Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау облысының қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кең ауқымды акциялар жүргізуде

Қаржы полиция органы қызметінің басты бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  және  экономикалық қылмыстардың алдын-алу  жұмыстары  болып табылады.
2014 жылғы 1-ші тоқсанда Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің Ақпараттық-талдау бөлімі «көлеңкелі» экономика мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, шағын және орта бизнес субъектілерін, жастарды және тұрғындарды құқықтық түсіндіру мақсатында 28  алдын-алу шараларын жүргізді.
Сонымен қатар, «көлеңкелі экономика» фактілері мен сыбайлас жемқорлықпен  қақтығысу кезінде әрекет реттерін түсіндіру мақсатында үгіт-насихат материалдары (күнтізбелер, визиткалар, үнпарақтар, жадынамалар) шығарылды. Бүгінгі таңда монополистік компаниялардың қызметкерлері  («Атыраужарық», «АтырауСуАрнасы» және осы  саладағы аудандық компаниялар) арқылы 500 000 дана, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда орындары арқылы аталған үгіт-насихат өнімдері барлық Атырау облысының тұрғындарына тартылды.

Нәтижесінде облыс тұрғындары арасынан азаматтық ұстанымдарымен белсенділік таныту қадамдары байқалуда: 48 тұлға жүгініп, олардың шағымдары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды, 5 тұлға  жазаға тартылды. Ағымдағы жылғы 3 ай аралығында 3 азамат визиткада көрсетілген байланыс номерлеріне сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша хабарлап, жалпы соммасы 363,5 мың теңге көлемінде көтермелеуге ие болды.
Бұдан басқа, Атырау қаласының орталық көшелерінде Департамент тапсырысы бойынша дайындалған көлеңкелі экономикаға қарсы тұру мен ШОБ қорғау бағытында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарында 5 түрлі баннерлер орнатылды.
Департамент бөлімшелерінің алдын-алуды күшейтуден құралған жұмыстары өңірде белсенді сипат алып жүр. Осындай шараларды өткізу ҚР әрбір азаматының азаматтық жауапкершілігін нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын күшейтуге мүмкіндік береді.

0
0
537

Осы тақырып бойынша