Мазмұнға өту

Жаңа

Әлем чемпионатының жеңімпазы А.Жүсіповке 270 мың теңге табыс етілді

Бокстан жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы атанған қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіповке 270 мың теңге табыс етілді, деп хабарлайды Vesti.kz. Осы сомадағы сертификат оның бапкері Бауыржан Аманбаевқа да берілді. Қарағанды Бокс федерациясы Жүсіпов пен Аманбаевтың еңбегін зор бағалап, осындай сый-сыяпат көрсетіп отыр. Аталмыш сертификаттар бүгін Серік Сәпиев атындағы бокс сарайында салтанатты жағдайда табыс етілді. Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанды. Финалда ол Румыния боксшысы Арсен Мұстафаны жеңген болатын. Софияда өткен әлем чемпионатында Қазақстанның жастар құрамасы екі алтын мен екі күміс медальдан қоржынға салып, додаға қатысқан 90 елдің ішінен жалпы командалық есепте бірінші орынды алды. Тағы бір а…

0
0
173

«Астана» мен «Галатасарай» футбол клубтары арасында бiрлескен жобалар iске аспақ

«Астана» кәсiби президенттiк спорт клубы қамқоршылық кеңесiнiң төрағасы Дархан Кәлетаев пен Түркияның «Галатасарай» клубы директорлар кеңесiнiң мүшесi Седат Доған клубтар арасында өзара әрiптестiк туралы меморандумға қол қойды. «Астана» мен «Галатасарай» клубтары серiктестiк байланыстарын орнатуға, бизнес үдерiстер бағытында тәжiрибе алмасуға дайын екендiктерiн жариялады, деп атап көрсетiлген құжатта. «Галатасарай» тек Түркияда ғана емес, бүкiл дүниежүзiне танымал клуб болып табылады. Меморандум аясында ең басты жобалар «Галатасарай» мен «Астана» футбол клубтарына байланысты болады. Сондай-ақ «Астана» баскетбол клубын дамыту барысында түрiктердiң тәжiрибесiн қарайтын боламыз. Түрiк ағайындарының қойып отырған өтiнiштерi «Астана» велокомандасына байланысты бiрнеше жоба өткiзсек деген ойлар…

0
0
372

Қытайда қазақ спортшыларына сұраныс жоғары — Қытай құрамасының бапкері Әлнұр Төргеұлы

Астана төрінде 19 мемлекеттің 300-ден аса білекті палуандарының басын қосып, күрес түрлерінен жалауын желбіреткен Азия чемпионаты аяқталды. Шығыстың небір азулы спортшылары жиналған байрақты бәсекеде Қазақстан балуандары грек-рим күресінен жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болып, жалпы саны 14 жүлдеге қол жеткізді. Грек-рим күресі бойынша Қытай мемлекетінің құрамасын қандасымыз Әлнұр Төргеұлы бастап келіпті. Біз миллиардтар елінің құрама командасын жаттықтырып жүрген қазақ жігітін әңгімеге тартуды жөн көрдік. Спорттағы іргетасымды Қазақстанда қаладым Әлнұр Төргеұлы 1976 жылы Құлжа қаласында дүниеге келіпті. «Жалпы күрес қазақтың қанында бар ғой. Ауылда өскен қара домалақ баламыз. 3-сыныптан бастап күреске қатынаса бастадым. 1992 жылы Алматы қаласына келіп, Қажымұқан Мұңайтпасов ат…

0
0
536

Елбасы «Сарыарқа» хоккей клубына құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Братина Кубогы» Жоғары хоккей лигасының чемпионы атағын жеңіп алуына байланысты «Сарыарқа» хоккей клубына құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, бүкіл турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.

Қазақстан Президенті клуб ұжымына зор денсаулық, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тіледі.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Н. Нурахмет
0
0
420

Қазақстандағы әскери білім алушылар Америкада тәжірибесін шыңдап жүр

Шетелге жиі шығамын. Әдетте өз еліңнің адамың көрсең көбіне қыдырып келгендерді көретінсің. Алайда еліміздің әскерилері шетелге кәсіби біліктілігін арттыру үшін келеді деп ойламаппын... Әскери қызметкерлеріміз де, өзге кәсіп иелері тәрізді шетелге тәжірибе алмасуға баратын мүмкіндіктері көп екен. Басқа елде шетелге шығу үшін виза алудың өзі машақат болып жатса, біздің елімізде студенттерден бөлек әскери салада білім алып жүргендерге жағдай жасалғаны қуантарлық. Қазақстан әскеріне қатысты әңгіме болса, көбіне не жақсы, не жаман деген біржақты пікірді естисің. Шындығында әскерді кәсібилендеру ісі елімізде бірнеше жылдан бері жүйелі жүргізіліп келеді. Келісімшарт негізіндегі әскери қызмет соның бір мысалы. Сонымен қатар әскери мамандарды оқыту, әрі оларға шетелдегі тәжірибені меңгеруге мүмкі…

1
0
1336

Облыстық «Сұңқар» әскери-патриоттық ойындары

29 сәуір күні Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасының қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері мен еңбекші жастары арасында облыстық «Сұңқар» әскери-патриоттық ойындары болып өтті.

2
0
1255

30 сәуірде жол жүру ережесін бұзғандарға тағайындалған айыппұлдың жаңа шарттары күшіне енеді.

30 сәуірде жол жүру ережесін бұзғандарға тағайындалған айыппұлдың жаңа шарттары күшіне енеді. «Tengrinews.kz», 30.04.2014ж. 30 сәуірден бастап жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын әкімшілік жауапкершіліктің жаңа шарттары күшіне енеді. ҚР Ішкі істер министрлігінің жол қауіпсіздігі комитеті ресми сайтында жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын айыппұл кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тарқатып айтар болсақ, енді мемлекеттiк тiркелген номер белгіcі оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған көлiк құралдарын басқарған жүргізушілерге бес айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерiнде айыппұл салынады. (1 АЕК - 1852 теңге). Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарса 3 АЕК, тежегiш…

0
0
268

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді.

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді. «BNews.kz», 30.04.2014ж.
Биылғы жылы Алматы облысында 200 атыс қаруы, 500 оқ-дәрі және әртүрлі модификациялы 5 граната заңсыз айналымнан алып тасталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.   

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, заңсыз сақталған қару-жарақтарды «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шаралар барысында тәркіленіп жатыр. Мұндай шаралардың соңғысы Кербұлақ, Қарасай аудандарында және Қапшағай қаласында өткен. Тәркіленген қарулар бұрын-соңды Алматы облысында болған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазір анықталған фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

0
0
185

СҚО-да ауыл тұрғыны полицияға өткен ғасырдан сақталған қаруды өткізген.

СҚО-да ауыл тұрғыны полицияға өткен ғасырдан сақталған қаруды өткізген. «ҚазАқпарат», 30.04.2014ж.
Жамбыл ауданының ішкі істер бөліміне Пресновка ауылының тұрғыны сарайында көптен бері шаң басып жатқан қаруды тапсырды.

Тексеру барысында бұл қарудың өткен ғасырдың орта тұсында кеңес сарбаздары кеңінен қолданған сапер күрегі мен минометтің қисындастырылған құрылымы екені анықталды, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

0
0
162

Жазды ма, тағдыр осылай?

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эльдар Мансуров «Грусть»

Бейнематериал авторы – Жаш кыял тобу «Махабат»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

   

Жазды ма, тағдыр осылай?

Сүймедің мені, сен жаным.

Талпынып саған, мен талай,

Сырымды, ашумен қалдым.

 

Жалғыздық, кімге жарасқан?

Үмітпен, тағдыр, таласқан.

Көңілім, болды-ау, ту талқан,

Кім үшін, болдың, жаралаған?

 

Не істерсің, жаным, не істерсің?

Толқиды-ау, жаным, сені ойлап.

Ұмытып, мені, кетерсің,

Болғаны, басқаға, айырбастап.

 

Күндерім, өтер, ойлаумен,

Елесте, қалды-ау, келбетің.

Уақытым, өтті-ау, тосумен,

Сен болсаң, кеттің оралмай.

0
1
612