«Сапалы білім – берекеліктің негізі»
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезінде берген тапсырмаларын жастарға насихаттау мақсатында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімдерінде «Сапалы білім – берекеліктің негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
«Дөңгелек үстел» отырысына жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарының жетекшілері, профессорлар мен докторлар және облыс әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде еліміздегі білім беру жүсесіндегі оңтайлы реформаларды жастарға түсіндіру.
