Курсанттар жыл сайынғы әскери тағылымдамадан өтуде
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары Балқаш қаласының маңында орналасқан ұшқыштар құрамын даярлау авиациялық орталығында тағылымдамадан өтуде.

Бесінші курс курсанттарының бұл тағылымдамасы оқу бағдарламасына сәйкес жыл сайын өткізіледі. Бұл уақыт аралығында курсанттар оқу жылы бойы жинақтаған теориялық материалдарын тәжірибемен бекітеді. Курсанттардың қажетті білім алуы, машықтануы мен қабілетке ие болуында тәжірибелі мамандар мен ұшқыш-нұсқаушылардың рөлі ерекше.
Байланыс құралдарын, тікұшақтың қозғалтқышы мен құрылымын білуін мұқият тексергеннен кейін ғана курсанттар практикалық сабақтарға көшеді. Байланысшы курсанттар үшін бұл – аэродромдағы, ұшу аппараттары мен жер арасындағы байланысты қамтамасыз ету мен қызмет көрсету болса, жас ұшқыштар үшін – Л-39 реактивті тікұшағындағы алғашқы, жеке ұшуы болып табылады.
Бөлімше командирлері курсанттарды білімі, өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті, бастамашылдығы, теориялық, практикалық және әдістемелік даярлық деңгейі бойынша бағалайды.
Болашақ офицерлер үшін бұл әскери тағылымдаманың маңызы зор. Себебі, мұнда әскери оқу орындарында жинақтаған білімді ортаға салатын алғашқы мүмкіндік туады. Бұл – Отан қорғаушылардың салмағы ауыр мамандығына бастар жол.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
