2014 жылғы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4-сәуірдегі № 266 қаулысымен бекітілген Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру ережесінің 6-тармағына сәйкес 2014 жылғы мәдениет саласында берілетін мемлекеттік стипендияларға үміткерлердің ұсыныстары 1 тамызға дейін қабылданады.
Шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары ағымдағы жылдың бірінші тамызына дейін мемлекеттік стипендия алушыға берілетін қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi ҚР Мәдениет министрлігіне қағаз немесе электронды түрде жібереді.
