Қазақстан туралы Амин! Алжир.
Алжир. Керемет халық, арабтар емес. Мемлекеті де әдемі. Тілдері араб және француз. Одан бөлек өздерінің туған тілдері бар. Африкадағы ең үлкен мемлекет. Кезінде Судан болатын, қазір екіге бөлініп кеткендіктен Алжир әлемде территориясы ең үлкен 10-шы мемлекет. Алжир АҚШ тәуелсіздіген мойындаған ең алғашқы мемлекеттердің бірі екен.
Амин бауырымыз қазақ халқын тура Алжир халқы сияқты дейді. Осыдан 1-2 ай бұрын қазақ студенттерімен таныстырып едім: "Қазақтар да Алжирлықтар сияқты танымайтын адамға жылы жүзбен қарайды екен және қонақжай"-деді. Амин мен білетін шетелдіктердің ішінде қазақша "бауырым" деген сөзді тап-таза айтатын бірден-бір жігіт. Бір қызығы тек қазақтарға ғана емес малайларға да, үндістерге де, индонезиялықтарға да, тіпті морокколықтарға да "бауырым" деп айтады. Оны кім түсініп жатыр? (^_^) Алайда құлағыңа жағымды естіледі екен, кем дегенде "брат" не "братан" дегеннен әлдеқайда жақсы.
Аминнің де бір күні Қазақстанға келмек ойы бар. Не дейміз? Құдай қаласа! Әумин!)
