Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясы агенттігінің «144.kz» арнайы порталы жұмысын бастады

Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы полициясы органдарына өз өтініштерін электрондық форматта жіберуге арналған «144.kz» арнайы порталының жұмыс істейтіні туралы хабарлайды. Агенттікке электрондық форматта Блогқа, Веб-сайтқа келіп түсетін азаматтардың өтініштері (сұрақтары) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келмейді, яғни онда тегі, аты, әкесінің аты, азаматтардың пошталық мекен-жайы көрсетілмейді, сондай-ақ арызданушының электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) куәландырылмайды. Осыған байланысты Агенттік Төрағасының Блогы өз жұмысын тоқтатты. Жаңа «144.kz» арнайы порталы азаматтарға электрондық сандық қолтаңбасы бар жағдайда өз өтініштерінің уақтылы орындалуын дербес…

0
0
410

Тіл өркендемей, ел өркендемейді!

Өмір мен өлім арасында жүрген сәтте де, өз отанына адалдығын сақтаған халқымыз тілдің құрып кетпеуі үшін де күрескен. Тіл құрыса, ұлт та құриды деп түсінген дана халық ұлт үшін ең асыл қазына – тіл мен жер деп түсінді. Қазақ халқы тілін жоғалтса, ұлтынан да, жерінен де, азаттығынан да айырылады деп білген. «Тіл өркендемей, ел өркендемейді», - дейді өз жолдамасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Даңқты тұлғаларды, әлем деңгейіне белгілі болған азаматтарды тудырған бұл өлкенің жаулардан бостандығы қазақ халқының қолына оңайлықпен келген жоқ. Сырттан келген жаудың езгісіне душар болған бабаларымыз ұлы жер үшін соғыста қайсарлығы мен ерлігін көрсете білді. Ұлы даламызды – Қазақ жерін сақтап қалды. Қазақ тарихының көркем шежіресі – Қазақстан. Сонау ықылым замандардан бері ұлтының үміт-арм…

0
0
1022

«Ақтөбе» айылын тартар емес

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он екінші турдың ойындары өтіп, ел біріншілігінің екінші айналымы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турда көпшілік назары Ақтөбедегі матчқа ауған болатын. Теңбіл доп мамандары осы турдағы ең қызықты ойын осы болады деп күткен еді. Бірақ «Ақтөбе» Қарағандыдан келген қонақтарын тас-талқан қылып, үстемдік танытты. Әрі 29 ұпаймен басты бәсекелестерінен қара үзді. Биылғы маусымда ала-құла ойын өрнегін көрсетіп жүрген «Шахтер» Ақтөбеде ойсырай ұтылып қана қоймай, бесінші орынға бір-ақ сырғыды. Қоржынында – 20 ұпай ғана. «Астана» өз алаңында оңтүстіктен келген «Ордабасыны» ұта алмай, пұшайман болды. Елордалықтар сол бұрынғысынша 22 ұпаймен екінші орында тұр. Бірақ көшбасшы ұзап, ізін басқан бәсекелестері тым жақын қалды. »Ордабасы» да өз орнын сақт…

0
0
326

Сенің ғылыми белсенділігін қандай?

Бүгінгі таңда білім саласында ғылыми жоба мен конференциялар кең таралған. Оның қоғам арасында маңыздылығы мен жеке бір кәсіптің дамуына қосар үлесі бар ма әлде уақыт талабы қажет ететін «міндет» пе? Бұл сұрақтың жауабын ғылыми жобалардың тәжірибелі қатысушысынан білген жөн болар. Асылхан Ақбота, ИнЕУ-дің 3 курс студенті 1. "Ғылыми жобалар сайысына мектеп қабырғасынан қатысып келемін. Ең алғаш ғылыми зерттеу биология ілімімен байланысты болды. Кейін нақты білімімді одан әрі толықтырып, Мәскеу қаласында өткен математика пәнінен халықаралық ғылыми жобаларға қатысқан болатынмын.Адам өмір бойы ізденіс үстінде. Ізденген адам кез-келген сұрақтың жауабын табуы мүмкін. Өз басым, бір саланы толық меңгеріп, кейін оның тигізетін маңызы зор болатынына нық сенемін. Әрине, жоба жазу өте қиын. Сондықтан…

0
0
429

Жанат Жақиянов IBF рейтингі бойынша үздік ондыққа енді

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов француз Карим Гуэрфиді жеңгеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының ТОП-15 рейтингіне енді, деп жазады kazsporttv.kz.

Жеңіл салмақта (53,5 келі) жұдырықтасатын Жанат Жақиянов IBF рейтингінде сегізінші орынға тұрақтады. Бұл тұжырымда осы салмақ бойынша чемпион — британдық боксшы Стюарт Холл.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін сәуірде өткізді. Ол бесінші раундта француз Карим Гуэфриді нокаутқа түсірген болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
276

Теннис: қазақстандық З.Дияс Страсбургтегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші, жиырма жасар Зарина Дияс Страсбургте өтіп жатқан ірі халықаралық турнирді сәтті бастады.

Қазақ қызы бірінші айналымда осы турнирде үшінші болып тіркелген әлемнің 22-інші ракеткасы, 28 жасар бельгиялық Кристен Флипкенсті 2 сағат 2 минутқа созылған тартысты кездесуде 6:2, 6:7, 6:3 есебімен ұтты.

Екінші айналымда З.Дияс хорват қызы Айла Томляновичпен кездеседі.

Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 96-орындағы Зарина үшін бұл жарыс та маңызды.

Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
185

Биыл Қарағандыда камераның көмегімен 30 қылмыстың беті ашылды.

Биыл Қарағандыда камераның көмегімен 30 қылмыстың беті ашылды. «BNews.kz», 20.05.2014ж. Бүгінде Қарағанды қаласында 268 бейне бақылау камералары орнатылған. Олардың көмегімен 2014 жылдың алғашқы 4 айында 30 қылмыстың беті ашылып, 3897 әкімшілік құқық бұзушылықтың алды алынған. Бұл туралы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасының басшысы Нұрсұлтан Мұқашев мәлімдеді. «Бүгінгі таңда Қарағанды қаласында 268 бейне бақылау камерасы бар, оның 168-і тұрғын үйлердің аулаларында орналасса, 100-і жол қиылыстары мен қоғамдық орындарда орнатылған. 37 камера оқу орындарының территориясын қамтыса, 4 камера «Шахтер» стадионының маңында орнатылған», - деді Н.Мұқашев. Оның айтуынша, 2014 жылдың 4 айында қалалық Ішкі істер ба…

0
0
387

Хоккейден Қазақстан құрамасы жоғары дивизионнан шығып қалды

Минскіде өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы да жеңілістің ащы дәмін татты, деп хабарлайды «МИР 24» телеарнасы.

Жеңілістен көз аша алмай келе жатқан Қазақстан құрамасы кеше Швейцариядан да ұтылып қалды (2:6). Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасына жоғары дивизионмен қош айтысуына тура келді.

Ендігі ойындардың нәтижесі қандай болса да, топтық кезеңнің соңына дейін Қазақстан құрамасы көш соңында қалады. Осылайша біздің жігіттер келесі маусымда жоғары хоккей дивизионында ойнау құқығынан айырылды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
294

Шкодер шаршы алаңынан үш алтын алдық

Бокстан Албаниядағы халықаралық дәстүрлі турнирге қатысқан жігіттеріміз де еліміздің абыройын асқақататып, үш алтын және бір күміс жүлде олжалады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Хабаровскіден 9 медаль (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) еншілеп, Ташкентте ең ауыр салмақта жеңімпаз атанған Қазақстан боксшыларының жеңісті жолы Албанияда да жалғасын тапты. Осы елдің Шкодер деген қаласындағы XI халықаралық «Влазниа мемориалы» турниріне қатысқан шағын ғана құрамымыз (бес боксшымыз) үш алтын, бір күміс медаль жеңіп алды. Албаниядағы дәстүрлі турнирге біздің бес боксшымызды Александр Стрельников бастап барған болатын. Қатысушылар аса көп болмапты. ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жеті мемлекеттен 28 былғары қолғап шебері бақ сынаған. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

0
0
335

Ақмола полицейлері 350 есірткі препараты ампуласын тәркіледі.

Ақмола полицейлері 350 есірткі препараты ампуласын тәркіледі. «BNews.kz», 20.05.2014ж. Ақмола облысында «Допинг» арнайы операциясын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 347 есірткі ампуласын, 107 психотропты препараттар ампуласын және 365 тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі. Бұл туралы BNews.kz тілшісінен ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. «Допинг» операциясы 13-16 мамыр аралығында Ақмола өңірі аумағында өткізілді. Бұл кезеңде полицейлер бірқатар емдеу-профилактикалық мекемелерін, өнеркәсіп кәсіпорындарын, прекурсорлар сақтайтын қоймалар мен дәріханаларды тексерді». «Аршалы ауданында ҚР ҚК 265-бабы 1-бөлімінде ескерілген қылмыс анықталды (есірткі, психотропты немесе улы заттарды тұтыну ережелерінің бұзылуы). Емдеу мекемелерінің қызметкерлері есірткі промедонын есепке алу ережелері…

0
0
285