«Челсиден» басым түскен «Атлетико» финалға шықты
Мадридтің «Атлетико» командасы Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық кездесуінде лондондық «Челсиді» ұтып, турнирдің ақтық сайысына шықты.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Лондонда болған кездесу 3:1 болып қонақтардың пайдасына шешілді.
Сонымен, екі кездесудегі жалпы есеп - 3:1. «Атлетико» жанкүйерлерінің қуанышында шек жоқ.
Еске сала кетсек, Мадридте өткізілген бірінші ойында қарсыластар тең ойнаған еді. Есеп — 0:0.
АСТАНА. ҚазАқпарат

