Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теннис: қазақстандық З.Дияс Страсбургтегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші, жиырма жасар Зарина Дияс Страсбургте өтіп жатқан ірі халықаралық турнирді сәтті бастады.

Қазақ қызы бірінші айналымда осы турнирде үшінші болып тіркелген әлемнің 22-інші ракеткасы, 28 жасар бельгиялық Кристен Флипкенсті 2 сағат 2 минутқа созылған тартысты кездесуде 6:2, 6:7, 6:3 есебімен ұтты.

Екінші айналымда З.Дияс хорват қызы Айла Томляновичпен кездеседі.

Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 96-орындағы Зарина үшін бұл жарыс та маңызды.

Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
 
0
0
184

Осы тақырып бойынша

Теннис: қазақстандық З.Дияс Страсбургтегі турнирді сәтті бастады - Yvision.kz