Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы агенттігінің «144.kz» арнайы порталы жұмысын бастады

Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы полициясы органдарына өз өтініштерін электрондық форматта жіберуге арналған «144.kz» арнайы порталының жұмыс істейтіні туралы хабарлайды.
Агенттікке электрондық форматта Блогқа, Веб-сайтқа келіп түсетін азаматтардың өтініштері (сұрақтары) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келмейді, яғни онда тегі, аты, әкесінің аты, азаматтардың пошталық мекен-жайы көрсетілмейді, сондай-ақ арызданушының электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) куәландырылмайды. Осыған байланысты Агенттік Төрағасының Блогы өз жұмысын тоқтатты.

Жаңа «144.kz»  арнайы порталы азаматтарға электрондық сандық қолтаңбасы бар жағдайда өз өтініштерінің уақтылы орындалуын дербес қадағалап отыру (тіркеуден жауапқа дейін) мүмкіншілігін береді.
Тіркелу және өтініш (сұрақ) беру тәртібі аталған сайттың бастапқы бетінде орналастырылған.

0
0
399

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы агенттігінің «144.kz» арнайы порталы жұмысын бастады - Yvision.kz