Өзіме мәлім, жұртқа беймәлім
Иә, менің кім туралы жазбағым өзіме ғана мәлім. Ол жанды басқалардан ерекшелеп тұратын қасиеті-киім киісі мен мінезі деп айтуға болады. Ең алғаш кездескен сәтте, ауылдан келген менің көзіме бұзылған адамдай елестеген оның, кейін уақыт өте келе адам баласына деген ерекше бір ықыласын сезіне бастадым. Басқалардың бойынан анық байқала бермейтін өжет мінез онда баршылық. Қай ортада болмасын, қандай жағдайда да ешкімге есесін жібермейді. Қазіргі заман талабына сай өмір сүргенді қалайды. Көбісі оны отбасы ошақ қасының емес, қызмет саласындағы карьераның биігінен елестетеді. Менің де ойым сондай. Кейде қызбалыққа салынып, дөрекі мінез көрсетсе, кейде одан асқан мейірімді адам жоқтай болады. Жалғыз оның емес, барлық адамның мінезі сондай.
