Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру

Қызметті онлайн алу

1.  Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту

2.  БСН көрсетумен немесе бір (немесе бірнеше) төменде келтірілген белгілер бойынша кеңейтілген іздеуді пайдалану:

  • ұйымның атауы;

  • ұйымдастыру-құқықтық нысаны;

  • басшының ТАӘ;

  • құрылтайшының ТАӘ.

3.  ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

4.  Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қызметті ХҚКО алу (қажетті құжаттар)

1.  Белгіленген нысандағы өтініш онда мыналар көрсетіледі:

  • ұсынылатын ақпараттың түрі;

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәліктің мәліметтері, тұрғылықты жері, ЖСН (бар болса) - жеке тұлғалар үшін;

  • атауы, деректемелері, БСН (бар болса) - заңды тұлғалар үшін.

2.  Жеке басты куәландыратын құжат.

2
0
536

Осы тақырып бойынша