Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола полицейлері 350 есірткі препараты ампуласын тәркіледі.

Ақмола полицейлері 350 есірткі препараты ампуласын тәркіледі. «BNews.kz», 20.05.2014ж.
Ақмола облысында «Допинг» арнайы операциясын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 347 есірткі ампуласын, 107 психотропты препараттар ампуласын және 365 тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі. Бұл туралы BNews.kz тілшісінен ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Допинг» операциясы 13-16 мамыр аралығында Ақмола өңірі аумағында өткізілді. Бұл кезеңде полицейлер бірқатар емдеу-профилактикалық мекемелерін, өнеркәсіп кәсіпорындарын, прекурсорлар сақтайтын қоймалар мен дәріханаларды тексерді».

«Аршалы ауданында ҚР ҚК 265-бабы 1-бөлімінде ескерілген қылмыс анықталды (есірткі, психотропты немесе улы заттарды тұтыну ережелерінің бұзылуы). Емдеу мекемелерінің қызметкерлері есірткі промедонын есепке алу ережелерін бұзған». Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек, ҚР ӘҚК 257 – 2-бабы 1-бөлімі бойынша 2 дерек анықталған (лицензиялаудың біліктілік ережелері мен нормаларының бұзылуы)», - дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Сонымен қатар, «Допинг» операциясы аясында полицейлер жастар демалатын орындарда есірткі және шөптен жасалған шылым қоспаларын анықтаған. «ҚР ҚК 259-бабы бойынша 5 қылмыстық іс (есірткі немесе психотропты заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату), ҚР ҚК 262-бабы бойынша 1 қылмыстық іс (құрамында есірткі заттары бар, өңдеуге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіруге) қозғалды, 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 300 грамнан астам героин тәркіленді», - дейді департамент қызметкерлері.

0
0
275

Осы тақырып бойынша

Ақмола полицейлері 350 есірткі препараты ампуласын тәркіледі. - Yvision.kz