Мазмұнға өту

Жаңа

Бекзатты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтуде

Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің иегері, Түркістан перзенті Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасында ХІІІ халықаралық турнир жалауын көтерді.

Түркістан қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, дәстүрлі бәсекеде бақтарын сынауға еліміздің барлық облыстары мен Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей секілді шет мемлекеттерден 200-ге жуық жас спортшылар қатысуда.

«Бекзатты еске алуға арналған сайыстың маңыздылығы жас спортшыларымыздың әлеуетін байқауға үлкен септігін тигізеді. Себебі, былғары қолғап киген өрендеріміз тек ел іші емес халықаралық деңгейде бақтарын сынайды», — дейді аталған жарыс жөнінде данқты боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбеков.

Халықаралық бәсеке Бекзаттың туған күні яғни, 4 сәуірде өз мәресіне жетпек. Оған дейін шын мықтылар шаршы алаңда қолғап түйістіретін болады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
398

Астанада айтыс ақындарының арасында бильярдтан турнир өтеді

Ертең сағат 11.00-де Ұлттық Академиялық кітапханада қазақ әдебиеті, оның ішінде айтыс өнеріне қатысты үш кітаптың тұсауы кесіледі.

Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы, термешілер халықаралық одағының баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара барысында «Қазақстан айтыс ақындары» атты анықтамалық жинақтың және айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағының, сондай-ақ айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтеді.

Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ардагер ақындар, айтыскерлер, жыршы, термешілер қатысады деп күтілуде. ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарық көрген анықтамалық жинақ пен аталған авторлардың кітаптары жиынға келген көпшілікке таратылады.

Сондай-ақ, осы күні сағат 14.00-де Астана қаласындағы «Шұбар» бильярд клубында Е.Асқаров, Е.Жақыпбеков, Ә.Жанқұлиев, О.Досбосынов сынды айтыс ақтаңгерлерін еске алуға арналған турнир өтеді. Оған Ж.Ерман, А.Алматов, А.Әлтай, С.Дүйсенғазы, Д.Кәпұлы, Б.Имаш, А. Дүйсенбі бастаған аға буынмен қатар Р.Зайытов, М.Ақанов, Е. Қайназар, Н.Мансұров, И.Күзембаев, Н.Мейірманов, Қ.Білдәшев, М.Сұлтанхан, Ж. Бұлғақов және бірнеше жас ақындар қатыспақ.

Басты сөздер: Астана , Мәдениет , Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
531

«Жетісу» алтыншы рет қатарынан ел чемпионы атанды

Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықталып, Талдықорғанның «Жетісуы» алтыншы рет қатарынан топ жарды,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ел чемпионатының Талдықорғанда өтіп жатқан алтыншы (соңғы) турында «Жетісу» төртінші рет жеңіске жетіп, саф алтынға қол жеткізді. Кеше «Алматы» аруларын үш сетте тізе бүктіріп, негізгі бәсекелесі «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) клубынан қара үзді.
Бұл – Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «Жетісу» қыздарының биылғы маусымдағы 24-ші жеңісі. Талдықорған клубы биыл бес-ақ рет ұтылды. Міне, алтыншы жыл болды, елімізде еш клубқа алтын жүлдені ұстатар емес.

Айтпақшы, кеше әйелдер арасындағы «Ұлттық лигада» тағы бір қызықты нәтиже тіркелді. 1 сәуірде, яғни күлкі күні дейсіз бе, әлде әзіл-оспақ күні дегіңіз келе ме, өз еркіңіз, Өскемен қыздары биылғы маусымда бірінші рет жеңіске жетті. Маусым басталғалы жеңілістен көз ашпай, 28 рет ұтылған «Шығыс-Свинецстрой» клубы 29-ыншы кездесуінде жеңіске жетіп, «Астана» аруларын бес сетте, яғни 3:2 есебімен ұтты.

Сонымен ел чемпионатының аяқталуына бір күн қалғанда, жүлдегерлер толық анықталды. «Жетісу» алтынмен апталса, «Ертіс-Қазхром» күміспен күптелді. Қола жүлде «Алматы» аруларына бұйырды.

1. Жетісу – 72 ұпай
2. Ертіс-Қазхром – 67
3. Алматы – 51
4. Қарағанды – 47
5. Астана – 17
6. Шығыс-СвинецСтрой – 7

2013/2014 жылдар маусымында ел чемпионы атанған «Жетісу» клубының құрамы:

№ 1. Алена Омельченко (19.06.1989),
№ 2. Татьяна Пюрова (05.04.1982) – капитан,
№ 4. Наталья Матейчик (Беларусь, 22.01.1985),
№ 5. Ольга Наседкина (28.12.1982),
№ 7. Ольга Соболева (07.06.1985),
№ 8. Ишимцева Коринна (08.02.1984) – үйлестіруші,
№ 9. Ирина Шенбергер (20.02.1992),
№ 10. Марина Стороженко (06.06.1985) – либеро,
№ 11. Екатерина Татко (15.12.1992),
№ 13. Александра Исаева (14.07.1982) – үйлестіруші,
№ 14. Виктория Емельянчик (Беларусь, 30.01.1989),
№ 16. Людмила Анарбаева (12.11.1983).

Бас бапкері – Асқар Шалқыбеков,
жаттықтырушылары – Денис Исаев, Валерий Шиндов.

 
0
0
405

Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Астанадағы Қазақстан футбол федерациясының ғимаратында футболдан Қазақстан кубогының бірінші кезең жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл Қазақстанның кубогының бірінші айналымында 22 клуб өнер көрсетеді. Сәйкесінше олар 11 жұпқа бөлінген. Ал, екінші айналымнан бастап бұл турнирге «Шахтер», «Тараз», «Ертіс», «Ақтөбе» сынды былтырғы ел кубогының жартылай финалына шыққан командалар қосылады. Одан бөлек, былтырғы маусымының қорытындысы бойынша ең үздік көрсеткіш көрсеткен «Астана» клубы да қосылатын болады.

ҚФФ-ның ережесіне сәйкес бірінші айналымда премьер-лига командалары бірінші лигадағы командалармен жолығады. Бірақ, ол ойындар деңгейі төмен команданың алаңында өтуі керек.

Бірінші айналымның жеребесі қорытындсы бойынша «Жетісу-Сұңғар» — «Қайсар», «Болат» — «Атырау», «Гефест — Жетісу», «Екібастұз» — «Ордабасы», «Бәйтерек» — «Тобыл», «Лашын» — «Спартак», «Оқжетпес» — «Қайрат», — «Астана-1964″ — «Мақтаарал», «Каспий — Восток», «ЦСКА» — «Қызылжар» және «Қыран» — «Ақжайық» командалары кездеседі.  Бұл ойындар 23 сәуір күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан кубогын қарағандылық «Шахтер» командасы жеңіп алңған болатын. Финалдық кездесуде кеншілер «Тараз» клубын 1:0 есебімен ұтқан.

Тектес:Футбол
 
0
0
356

Нысана көздеуден әлем кубогындағы үздік көрсеткішіміз – алтыншы орын

Бүгін Американың Форт Беннинг деп аталатын ірі әскери базасының орталығында нысана көздеуден әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өкінішке қарай, әлем кубогының биылғы маусымдағы бірінші кезеңінде Қазақстан мергендері жүлделі орындарға іліге алар емес. Тек Сергей Вохмянин ғана финалға ілігіп, тапаншамен 25 метр қашықтықтан жамбы атуда 6-орынға ие болды. Ол іріктеу сынында бесінші орынды иеленгенімен, ақтық сында бір саты төмендеп, үздік алтылықты түйіндеді.

Десек те, айта кетуге тиіспіз, кейінгі кезде осы Сергей көңілге қонымды нәтиже көрсетіп, аракідік жүлделі орындарға ілігіп жүр. Өкінішке қарай қалған спортшыларымыз жоғары нәтижелерімен қуанта алар емес.

Айтпақшы, АҚШ-тағы әлем кубогының бірінші кезеңінде Владимир Исаченко тапаншамен 10 метрлік қашықтықтан нысана көздеуде 12-орынға ие болды. Бірақ ол да ақтық сынға іліге алмады. Қалған спортшыларымыз үшінші ондықтан жоғар көтеріле алар емес. Негізі, әлем кубогының бірінші кезеңіне Зәуреш Байбосынова, Юлия Дришлюк, Юлия Командра, Рашид Юнусметов, Максим Мазепа сынды мергендеріміз де қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.

Осы ретте айта кетейік, нысана көздеуден биылғы маусымдағы әлем кубогының бірінші кезеңіне тек тапанша кезенген мергендеріміз ғана қатысты. Ал винтовка түрлерімен нысана көздеген мергендерімізді әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынаған спортшылар арасынан кездестіре алмадық.

 
0
0
437

Менің мамандығым — менің болашағым!

Бүгін "Ақ Сұңқар"жастар қоғамдық бірлестігі мен "Бір Болашақ" жастар қоғамдық бірлестігі қала көлемінде "Менің мамандығым - менің болашағым" атты  акциясы бастау алды. Акцияның аясында қоғамдық бірлестіктің мүшелері қала  мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездестіру ұйымдастырды. Кездесу барысына мектеп директоры мен орынбасарлары қатысты. Аталмыш кездесуде Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауы "Қазақстан 2050" стратегиясы, Жастарды патриотизмге тәрбиелеу, Болашақ менің мамандығым және білім мен ғылым мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесудің бел ортасында мектеп директоры да сөз алып, бүгінгі кездесудің негізгі тұздығына айналған тақырыптар жөнінде біраз ой толғап, акцияның ары қарай жалғасуына сәттілік тілей отырып, рахметін жеткізді. Акция одан әрі сәуір айы бойына жалғасын таппақ.

1
0
2535

Абзал Есіркепов

Мен, Абзал Есенұлы Есіркепов 1993 жылы қыркүйек айының 29 жұлдызында екі мың жыл тарихы бар, киелі Тараз қаласында дүниеге келдім. Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия түлегі. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті. "АБЗАЛ и К" жеке кәсіпкерлігінің директоры. "Ақ Сұңқар" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Алдағы уақытта қоғамда болып жатқан жағдайларды, бірлестіктің іс-шаралары жайлы ақпарат беруге тырысамын.

1
0
865

«E.gov – ел болашағы!» акция өтті!!!

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2.1-ші ғимаратында «E.gov – ел болашағы!» атты пикеті өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушыларға «Электронды үкімет» бағдарламасын насихаттау және веб-порталда жұмыс жасау үрдісін түсіндіру. Студенттердің сұрақтарына жауап беру. «Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс екені баршамызға белгілі. Онда 2000-нан аса қызмет түрі көрсетіледі. Бүгінгі іс-шарада ұйымдастырушылар тек сұранысқа ие болған "Мекен-жай анықтамасын" алу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, студененттердің көкейде жүрген сұрақтанына мамандар жауап беріп, арнайы буклеттер таратылды.

2
0
482

Қазақстанда көктемгі орман отырғызу науқаны басталды

ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне бағынысты ұйымдар мен облыстардың қарамағындағы орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры аумақтарында көктемгі орман отырғызу жұмыстарын бастады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-71/

0
0
408