Алматыда таэквондодан өтетін «Федерация кубогы» жаңа форматта ұйымдастырылады
Алматыда 11 маусым күні таэквондодан өтетін «Федерация кубогы» жаңа форматта ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның таэквандо федерациясының президенті Вячеслав Ким мәлімдеді. Оның айтуынша, «Федерация кубогы» — бұл аты өзгертілген бұрынғы Қазақстан кубогы турнирі. «Біз бұл жарысқа ерекше дайындықпен келдік. Осы турнирден кейін таэквандодан ұлттық құрама команданың құрамы біршама жаңаратын болады. Өйткені аталмыш турнир республикалық мәртебеге ие. Енді еліміздің бас командасына ену үшін спортшылар Қазақстан чемпионатына, Бүкіләлемдік Гран-при сериясына және осы «Федерация кубогына» қатысып, жүлделі орындардан көрінулері тиіс. Біздің басты көздеп отырған мақсатымыз — таэквондодан ұлттық құрама командаға тек мықтыларды ғана қабылдау», — д…



