Мазмұнға өту

Жаңа

«Ганновердің» бұрынғы футболшысы «Астанаға» келуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат — Болгариялық басылымның хабарлауынша, Чавдар Янков таяу арада елордалық клубтың ойыншысы атануы мүмкін. Болгария құрамасының 29 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазақстаннан бүгінде жерлесі Атанас Курдов өнер көрсетіп жүрген «Астана» футбол клубына келу туралы ұсыныс алған, деп хабарлайды Vesti.kz. Янков Болгарияның қазіргі чемпионатында «Славия» құрамында 16 матч өткізіп, төрт гол салған. Жас футболшы спорттық мансабының басым бөлігін Германияда өткізіп, «Ганновер» мен «Дуйсбург» командаларында өнер көрсеткен. Жалпы,ол Болгария құрамасында 39 матчқа қатысты. Айта кетерлігі, «Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян жаңа ойыншылар қабылданбайтынын және командадағы жеті легионердің орны толық екенін айтқан болатын. Бұған қоса, қазір клуб Қазақстан а…

0
0
523

Бойжеткендер арасындағы әлем чемпионаты

Ертең Польшада шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Онда Қазақстан бойжеткендері де сынға түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірден айтайық, бұл – 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы електік сыны. Түсінікті болу үшін таратып айтар болсақ, әлем чемпионатының екінші, тіпті ең төменгі – тобы. Бұдан жоғары бірінші топ бар, ал одан әрі – жоғары дивизион. Қазақстан қыздары бірнеше жыл болды, осы електік сыннан бірінші топқа да көтеріле алмай жүр. Шындығын айтуымыз керек, біздің елде жас қыздар тым аз. Бәсекелестік жоққа тән. Біле білсек, осы жас мөлшерінде Қазақстан қыздар құрамасын толық құрамда жасақтаудың өзі мұң… Негізі, електік сынға қатысу үшін құрама сапында 18 ойыншы, екі қақпашы болуы керек. Ал біз…

0
0
537

«Барыс» спорт клубы жеткіншектерге белбеу тапсырды

Алматыда «Барыс» таэквондо клубы өрімдей жас спортшыларын аттестациядан өткізіп, белбеу тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Барыс» таэквондо клубының бұл рәсімінде жас бүлдіршіндерден бастап, жасөспірімдерге дейін аттестациядан мүдірмей өткендер сары белбеуден қара белбеуге дейін иеленді. Барлығы 110 жеткіншек өз шеберліктерін паш етіп, олардың ішінде үшеуі қара белбеу иегері атанды. Басым көпшілігі – халықаралық додаларда жүлдеге ілігіп жүрген өрімдей қазақ жастары. Жалпы, «Барыс» таэквондо клубы (орталығы) 2008 жылы құрылған. Орталықтың құрылу мақсаты – таэквондоның біздің елдегі даму барысына үлес қосу және Қазақстан құрамаларына жоғары деңгейлі спортшылар дайындап отыру. Бұл орталықтың президенті – елімізге танымал спорт қайраткері Амалбек Тшанов. Жақында вице-президенті ауысып,…

0
0
428

УЕФА мен ФИФА «Газпромның» Еуропадағы футбол клубтарына ықпалын шектеуі мүмкін

Жексенбі күні Қырым тұрғындарының Ресейге қосылуына байланысты дауыс беру өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша, дауыс бергендердің 97% -ы идеяны қолдады. Бірақ, батыс елдері бұл саяси жағдайға көңілдері толмай, референдумды ешқашан мойындамайтындығын айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz. The Telegraph басылымының хабарлауынша, УЕФА мен ФИФА Ресейдің мұндай қадамы үшін түрлі шаралар қолдануы мүмкін. Атап айтар болсақ, бұл ұйымдардағы футбол шенеуніктері 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем біріншілігінен бас тартуы ықтимал. Сонымен қатар «Газпром» компаниясы демеушілік ететін шығыс Еуропа клубтарын УЕФА аясында өтетін турнирлерден шеттетуі мүмкін. Мысал ретінде «Газпром» компаниясымен келісім-шарты бар германиялық «Шальке» командасы айтылуда. Еуропарламент бұл команданың жетекшілеріне Бундесл…

0
0
430

Музыкально-юмористическое шоу «Көктем күлкісі»!

Смех – лучшее средство от весеннего авитаминоза! Свежая порция юмора от Кентау-шоу в музыкально-юмористической программе «Көктем күлкісі»! Концерт с участием популярных артистов разговорного жанра и эстрадных исполнителей пройдет в эфире телеканала Астана 22 марта в 13:00.

Повтор, в воскресенье 23 марта в 21:20.

1
0
1061

СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17-19 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Шараға 966 полиция қызметкері, жүзден астам әскери қызметшілер мен 74 полицияның қоғамдық көмекшілері тартылған. Олар наурыз мерекесі қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс атқарады. «Шараның алғашқы күнінде 533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 45-і ұсақ бұзақылық, 255-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактісі. Сонымен қатар ішімдік ішіп көлік басқарған 15 жүргізуші ұсталды, бір жүргізуші есірткі затын қабылдап көлікке отырған, 18-і жылдамдықты шамадан тыс асырған. Көші-қон полици…

0
0
470

ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Акцияға қатысушылар «Өскемен - Самар-Күршім» бағдары бойынша микроавтобуспен Кокпекті және Күршім аудандарына жолға шықты. «Жолда қабылдау» мобильді тобын ШҚО ІІД ӘПБ бөлімінің басшылығы мен «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков басқарды», - деп көрсетілген хабарламада. Осы шараға облыс бойынша «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінін 35 өкілі, 35 ішкі істер органдары ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты. ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы бөлімінің…

0
0
367

Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды.

Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды. «BNews.kz», 19.03.2014ж.Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды, деп хабарлайды BNews.kz Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттерді уақытылы ескертуді және жолын кесуді қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың 21-25 наурызы күндері аралығында қызмет көрсетудің күшейтілген тәртібіне көшіріледі», - делінген ақпаратта. Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Сапар Шерьяздановтың айтуынша, қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын…

0
0
294

Тараз қаласында Мамандандырылған «ХҚКО» ашылды!

Құрметті достар! Қадырменді әріптестер!
2013 жылдың 20 желтоқсан күнінен бастап Тараз қаласынында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Орталық Жол полициясының "Тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу", "Жүргізуші куәлігін дайындау және беру" мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар, Жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау жүргізіледі. Мамандандырылған "ХҚКО-ның" көлік жүргізу орнында автокөлікті жалға ала отырып жүргізуді үйретуге болады.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Тараз қаласы, Төлеби көшесі 198 үйде орналасқан.

2
0
713