Мөлдір Малайзиядағы Азия чемпионатына қатысады
Байқоңыр қаласында каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс 4 қола медальды иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 250-дей спортшы қатысты.
«Атап айтсақ, 16-17 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-53 келі, ЖСШМ) чемпион атанып, маусым айында Малайзияда болатын Азия чемпионатында өнер көрсетеді. Диана Досқали (-59 келі, ЖСШМ) мен Нұрсұлу Жетербай (+59, №2 ОМБЖОРМ) күміс жүлдені еншіледі.
Азамат Сансызбай (+76 келі, №2ОМБЖОРМ), Әбу Кеуілтай (-76 келі), Көркем Мұхамедқали (-59 келі) және 18-20 жас аралығында сынға түскен Меруерт Төреғали (-53 келі, үшеуі де федерация) үшінші орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев, Нұржан Ақпанбет және Талап Әбдірамановтар дайындады», — делінген хабарламада.
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Автор: Елубай Әуезов

