Алматыда таэквондодан өтетін «Федерация кубогы» жаңа форматта ұйымдастырылады
Оның айтуынша, «Федерация кубогы» — бұл аты өзгертілген бұрынғы Қазақстан кубогы турнирі.
«Біз бұл жарысқа ерекше дайындықпен келдік. Осы турнирден кейін таэквандодан ұлттық құрама команданың құрамы біршама жаңаратын болады. Өйткені аталмыш турнир республикалық мәртебеге ие. Енді еліміздің бас командасына ену үшін спортшылар Қазақстан чемпионатына, Бүкіләлемдік Гран-при сериясына және осы «Федерация кубогына» қатысып, жүлделі орындардан көрінулері тиіс. Біздің басты көздеп отырған мақсатымыз — таэквондодан ұлттық құрама командаға тек мықтыларды ғана қабылдау», — деді өз сөзінде Вячеслав Ким.
Естеріңізге сала кетейік, ертең басталатын «Федерация кубогына» еліміздің түкпір-түкпірінен 250 астам таэквандошылар келеді деп күтілуде. Бұл республикалық турнирге барлығы 16 команда қатыспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш спорттық шара алдағы 28-31 тамызда Астана қаласында өтетін таэквондодан Бүкіләлемдік Гран-при сериясы алдындағы дайындық іспеттес болмақ.
Тағы бір айта кететін жәйт, турнирде тұңғыш рет Дүниежүзілік таэквондо федерациясы сертификаттаған жаңа сегіз бұрыштық доянг, яғни сайыс өткізетін алаң қолданылады.

