Мемлекеттік тілді білу – әр азаматтың міндеті!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді, - деп айтылған болатын. Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті. Гүлнар ДЕМЕСИНОВА «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының №2 бөлімінің басшысы
