Мазмұнға өту

Жаңа

«Челсиден» басым түскен «Атлетико» финалға шықты

«Челсиден» басым түскен «Атлетико» финалға шықты

Мадридтің «Атлетико» командасы Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық кездесуінде лондондық  «Челсиді» ұтып, турнирдің ақтық сайысына шықты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Лондонда болған кездесу 3:1 болып қонақтардың пайдасына шешілді.

Сонымен, екі кездесудегі жалпы есеп - 3:1. «Атлетико»  жанкүйерлерінің қуанышында шек жоқ.

Еске сала кетсек, Мадридте өткізілген бірінші ойында қарсыластар тең ойнаған еді. Есеп — 0:0.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
190

Банан лақтырған жанкүйер енді футболға бармайды

Өткен демалыс күндері өткен Испан Примерасының 35 тур ойынында «Барселона» мен «Вильярреала» бақ сынасқан болатын. Осы кездесу барысында «Вильярреала» жанкүйері сырт алаңда өнер көрсетіп жатқан каталондық футболшы Дани Алвеске банан лақтырып, бұзақылық қылған еді. Бұл әрекеті әлемде үлкен наразылық тудырып, «сары флешмоб» аталған қозғалыс кең таралғаны мәлім. Испандық El Pais газеті хабарлағандай, бүгінде «Эль Мадригал» стадионының қауіпсіздік қызметкерлері бұзақы жанкүйердің кім екені анықтады. Бұзақы жанкүйер бұл әрекеті үшін енді өмір бойы сүйікті командасының өз алаңында болатын кездесулеріне бармайтын болады. Онымен қоса, ол қомақты айыппұл төлеумен қатар, елдің барлық спорт ареналарына бас сұға алмай қалуы мүмкін. Жанкүйер өзіне тағылған айыпты мойындап, ісіне өкінетінін айтып, ешбі…

0
0
283

«Мен азаматтығымды ауыстырмаймын» — А. Полторанин

Шаңғышы Алексей Полторанин баспасөзде шу тудырған өзінің сұхбаты жайлы сөз ете келе, оған жаттығу үшін толық жағдай жасалмағанын сынағаны болмаса, Қазақстаннан кету немесе азаматтығын ауыстыру жайлы мүлде ойламағанын айтты, деп жазады «Караван». «Мен тек Владимир Смирновтың жолымен әлем біріншілігіне, олимпиадаға еуропалық клубтың атынан Қазақстан туы астында өнер көрсеткім келетінін айттым», — дейді спортшы. Бірақ бұл ойын жүзеге асыру оңай шаруа емес екенін жасырмаған ол өз қолынан демеушілер іздеп, келіссөздер жүргізу келмейтінін, бар білетіні — жаттығумен айналысу екенін айтты. «Азаматтығымды ауыстырмаймын! Мен өз Отанымды, Қазақстанымды сүйемін! Менің сөзімнің бұрмаланғанына, ойымды дұрыс жеткізе алмағаныма өкініш білдіремін. Сол үшін көпшіліктен кешірім сұраймын», — деді шаңғышы. Ес…

0
0
298

Мөлдір Малайзиядағы Азия чемпионатына қатысады

Байқоңыр қаласында каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс 4 қола медальды иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 250-дей спортшы қатысты. «Атап айтсақ, 16-17 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-53 келі, ЖСШМ) чемпион атанып, маусым айында Малайзияда болатын Азия чемпионатында өнер көрсетеді. Диана Досқали (-59 келі, ЖСШМ) мен Нұрсұлу Жетербай (+59, №2 ОМБЖОРМ) күміс жүлдені еншіледі. Азамат Сансызбай (+76 келі, №2ОМБЖОРМ), Әбу Кеуілтай (-76 келі), Көркем Мұхамедқали (-59 келі) және 18-20 жас аралығында сынға түскен Меруерт Төреғали (-53 келі, үшеуі де федерация) үшінші орынға ие болды. Спортшыларды жарысқ…

0
0
530

ХОККЕЙ: Қазақстандықтар Италиядан есе қайтарды

2014 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның хоккей құрамасы екінші жолдастық кездесуде Италиядан басым түсті, деп хабарлады Vesti.kz.

Италиядағы кездесу 4:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Шайба авторлары — Роман Старченко, Максим Семенов, Константин Романов және Николай Антропов.

Еске сала кетейік, бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Италия құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ол жолы жалғыз шайбаны Дмитрий Уппер салды.

Хоккейден Элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты Минскіде 9 мамырда  басталады.

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
343

Ұшқыштар құрамымен кездесу

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындық және оны өткізу барысы аясында Қарағанды гарнизонында болды.

Министр Қарағанды маңында шоғырланған авиациялық бөлімде болды. С.Ахметов жеке құраммен кездесуде оларға Астанада өтетін әскери парадта кәсіби шеберліктері мен жоғары деңгейдегі үйлесімділік көрсету туралы тапсырма қойды.

Ол, сондай-ақ, белгіленген ұшу сағаттарын орындаған ұшқыштарды сыныптық біліктілікпен марапаттады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
432

Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының V съезі отандық және халықаралық мамандар үшін бірегей тәжірибе алмасу алаңына айналды

Бүгін Алматыда Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының V съезі өз жұмысын аяқтайды. Съезде еліміздің әр аймағынан жиналған 500-ден астам және Ресей, Австрия, Германия, Малайзия, Австралия, Жапониядан келген делегаттар бас қосты. Маңызды мәселелер талқыланған съезд жұмысына арналған баспасөз мәслихатына Еуропа онкология мектебінің өкілі Марко Росселли дель Турко, Санкт-Петербург онкологтары ғылыми қоғамдастығының өкілі Владимир Семиглазов, Герминия остео-онкологтар қоғамдастығының президенті Диел Инго, сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру Департаменті директорының орынбасары Гүлнар Құлқаева мен Қазақ Онкология және радиология институты директорының орынбасары Дәулет Байпеисов қатысты. Жиында еліміздегі қатерлі ісікті алғашқы сатысында…

0
0
239

Баспасөз хабарламасы (Астана қ. 30 сәуір 2014 ж.)

2014 жылғы 22 мамырда VII Астана Экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылығымен «Денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Сессия жұмысына медицина, химия салалары бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары, жақын және алыс шетелдің Денсаулық сақтау министрлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, Бүкіләлемдік банк, фармацевтикалық компаниялардың және басқа да мүдделі органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысады. Панельдік сессияның мақсаттары: Қазақстан Республикасының тұрғындарына амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттырумәселелерін, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру мәселелерін шешуді кешеңді талқылау. Қазақстан Респ…

0
0
334

Алғашқы әскери дайындық мәселесіне – баса назар аударылды

Қазақстан Республикасының Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесі жанындағы Республикалық жас армияшылар бірлестігінің кезекті төртінші отырысында мектептердегі алғашқы әскери дайындық сұрақтары талқыланды. Республика аймағы бойынша бейнеконференция тәсілімен өткен іс-шараға Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім беру саласының басшылары қатысты. Жиналысты ашқан ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары полковник М.Таласов мектептердегі алғашқы әскери дайындық бағдарламасын жүзеге асыруда бұл шараның маңызы бар екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде мектептегі әскери дайындықты ұйымдастыруға бақылау жасайтын өкілетті орган ретінде Қорғаныс министрлігі мен Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарыны…

0
0
709

Ғ.І. Оразбақов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Агенттік төрағасы Ғ.І. Оразбақов жұмыс сапары шеңберінде Павлодар облысына барды.
Сапардың негізгі мақстаы қоғамдық бірлестіктермен және нарық субъектілерімен кездесу, облыстың кәсіпорындарын аралау және Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияның жұмысымен танысу болып табылады.

0
0
192