Мазмұнға өту
2girlfriendsmi

2girlfriendsmi

Сайтта 2014 ж. 25 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Тіл өркендемей, ел өркендемейді!

Өмір мен өлім арасында жүрген сәтте де, өз отанына адалдығын сақтаған халқымыз тілдің құрып кетпеуі үшін де күрескен. Тіл құрыса, ұлт та құриды деп түсінген дана халық ұлт үшін ең асыл қазына – тіл мен жер деп түсінді. Қазақ халқы тілін жоғалтса, ұлтынан да, жерінен де, азаттығынан да айырылады деп білген. «Тіл өркендемей, ел өркендемейді», - дейді өз жолдамасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Даңқты тұлғаларды, әлем деңгейіне белгілі болған азаматтарды тудырған бұл өлкенің жаулардан бостандығы қазақ халқының қолына оңайлықпен келген жоқ. Сырттан келген жаудың езгісіне душар болған бабаларымыз ұлы жер үшін соғыста қайсарлығы мен ерлігін көрсете білді. Ұлы даламызды – Қазақ жерін сақтап қалды. Қазақ тарихының көркем шежіресі – Қазақстан. Сонау ықылым замандардан бері ұлтының үміт-арм…

0
0
1010

Сенің ғылыми белсенділігін қандай?

Бүгінгі таңда білім саласында ғылыми жоба мен конференциялар кең таралған. Оның қоғам арасында маңыздылығы мен жеке бір кәсіптің дамуына қосар үлесі бар ма әлде уақыт талабы қажет ететін «міндет» пе? Бұл сұрақтың жауабын ғылыми жобалардың тәжірибелі қатысушысынан білген жөн болар. Асылхан Ақбота, ИнЕУ-дің 3 курс студенті 1. "Ғылыми жобалар сайысына мектеп қабырғасынан қатысып келемін. Ең алғаш ғылыми зерттеу биология ілімімен байланысты болды. Кейін нақты білімімді одан әрі толықтырып, Мәскеу қаласында өткен математика пәнінен халықаралық ғылыми жобаларға қатысқан болатынмын.Адам өмір бойы ізденіс үстінде. Ізденген адам кез-келген сұрақтың жауабын табуы мүмкін. Өз басым, бір саланы толық меңгеріп, кейін оның тигізетін маңызы зор болатынына нық сенемін. Әрине, жоба жазу өте қиын. Сондықтан…

0
0
388

Мен ғашықпын...

Мен ғашықпын сол бір мұңлы сезімге,

Өшіп жанған жүректегі өкпелеген сөзіңе.

Бар ойымды жаулап алдың сен менің,

Өткір сөзің, білгір көзің шыңдалады төзімге.

Өзге жанды қаламаймын өзіңдей,

Айтшы жаным, себебіңді кідірмей

Қарастырған парағындай өмірдің,

Келіп едің қуанышын білдірмей.

Әлсіз деген сірә болар қиындыққа төзбеген,

Бәлкім пенде жоқшылыққа көнбеген.

Қатыгез бір өмірдің көлеңкесі көрініп,

Соққы беріп, өрлесе батылдығы сөнбеген.

0
0
528

Ақ періште...

Көрген кезде, естен кетпес жүзінді,

Ақ періште елестеді, сол бір сәтте

Қызарып, бірден алып көзімді,

Серт бердім, мен өзіме, мен өзіме

Ешқашан қарамаймын мен көздеріне.

Күні бойы ойлап сені, менің жаным жалықты,

Елестеші, көз алдыма таңғажайып періште.

Саған айтқым келеді – ау, бар сырымды,

Соғады жүрек көрген кезде сені, көрген кезде.

Білесің бе? Мен туралы ойлаймысың?

Мен туралы ойлаймысың, айтамысың?

Жазамысың, мен туралы, толғауыңды,

Білмеймін, не енді ойлайтынымды.

Бірақ, сүйген жүрек, жылайды да, жырлайды,

Мына жүрек мүлде ақылға бағынбайды.

Бағынбайды да, көнбейді, көнгісі де келмейді,

Әбден мені шаршатып – ау жіберді.

Несіне? Несіне жолықтың, айтшы маған,

Сені маған кім сыйлаған? Тағдыр қосқан?

Ұмыта алмаспын, жан шырағым, өкпелеме,

Аз қалған болар уақыт менің енді күтуіме!

0
0
3759

Жас ұрпақ болашағы не болмақ

Балалар мен жас ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру үшін, қоғамда олардың адами қасиет­терінің, психологиясының мінез-құлықтары мен тұлға болып қалыптасуына кері әсер ететін факторларды шектеу қажет. Бұндай факторлардың ішіндегі ең ауыры, бүкіл дүние жүзінің елдері жүргізген ғылыми-зерттеу институттарының талай уақыт бойы жүргізген көптеген зерт­теулерінің нәтижелері көрсетіп отыр­ғандай, медиазорлық болып табылады. Сондықтан, еліміздің БАҚ туралы заңына күндіз теледидардан зорлық, зомбылық және порнография элементтерін көрсетуге тыйым салатын қосымша бір бап енгізілуі кажет. Мультфильмдерді тек балалар ғана емес, ата-аналары да сүйіп қарайды. Бірақ жас ерекшеліктерінің айырмашылығы туралы естен шығармауымыз қажет. Көріп отырған мультфильмдердің мазмұнында жақсылық әрқашан д…

0
0
330

Мультфильмдермен әлі де күресіп келеміз...

Шетел мультфильмдеріне жол бермейік!!! Қазіргі таңда шетел мультфильмдерін көрмейтін бала жоқ. Жағымсыз көріністер мен түсініксіз кейіпкерлер баланың тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мамандардың аздығы ма? Қаржының жеткіліксіздігі ме? Қалайша өзекті мәселелер ата–аналарды, үкіметті, көпшілікті толғандырмайды? Неге біздің арналарымызда қазақтың нағыз дүниетанымын, салт-дәстүрлерін танытатын ертегілерді жаңаша, қызықты қалыпқа салып көрсетпеске?! Неге біздің индустриямызда батырлар кейпі, ғашықтардың пәк , таза махаббаттары жайлы көріністері жоқтың қасы. Қазақтың Ертөстік, Алпамыс, Бөгембай, Қабанбай, Қалқаман, Жасыбай, Қобыланды, Махамбеттер нағыз батырлардың елін қорғау үшін жасаған ерліктері, Ләйлә-Мәжнүн, Баян- Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік-Кебек сынды қос аққуларымыз…

0
0
207

Алдағы сынақтан сүрінбей өту...

Көктемнің шуақты күндерімен қоштасып, жаздың шырайлы күндерінің келуімен қатар жоғары сынып оқушылары, мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өтеді. Санаулы күндер кез-келген түлектің бойында қорқыныш сезімін тудырып, денсаулыққа кері әсерін тигізері анық. Сынақтан өту – адам өміріндегі ең маңызды шарттардың бірі болып табылады. Осыған орай, бүгінде мәселенің түп негізін шешуде бірнеше амалдар қарастырылып, қиындыққа төтеп беру жолдарына назар салсақ болғаны. Берик Айтбаев, Инновациялық Еуразия универсиетінің психологы, кәсіби бағдарлау және қабылдау орталығының директоры жоғары сынып оқушыларына арнайы психологиялық тұрғыдағы дәрістер оқып, сынаққа деген көзқарастарын оңтайлы етуге жағдай жасайды. Эмоциямен күресу жолдары: - Өзіңмен өзің оңаша қалған кезіңде жастықты ұру немесе құр…

3
0
819

Адам болам десеңіз

Адам болу – адамгершілік қасиеттің баршылығында. Адам бойына дарыған жақсы қасиеттерді, жағымды қылықтарды, ойының алғырлығын кез-келген пенде үлгі тұтады. Дегенмен, қоғам мен адам байланысы біркелкі тәрбиелі бола бермейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелік мәні терең қолданыс пен құбылыста тәрбиелеуіміз керек. «Әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейіпі, оның денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады» - деген данышпан Әл-Фарабинің нақылын біле жүргеніміз жөн болар. Рухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер мен өлеңдер адамгерші…

2
0
12234

Ауызға тыйым салу...

Соңғы жылдары қоғамдық жерлердегі тәртіп қатаң қадағаланып, шылым шегіп, шемішке шағуға тыйым салынған болатын. Аталмыш заң қоғамдағы мәдениеттің артуына септігін тигізері анық, дегенмен әдепке мойынсұнбай жүрген азаматтарымыз жүрген жерінде түкіруді де қоймайды... Кәрі-жастың барлығы асыға күтетін жаздың уақыты жақындап келеді. Саябақ пен мәдениет орталықтары, қоғамдық орындарда көпшілік серуендеп, таза да сәулетті жерлермен тамсануды көздейді. Жылдың қай мезгілі болмасын адам баласы адамға зиян келтірмеуі тиіс. Жақында кітапханадан қайтып келе жатып, жол бойында өзіммен шамалас жастарға көзім түсті. Сыртқы келбеті жарасымды,сәннің соңғы үлгісі бойынша киінген азамат достарының арасында әңгіме-думан құрып келе жатқаны бірден байқалды. Алыстан байқаған ер азаматтар дәл алдымнан шыққан уақ…

2
0
442