Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тіл өркендемей, ел өркендемейді!

Өмір мен өлім арасында жүрген сәтте де, өз отанына адалдығын сақтаған халқымыз тілдің құрып кетпеуі үшін де күрескен. Тіл құрыса, ұлт та құриды деп түсінген дана халық ұлт үшін ең асыл қазына – тіл мен жер деп түсінді.

Қазақ халқы тілін жоғалтса, ұлтынан да, жерінен де, азаттығынан да айырылады деп білген. «Тіл өркендемей, ел өркендемейді», - дейді өз жолдамасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Даңқты тұлғаларды, әлем деңгейіне белгілі болған азаматтарды тудырған бұл өлкенің жаулардан бостандығы қазақ халқының қолына оңайлықпен келген жоқ. Сырттан келген жаудың езгісіне душар болған бабаларымыз ұлы жер үшін соғыста қайсарлығы мен ерлігін көрсете білді. Ұлы даламызды – Қазақ жерін сақтап қалды. Қазақ тарихының көркем шежіресі – Қазақстан. Сонау ықылым замандардан бері ұлтының үміт-арманы мен рухы, адамгершілік пен ізгілік, өрлік пен ерлік сақталып келген осы асыл мұра – туған жер.

Бүгінде қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері қоныс тепкен мемлекетіміздің ұлан-байтақ өңірі – қазақ халқы ұлт болып қалыптасқан, өркениеті дамыған мемлекет. Қазіргі заманда елу белсенді елдің қатарына ену мемлекетіміздің алға қойылған жоспары. Мемлекеттің негізгі қозғаушы күші – халық. Қазақ елінің болашағы мен құнды мұралары халық қолында.

0
0
1012

Осы тақырып бойынша

Тіл өркендемей, ел өркендемейді! - Yvision.kz