Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда ауыр атлетикадан өтетін ӘЧ-да бізді тартысты ойындар күтіп тұр — Аттила Адамфи

5-8 маусымда IWF бас директоры Аттила Адамфидің басшылығымен Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сарапшылары Қазақстан ауыр атлетика федерациясының және Алматы қаласының әлем чемпионатын өткізуге деген әзірлігіне техникалық инспекция жүргізді, деп хабарлайды ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. Чемпионат Алматы қаласында 4-16 қараша аралығында өтеді. Турнирдің ерекшелігі — 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойындарға лицензиялық дода болуында. Осы себепті жарысқа әлемнің 500-ден астам спортшысы қатысады. «Қазақстан әлемде ауыр атлетика бойынша көшбасшылардың бірі саналады. Лондонда өткен олимпиялық ойында бұған көзіміз жетті. Қазақстандық федерация Жанат Түсіпбековтың басшылығымен жігерлі, кәсіби ұйымдастыру комитетін құрды. Сондықтан чемпионат жоғары деңгейде…

0
0
488

Қызылордалық гимнастшылар 12 жүлде жеңіп алды

Жамбыл облысында көркем гимнастикадан өткен ашық чемпионатта Сыр елінің гимнастшылары 5 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен оралды, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Аталмыш біріншілікке Алматы қаласы, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 200-ге жуық гимнастшылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жекелей көріністе Құралай Сапар, Гүлден Бердібек (екеуі де 2006 ж.), Дана Садықова (2004 ж.), Мәриям Тұрғанбай (2007 ж.) бас жүлдені жеңіп алды. Ал топтық көріністе 2004-2005 жылы туған спортшылардың мерейі үстем болды. Жекелей көріністен Айжан Қуандықова (2003 ж.), Ольга Тян, Динара Шамсудин (екеуі де 2007 ж.) және 2001-2002 жылы туылған спортшылар топтық жаттығудан күміс жүлден…

0
0
278

«Милан» ФК-ның бас бапкері ауысты

Филиппо Индзаги «Милан» итальяндық футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, ол Кларенс Зеедорфтың орнын басты.

Индзаги «Миланмен» 2016 жылғы маусымға дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлады итальяндық команданың баспасөз қызметінен.

Зеедорф «Миланның» бас бапкері болып биылғы қаңтарда тағайындалған. Онымен келісімшарт 2016 жылдың маусымына дейін жасалған болатын.

Оның алдында клубты дағдарыстар алып шығу міндеті қойылған еді, «Милан» клубы маусымының басынан-ақ ашық түрде құлдырап кетті. Бұрын бас бапкер ретінде тәжірибесі жоқ Зеедорф клубты бұдан алып шыға алмады.

Айта кетейік, Индзаги «Миланның» жасөспірімдер командасының бірін басқарған еді, ал бір жылдан соң клубтың жастар командасының бапкері атанды.

 
Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
262

Жанкүйерлер Әлем чемпионатының ең үздік футболшысын Twitter арқылы таңдайды

Жанкүйерлер Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ең үздік футболшысын Twitter арқылы таңдайды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Twitter-де дауыс беру ӘЧ-2010-мен салыстырғанда дауыс берушілердің санын көбейтеді деп күтілуде. Себебі  2010 жылы ОАР жерінде өткен әлем чемпионатында дауыс беру Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) сайтында ғана жүргізілген болатын.

Еске сала кетейік, Бразилиядағы әлем чемпионаты 12 маусым — 13 шілде аралығында өтеді.

Әлем чемпионатының үздік футболшылары:

ӘЧ-1982 - Паоло Росси (Италия);
ӘЧ-1986 - Диего Марадона (Аргентина);
ӘЧ-1990 - Сальваторе Скиллачи (Италия);
ӘЧ-1994 - Ромарио (Бразилия);
ӘЧ-1998 - Роналдо (Бразилия);
ӘЧ-2002 - Оливер Кан (Германия);
ӘЧ-2006 - Зинедин Зидан (Франция);
ӘЧ-2010 - Диего Форлан (Уругвай).

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
209

Сәпиевтің үшінші қызы дүниеге келді, ал Дычко үйленді

Қазақстандық боксшылардың шаңырағында үлкен қуаныш. Бүгін Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің отбасында үшінші қыз дүниеге келді. Спортшының отбасы әзірше сәбидің есімін атаған жоқ, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Сонымен қатар, ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко шаңырақ құрды. Ол Марина есімді қызды өмірлік жары етіп таңдаған. Спортшы той аяқталысымен шетелде өтетін оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
508

Ақтөбеде «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден 200 млн теңге өндірілді.

Ақтөбеде «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден 200 млн теңге өндірілді. «BNews.kz», 10.06.2014ж. Ақтөбенің жол сақшылары «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден мемлекетке 200 миллион теңге өндірді. Жыл басында Ақтөбе облыстық ІІД жылжымалы кешен сатып алған болатын. Оның көмегімен көшеде кетіп бара жатқан кез-келген күдікті көлік пен жүргізуші туралы ақпарат алуға болады. Тіпті, қаптаған көлік нөпірінің ішінен жалған мемлекеттік нөмір тағып алғандарды да дөп табады. «Соңғы бес ай ішінде «Автоураган-П» жылжымалы кешенінің көмегімен 3309 көлік жүргізушісі тексерілді. 9 жүргізушінің темір тұлпарына жалған мемлекеттік нөмір тағып алғаны, 35 жүргізушінің куәлігінен айрылып қалса да, көлік тізгіндеп жүргендігі анықталды. Ал 2 жүргізуші жалған құжаттармен ұсталды»,-дейді А…

0
0
228

Намаз оқу тәртібі

Намаз оқу тәртібі Бисмилләхир-Рахманир-Рахийм Екі рәкәғат парыз, сүннет және нәпіл намаздарының оқылуы 1. Жүзімізді құбылаға қаратып екі ракағат парыз (сүннет, нәпіл) намазын өтеуге ниет етіп, «Аллаху әкбар» деп құлақ қағып қол байлап, мына дұғаны оқимыз: «Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук» 2. Содан соң «Аузу-бәсмәлә»-ні іштей , Фатиха сүресі мен бір қысқа сүрені парыз намазында дауыстап, сүннет немесе нәпіл намаздарында іштей оқимыз... «Әуузу билләәхи минәш шайтаанир ражийм, Бисмилләхир Рахманир Рахийм» Фатиха сүресі. Бисмилләәхир- Рахманир- Рахийм! Әлхамду лилләәхи раббил ьааламийн, Әррахмәәнир Рахийм... Мәәлики иәумиддийн. Ий-йәәкә нәьбуду уә ий-йәәкә нәстәьийн. Ихдинәс сиратал мустақийм. Сираатал ләзийнә әньамтә ьаләйхим ғайрил…

1
2
129178

Сот медиациясы іске асуда

Азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізу жөніндегі пилоттық жобаға сәйкес Павлодар қалалық соты С-ның З-дан ақшалай қаражатты өндіру туралы азаматтық істі қарады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/sot-mediaciyasy-iske-asuda

0
0
396

Ағаш отырғызған дұрыс

Өзінің мерейтойын тойлау қарсаңында қаржы полициясы «20 игі іс» акциясын жүзеге асырды.
Халық даналары айтқандай «келесі ұрпақтың денсаулығы үшін еңбек сіңіргін келсе – ағаш отырғыз».
Акцияның өту барысында қаржы полициясының офицерлері республика бойынша ағаш пен гүл, яғни қайың, қылқан жапырақты ағаш, қарағай, шырша, сонымен қатар раушан гүлдерін отырғызып аймақтарды көгалдандыруда өз үлесін қосты.
Жалпы акция барысында қаржы полицейлері 600 ағаш пен 100 раушан гүлдерін отырғызды.

0
0
366