Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы Қостанай облысында есепке алынбаған алкоголь өнімдерінің жаппай өндірісін тоқтатты

Жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қостанай облысындағы Рудный қаласында «Лидер 2» ЖШС-нің арақ-шарап зауытында ірі көлемде есепке алынбаған алкоголь өнімдерін шығару фактісін анықтады.
Осылайша, Орал қаласында қаржы полициясының қызметкерлері Рудный қаласында орналасқан «Лидер 2» ЖШС зауытынджа шығарылған есепке алынбаған бақылау маркалары жапсырылған арақ өнімін бақылауда сатып алды. 2014 жылғы 28 сәуірде бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған қылмыстық істе тергеу барысында ағымдағы жылғы 1 мамырға қараған түні зауыт аумағында, аталған фирманың кеңселері мен қоймаларында іздеу өткізіліп, олардың нәтижесінде акциздік бекеттің жұмыс кестесінен тыс уақытта түнгі кезде есепке алынбаған өнімді жасау фактісі тіркелді. Алкоголь өнімдерін құю есеп құралдары жұмыс істемей тұрған кезде жүргізілген.
Зауыт аумағында есепке алынбаған 273 мың бөтелке өнім және 438 мың жалған есепке алу маркалары алынды, 2-ші жалған бухгалтерия анықталды.
Сонымен бірге «Лидер 2» ЖШС дистрибьютерлерінің қоймаларында есепке алынбаған тағы 90 мың бөтелке өнім анықталып алынды.

0
0
375

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы Қостанай облысында есепке алынбаған алкоголь өнімдерінің жаппай өндірісін тоқтатты - Yvision.kz