11 елікті жайратқан браконер қолға түсті
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімі қызметкерлерімен 11 елікті заңсыз атып алды деген күдікпен облыстың екі тұрғының қамауға алды. Қаскөйлер Аққайын ауданында орналасқан «Смирнов мемлекеттік қорығында» аңшылық құрған. Заңсыз аң аулау фактісі 10 наурыз күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген кезекті рейд барысында әшкере болды. Лесное мен Қызыл-Жұлдыз ауылдарының арасындағы жол бойынан алыс емес жерден тәртіп сақшыларының назарына «YAMAHA Professional» қар көлігі мен екі жігіт көзге түседі. Күдіктілердің бірі осы жерде ұсталды. Ал екіншісі болса жасырбақ болғанына қарамастан көп ұзамай қолға түсті. Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды. «Облыс аумағында 11 сібір елігін заңсыз атып алу фактісі тілкелді. Брако…