Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Хоккейден Қазақстан құрамасы жоғары дивизионнан шығып қалды

Минскіде өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы да жеңілістің ащы дәмін татты, деп хабарлайды «МИР 24» телеарнасы.

Жеңілістен көз аша алмай келе жатқан Қазақстан құрамасы кеше Швейцариядан да ұтылып қалды (2:6). Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасына жоғары дивизионмен қош айтысуына тура келді.

Ендігі ойындардың нәтижесі қандай болса да, топтық кезеңнің соңына дейін Қазақстан құрамасы көш соңында қалады. Осылайша біздің жігіттер келесі маусымда жоғары хоккей дивизионында ойнау құқығынан айырылды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
257

Осы тақырып бойынша

Хоккейден Қазақстан құрамасы жоғары дивизионнан шығып қалды - Yvision.kz