Мазмұнға өту

Жаңа

«E.gov – ел болашағы!»

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен 2 сәуір 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2.1-ші ғимаратында, «E.gov – ел болашағы!» атты пикет өтті. Пикеттің мақсаты студенттер мен оқытушыларға «Электронды үкіме» бағдарламасын насихаттау және веб-порталда жұмыс жасау үрдісін түсіндіру.«Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс екені белгілі. Порталда 2000-нан аса мемлекеттік қызмет түрлері бар. Аталмыш қызмет түрлерінің сұранысқа ие "Мекен жай аны…

0
0
352

Біз өндірістік персоналдың айлықақысын көтереміз

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақтелеком» АҚ Басқармасымен 2014 жылғы 1 сәуірден бастап филиалдардың өндірістік персоналдарының лауазымдық айлықақыларын және тарифтік мөлшерлемелерін 10% көтеруді жүргізу туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында компания бойынша өндірістік персоналдың жалпы саны 25 917 бірлікті құрады. Соңғы рет «Қазақтелеком» АҚ тарифтік мөлшерлемелерін және айлықақыларын саралап көтеру өткен жылдың қаңтар айында жүргізілді. Разрядына байланысты көтеру 8% бастап 50% дейін құрады.

0
0
459

Біз корпоративтік клиенттер үшін жаңа қызметтерді іске қосамыз

«Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясы «Деректерді сақтау жүйесі» және «Виртуалды дата орталық» виртуалды желілерін пайдаланатын корпоративтік клиенттер үшін жаңа сервистерді коммерциялық пайдалануға енгізеді. «Деректерді сақтау жүйесі» - бұл ақпараттық ресурстарды сенімді сақтауды ұйымдастыру бойынша және оларға кепілді қатынауды ұсынатын кешенді бағдарламалық- аппараттық шешім. Жүйе бизнес- үдерістердің үздіксіздігін және ақпаратты табиғи, техногендік апаттардан, қаскүнем адамдардың іс-әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді. «Виртуалды дата орталық» (Virtual Data Center, VDC) – бұл компанияның корпоративтік инфрақұрылымын орналастыруға арналған толығымен оқшауланған бұлт. Виртуалды серверлердің шектелмеген санын орналастыру, олардың арасында ресурстарды тарату және олардың пар…

0
0
1087

Астанада Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы тойланады

ҚазАқпарат, 01.04.2014 11 сәуір күні Астана қаласындағы Назарбаев орталығында әлемге әйгілі спорт шебері, Қазақстанда таэквондо мектебінің негізін қалаушы қарсаңында «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты концерт болады. Бағдарламада Түркия қазақтарының күйлері шертіліп, әндері шырқалады. Өнер кеші Астана қаласы мемлекеттік филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер, Мәдениет қайраткері, сазгер Нұрлан Бекеновтің айтуынша, бұл күні Қазақ елі мен Түркияның достығын паш ететін, шетелдегі қазақтардың өнерін атажұртында көрсететін тамаша концерт болады. Концертте Қазақстанда орындалмаған жаңа туындылар астаналықтардың назарына ұсынылмақ. Соның ішінде Мір…

0
0
482

Футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек

Астанада өткен УЕФА-ның XXXVIII Конгресінде Мишель Платини бірнеше маңызды мәселелерге мейілінше мән беріп, айрықша тоқталып өтті. Бүгінгі таңда УЕФА үшін шектен тыс маңызды болып отырған сол өзекті мәселелерге атүсті тоқталып өтсек деп едік, — деп жазады Tengrinews.kz «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. 1) УЕФА президентінің тебірене тілге тиек еткен мәселелерінің бірі бүгінгі таңдағы саясат пен футбол болды. Мишель Платнидің айтқандарын қазақшалап жеткізер болсақ, оның сөздері «футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек» дегенге саяды. «Қазір әлемде саяси жағдай ушығып тұр, футбол саясаттың айтқанымен жүрмеуі керек. Керісінше, оларды ымыраға келтіріп, бітімгершілікке шақыруға тырысуы керек. Спорт қашанда бейбітшіліктің символы болған. Ешқашан да содан айнымауымыз керек. Футбол – әлем ха…

0
0
430

Жерлесіміз Дмитрий Петрухин 175 метр биіктіктен секірді

Отандық байкер Дмитрий Петрухин Виктория сарқырамасында арқан арқылы 175 метр биіктіктен секірді.

Осы 57 жастағы саяхатшының ерлігі талайды тәнті етті. Себебі, өз елінің байрағын арқасына байлап секірген жағдай бұрын-соңды болмаған. Айта кетейік, Дмитрий Петрухин қазір Африка елдерін аралап жүр. Мақсаты – елімізде өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін кеңінен насихаттау.

0
0
295

«Гент-Вевельгем» біркүндік веложарысы өтті

Бельгияда дәстүрлі өтетін «Гент-Вевельгем» веложарысы биыл тартысқа толы болды.

Жарысқа шыққан 200-ге жуық шабандоздың тең жартысы мәреге жете алмады. Жиі сүрініп, жарақат алып жатқандардың арасында «Астана» командасының спортшылары да бар. Қазақстандық клуб сапындағы Борут Бозич 233 шақырым бойы үздіктер қатарынан көрінген. Тек мәреге 200 метр қалғанда жолдан тайып, жарыстан шығып қалды. Осының салдарынан астаналық Анрей Гривко, Дмитрий Муравьев және Руслан Тілеубаевтар да үздіктер қатарынан іліге алмады. Ақыры германиялық Джон Дегенкольб жарыс жеңімпазы атанды.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

0
0
244

«Астана Арландары» плей-оффты сәтті бастады

«Астана Арландары» бүкіләлемдік бокс сериясының плей-офф кезеңін сәтті бастады.

Германиялық командамен кездескен қазақстандық клуб 2:3 есебімен басым түсті. Арландар сапынан Теміртас Жүсіпов, Сергей Деревянченко және аса ауыр салмақтағы Василий Левит қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан. Ал орта салмақтағы Мейiрболат Тоитов пен Асхат Уалиханов есеп айырмасымен есе жіберді. Енді қос құрама 5 сәуірде Алматыда өтетін қарымта кездесуге дайындалады. Айта кетейік, «Астана Арландары» 2013 жылы бүкіләлемдік бокс сериясының бас жүлдесін ұтып алған болатын.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

0
0
400

Оралда бокстан халықаралық жарыс өтуде

Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында кеше, 31 наурыз күні ересектер арасында ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир жалауын көтерді. Жарысқа қатысушыларды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, аталмыш турнирдің бесінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Бұл тегіннен-тегін емес. Өңірде спортпен шұғылдануға жақсы жағдай жасалған. Облыс тұрғындарының 22 пайыздан астамы өз денесін шынықтырумен айналысады. Дәстүрлі жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен барлығы 144 боксшы қатысып, бақ сынауда. Батыс Қазақстаннан 13 боксшы облыс намысын қорғауда. Құрметті қонақ ретінде аталмыш додаға бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, әлем чемпионы, олимпиада ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері Бо…

0
0
481