Мазмұнға өту

Жаңа

Бибігүл Төлегенова «Достастық жұлдызы» сыйлығын алды

Егемен Қазақстан, 04.04.2014

КСРО халық әртісі, күміс көмей, жез таңдай әнші Бибігүл Төлегенова «Достастық жұл­дызы» халықаралық сый­лы­ғы­ның лауреаты атанды.

ТМД елдері мемлекет­аралық гуманитарлық ын­тымақтастық қорының Дос­тастық елдері арасында белгілеген бұл сыйлығы 2009 жылдан беріліп келеді. Ол жыл сайын ғылым мен білім беру, мәдениет пен өнер, гуманитарлық әрекет салалары негізінде Достастық елдерін әлемдік жетістік деңгейіне көтеру жолында елеулі еңбек сіңіріп, елдер арасында гуманитарлық ынтымақтастықты өркен­детуге үлес қосқан таңдаулы тұлғаларға тапсырылып тұрады.

«Достастық жұлдызы» марапаты ақшалай сый­лықтан, лауреат дипломынан, төсбелгісі мен оның куәлігінен тұрады. Үш номи­нацияның әрбірі бойынша үш жүлде тағайындалып, лау­реаттардың әрбіріне 2 миллион Ресей рублі көлемінде қаржы беріледі.

Биыл аталмыш сыйлықты мәдениет пен өнер саласы бойынша Чехов атындағы Мәскеу театрының көркемдік жетекшісі Олег Табаков, Әзербайжанның халық сурет­шісі Омар Эльдаров, Ар­мения мемлекеттік хор капелласының бас дирижеры Оганес Чекиджян алды. Ғылым мен білім беру жүйесіндегі сыйлықтарға Украина мен Ресей ұлттық ғылым академияларының академигі, белгілі ғалым Борис Патон, Тәжікстан академиясының академигі Далер Пачаджанов ие болды. Ал гуманитарлық салада біздің Бибігүл Төлегеновадан бөлек, Беларусьтің «Звезда» баспа үйінің директоры Александр Карлюкевич пен оның орынбасары Александр Бадак, Қырғызстанның халық суретшісі Юристанбек Шығаев лауреат атанды.

Бұл кезге дейін «Достастық жұлдызы» сыйлығын біздің елімізден гуманитарлық сала бойынша «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева, мәдениет және өнер саласы бойынша атақты актер Асанәлі Әшімов, ғылым және білім беру саласы бойынша көрнекті ғалым Сейіт Қасқабасов алған болатын.

Мұрат АЙТҚОЖА

 
0
0
574

«Жұлдызды дода. Звездные войны» на канале «Хабар»!

4 апреля в 21.30 на телеканале Хабар начнется показ нового телешоу «Жұлдызды дода. Звездные войны».

«Жұлдызды дода. Звездные войны» - необычная телевизионная сценическая площадка, на которой звезды не просто выступают – они соревнуются. Это поединок двух команд – мужской и женской сборной. Каждую неделю участники проекта перевоплощаются в звёзд отечественной и зарубежной эстрады, перенимают  оригинальный стиль своих прототипов - от внешности и манеры исполнения до тембра голоса. В этом казахстанским исполнителям помогают опытные специалисты по вокалу, актерскому и сценическому мастерству, а также за преображение отвечают приглашенные мастера из России, Украины, Латвии.

«Мы впервые делаем проект того масштаба на телевидении. Этот проект сложно-постановочный, то есть под каждый номер мы придумываем специальные постановки с балетом, используем сложные реквизиты. «Звездные войны» - противостояние полов, борьба между женской и мужской сборной артистов» - подчеркнула Программный директор Агентства «Хабар» Сандугаш Рахимжанова.

Команды соревнуются между собой в каждой программе, и в финале по результатам суммарных баллов будут определены сильнейшие. В соревновании примут участие десять известных казахстанских исполнителей:

Жанна Орынбасарова

Рустем Нуржигит

Жанар Дугалова

 

Акжол Меирбеков

Ерке Есмахан

 

Сундет Байгожин

 

Луина

 

Кентал

 

Асель Садвакасова

 

Адам

 

Оценивать участников будут члены компетентного жюри, в составе которого Нурлан Абдуллин, Сакен Майгазиев, Алмат Сагатов и другие и постоянным членом жюри является заслуженная артистка РК, профессор, певица Толкын Забирова. В качестве ведущих приглашены Баян Есентаева и Арман Дүйсенов.

Телешоу «Жұлдызды дода. Звездные войны» обещает быть зрелищным и стать для зрителей праздником музыки и отличным началом выходных.

Телеканал «Хабар» также предоставляет возможность смотреть онлайн трансляцию «Жұлдызды дода. Звездные войны» на сайте khabar.kz и следить за всеми новостями о телешоу по хэштегам #жұлдыздыдода или #звездныевойныхабар в твиттере и фейсбуке. Для удобства на блог-платформе Yourvision, а также на видео-портале Kiwi.kz будет вестись постоянное обновление с новыми выпусками программы, фото и видео репортажами.

 

Анонсы телешоу «Жұлдызды дода. Звездные войны» на канале хабар

 

Агентство "Хабар"  http://www.khabar.kz/

Facebook https://www.facebook.com/khabar.kz

Twitter https://twitter.com/KhabarTV

Вконтакте http://vk.com/officialkhabar

 

Поддержите своих любимых артистов и включайте телеканал «Хабар»  каждую пятницу в 21.30!

1
0
2817

ҚАЗБАТ бітімгершілік бөлімшелерінің рота-тактикалық жаттығуы аяқталды

Алматы облысында «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының арнайы мақсаттағы десанттық-шабуылдаушы роталарының жеке құрамының роталық-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды. Оқу-жаттығу 2014 оқу жылының жауынгерлік дайындық жоспарына «Көктал» оқу-жаттығу орталығында сәйкес өткізілді.

Жеке құрам әскери техникалармен Қапшағай қаласы - Сарыөзек кенті - «Көктал» оқу орталығы бағыты бойынша және кері қарай 600 шақырымдық марш жасады. Жаттығуға батальонның үш десанттық шабуылдау ротасы мен 60-қа жуық жауынгерлік техникасы қатысты. Роталық-тактикалық жаттығуға батальон командирі подполковник Болат Дүйсембаев жетекшілік етті.

Марш кезінде жүргізушілер таулы аймақтардан, бірнеше асулардан өтіп әскери техниканы басқару шеберліктерін шыңдады. Десанттық-шабуылдау роталары жаттығуды барлық штаттық атыс қаруынан жауынгерлік оқ атуымен аяқтады.

Бітімгершілік батальонының жеке құрамы жаттығу кезінде берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әсіресе, арнайы мақсаттағы бірінші десанттық-шабуылдаушы ротасының лейтенант Нұрлан Төлегенов бастаған взводы жіті іс-қимылымен ерекше көзге түсіп, алдарына қойылған міндеттерді орындаудағы шеберлігімен тәнті етті.

Аэроұтқыр әскерлерінің бітімгершілері сәуір айының екінші жартысында өткізілетін бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуға қатысатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
626

БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды — Санчес

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавестің салмағының едәуір ауырлауы керісінше қазақстандықтың пайдасына шешіледі.

«Чавестің салмағы қаншама ауыр болсын, Геннадий оған бас ауыртпақ емес. Головкин рингке 172 фунт маңайында шығады. Қосымша салмақ оның жылдамдығына, өзіндік айла-тәсіліне кері әсерін тигізе алмайды. Егер Чавес шаршы алаңға 20-25 фунт ауыр болып шығар болса, онда қимылы баяулайды. Бұл, жекпе-жек кезінде Геннадийдің  алдына қойған мақсатын орындауды жеңілдетеді», — деді Санчес.

Еске сала кетсек, 31 жастағы Геннадий Головкин мен 28 жастағы Хулио Сезар кіші-Чавес арасындағы кездесуді АҚШ-та, 19 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
363

Шүменов пен Хопкинс жекпе-жегі — үздік кездесулер қатарында

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов пен IBF чемпионы, американдық Бернард Хопкинс арасындағы біріктірілген чемпиондық атақ үшін өтетін кездесу «Чемпионат.com» порталының рейтингі бойынша сәуір айының ең қызықты жекпе-жектерінің қатарына қосылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

30-жастағы Бейбіт Шүменов пен 49-жастағы Бернард Хопкинс арасындағы жекпе-жек 19 сәуір күні Вашингтондағы DC Armory аренасында өтеді. Егер бұл кездесуде Хопкинс жеңіске жетсе, онда ол бокс тарихындағы біріктірілген чемпиондық атақты жеңіп алған ең қарт боксшы атанады.

«Өз дәуірінде Бернард WBC, WBA, IBF және WBO сынды барлық төрт тұжырымның чемпиондық атақтарын жеңіп алған боксшы болған. Бірақ, ол кезде ол жас және бұл чемпиондық атақтардың барлығын орта салмақта жеңген еді. Енді Хопкинс жасы бірашамаға келіп қалғанда жартылай ауыр салмаққа көшуді жөн санапты. Ал, оның бұл салмақтағы ең алғашқы қарсыласы WBA чемпионы, қазақстандық Бейбіт Шүменов болмақшы. Дегенмен, бұл жекпе-жекте букмекерлік кеңселер Хопкинстің жеңетініне сенімді болып отыр», — делінген «Чемпионат.com» порталының ақпаратында.

Айта кетейік, бұған дейін Бейтіт Шүменов бұл кездесуде өзінің жеңісіне сенімді екенін айтқан болатын. «Дәл қазіргі таңда Бернард Хопкинс жартылай ауыр салмақтағы ең мықты боксшы. Сондықтан да алдағы кездесуде бұл салмақта әлемдегі ең мықты боксшы мен екенімді дәлелдейтін тамаша мүмкіндік туындап тұр. Менің алдағы мақсатым — біздің салмақтағы барлық чемпиондық атақтарды өзіме жиып алу», — деген еді Шүменов.

Ал өз кезегінде Хопкинс бұл салмақта «аңыз адам» кім екенін көрсетіп, қарсыласын есінен тандыратындығын айтқан еді.

Сәуір айындағы үздік жекпе-жектердің қатарына мына кездесулер де кірген:

12 сәуір. Лас-Вегас, Невада. Мэнни Пакьяо (Филиппин, 55-5-2, 38 КО) – Тимоти Брэдли (АҚШ, 31-0-0, 12 КО);
12 сәуір. Лас-Вегас, Невада. Хабиб Аллахвердиев (Ресей, 19-0-0, 9 КО) – Джесси Варгас (АҚШ, 23-0-0, 9 КО);
12 сәуір. Эсбьерг, Дания. Дэвид Прайс (Англия, 16-2-0, 14 КО) – Ондрей Пала (Чехия, 33-4-0, 23 КО);
25 сәуір. Москва, Россия. Денис Лебедев (Ресей-2-0, 19 КО) – Гильермо Джонс (Панама, 39-3-2, 31 КО);
25 сәуір. Москва, Россия. Эдуард Трояновский (Ресей, 17-0-0, 14 КО) – Ричар Абриль (Куба, 18-3-1, 8 КО);
26 сәуір. Оберхаузен, Германия. Владимир Кличко (Украина, 61-3-0, 51 КО) – Алекс Леапаи (Австралия, 30-4-3, 24 КО);

 
Тектес:Бокс
 
0
0
420

Дэвис кубогының бірінші күні Кукушкин Федерермен ойнайды

Қазақстан мен Швейцария құрамалары арасындағы Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуін Станислас Вавринка мен отандасымыз Андрей Голубев ашатын болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Ширек финал кезеңінің жеребесі бүгін Женевада тартылды. Оның қорытындысы бойынша екінші болып әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерер мен Михаил Кукушкин ойнайтын болады. Бұл кездесулер 4 сәуір күні өтеді. Ал, Қазақстан мен Швейцария теннисшілері арасындағы жұптық кездесу 5 сәуірге жоспарланса, 6 сәуір күні теннисшілер тағы жекелей сында ойнайтын болады.

Бұл құраманың капитандары қазірге жұптасып өнер көрсететін спортшылардың есімдерін айтқан жоқ. Дегенмен, жергілікті БАҚ өкілдерінің болжамы бойынша, Вавринка/Федерер мен Недовесов/Королев ойнайтын көрінеді.

Айта кетейік, жалпы ширек финалдың аясында екі елдің теннисшілері бес кездесу өткізеді. Ал теннистен бейресми әлем біріншілігі болып саналатын бұл турнирдің жартылай финалына үш кездесуде жеңіске жеткен құрама шығатын болады.

 
 
0
0
302

«Сарыарқа» түзде «Торосты» екінші рет тізерлетті

Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында қазақтың «Сарыарқасы» мен башқұрттың «Торосы» кездесуде. Алғашқы екі ойында Қарағанды клубы 4:1 және 3:2 есептерімен жеңіске жетті, — деп жазады Tengrinews.kz.

Осыдан бірер күн бұрын Гагарин кубогы додасында Астананың «Барысы» Уфаның «Салават Юлаевынан» аса алмағанда, Қазақстан жанкүйерлері «қазақ-башқұрт додасы одан әрі жалғасады, енді Қарағанды мен Нефтекамск клубтары арасындағы кездесулерге куә боламыз» деген. Әрі «Барыстың» есесін «Сарыарқа» қайтаратындығына сенімді екендіктерін білдірген болатын, отандық шайбалы хоккей жанкүйерлерінің көбісі.

Биыл «Сарыарқа» мен «Торос» клубтарының жолдары Братина кубогының жартылай финалында түйісіп отыр. Башқұртстан клубы Жоғары хоккей лигасының негізгі біріншілігінде Қарағанды командасынан жоғары орналасқандықтан, алғашқы екі кездесу Нефтекамскіде өтті.

Соның біріншісінде, яғни кеше Қарағандының «Сарыарқасы» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Негізі, есеп 4:0 болуы керек еді?! Бірақ бұл ойында да төрешілер ресейлік клубқа болысқандай болып, матч соңында қарағандылықтар үш ойыншымен айдын иелерінің бес хоккейшісіне қарсы ойнауға мәжбүр болды. Олар осылай бір гол соғып, «нөль» болып ұтылудан аман қалды.

Осыдан бірер минут бұрын аяқталған екінші матчта «Сарыарқа» «Торосты» екінші рет тобықтан қақты. Есеп – 3:2. Айдын иелері соңғы минутта қақпашыларын алтыншы ойыншыға алмастырып, қыспаққа алса да, Қарағанды клубы олардың қауіпті шабуылдарына да, дөрекі әрекеттеріне төтеп берді. «Торос» өз жанкүйерлері алдында екінші рет ұтылып, «қылыштарын тасқа» (таяқшаларын мұзайдынға) ұрды…

Бір қызығы, төрешілер екі ойында да қит етсе, «Сарыарқа» ойыншыларын айдыннан қуып, аяусыз жазалады. Мысалы, бірінші ойындағы қарағандылықтардың айып уақыты 31 минут, ал екіншісінде 33 минут болды! Ал «Торостың» айып уақыты – екі матчта да 10 минуттан ғана…

Жалпы, «Сарыарқаның» да «Торостан» «алты аласы, бес бересі» бар. Былтыр екеуі Братина кубогының финалында кездесіп, «Сарыарқа» өрнекті ойынын көрсетсе де, ұзаққа созылған додада жеңіліске ұшыраған. Жалпы есеп 3:4 есебімен аяқталған. Ол кезде «Сарыарқаның» құрамы өте күшті еді. Бірақ басында басымдық танытқанымен, жалпы есепте ұтылып қалған. Былтырғы бас бапкердің біліктілігі жетпеді ме, әлде басқадай себептері болды ма, әйтеуір маусым бойы ЖХЛ-ға үстемдік құрып, осы лиганың рекордтарын жаңартқан «Сарыарқаның» шабыты шешуші кезеңде шау тартқан…

Қазақстандық жанкүйерлер соны әлі ұмытқан жоқ. Биыл былтырғы есесін қайтарса деп армандайды. Әрі «Салават Юлаевтың» «Барысты» Гагарин кубогынан тыс қалдырып, өзекті өртегені тағы бар.

Ендігі екі ойын Қарағандыда өтеді. «Сарыарқа» бүгінгідей сауатты ойын өрнегін көрсетсе, «Торос» қанша бұлқынып, қанша ашуға булықса да, ештеңе істей алмайтын шығар. Солай болғай…

Братина кубогы. Жартылай финал:
/1/ «Торос» (Нефтекамск) – /4/ «Сарыарқа» (Қарағанды) – 0:2 (1:4, 2:3, 6 және 7 сәуір)

Тектес:Хоккей
 
0
0
350