Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде
2014 жылдың 30 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығының инспекциясы мен орман және аңшылық шаруашылығының шұғыл әрекет ету отрядының қызметкерлері Күршім ауданында бірлесіп өткізген рейдтік шаралар барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісін әшкереледі.
Олар аңшы күәлігі, оқ ататын қаруды қолдану мен сақтау рұқсаты, аңшылық шаруашылығының жолдамасы жоқтығына қарамастан, аңшылық рұқсат етілмеген кезде аң аулайға шыққан жергілікті тұрғынды ұстады.
Ұсталған азаматтан 5 атылған құр құсы, 16 калибрлі аңшы мылтығы, шағын калибрлі винтовка, 5,6 калибрлі оқ табылып, тәркіленді.
2 сәуір күні «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары жедел іс-шараларды жүргізу барысында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы аумағындағы Қызылжар – Шұбаркөл автожолының 19 шақырымында құжатсыз мотацикл көлігін мінген жергілікті тұрғынды тоқтатып, тексерді. Тексеру барысында жеті бас атылған киік, пышақ, ресімделмеген 12 калибірлі мылтық табылған.
Сол күнгі рейд барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан тағы бір жергілікті тұрғын құрықталды. Ол мінген құжатсыз мотокөлікте алты бас киік табылды.
Аталған оқиғалар бойынша жинақталып, құқық қорғау органдарына тапсырылған материалдар мен айғақты заттар негізінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
