болады. Ал "күйші" атауының қолдануы қазақ қазақ болағалы бері келе жатыр. ертеде домбыра тартушы халықтың назарымен іріктеліп, сұрыпталып "мыңнан бірі ғана" қалған.
Менің ойымша бүгінгі күнде, домбыра тартушының деңгейін көрсету үшін тек "Күйші" және "Домбыра тартушы" деп бөліп, қарағанымыз жөн...
көрсету үшін тек "Күйші" және "Домбыра тартушы" деп бөліп, қарағанымыз жөн...

0
0
883

«Казахскому обществу слепых» в г. Петропавлоск оказана спонсорская помощь в рамках программы «Даму-Көмек»

19 марта в Петропавловске областной филиал общественного объединения «Казахское общество слепых» получил необходимые ему канцелярские товары. Спонсором выступила директор консалтинговой компании «Business Masters» - Ирина Васильева.

На учете в областном Казахском обществе слепых Петропавловска состоит 865 инвалидов первой и второй группы по зрению. Организовать деятельность Общества - непростая задача. Это организация различных мероприятий, от конкурсов с участием художественной самодеятельности до собраний участников Общества с прослушиванием информации по государственным программам поддержки инвалидов, в том числе и для начинающих предпринимателей с ограниченными возможностями. Канцелярские принадлежности, закупленные компанией «Business Masters», необходимы филиалу общества слепых Петропавловска для организации мероприятий и предоставления отчетности.

http://www.damu.kz/15504

 
0
0
450

ДЗЮДО: Бауыржан Жауынтаев — Еуропа кубогының иегері!

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Түркияның Анталия қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында қызылордалық Бауыржан Жауынтаев жеңіс тұғырынан көрінді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Бауыржан 6 кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Еуропа кубогының иегері атанды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Бауыржанды білікті де білімді маман Қален Қалиұлы жаттықтырады. Енді Бауыржан үстіміздегі жылдың 3-10 сәуір аралығында Ресейдің Тверь қаласында болатын Еуропа кубоына қатысады. Одан кейін тағы да екі Еуропа кубогында бақ сынап, биылғы жылы Қытайдың Нанджинг қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарында Еліміздің намысын қорғамақ.

 
Басты сөздер: Спорт , Қызылорда облысы
 
0
0
359